Атырау, 6 мамыр 20:22
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"9-қыркүйекте Мәсімов Назарбаевтан таяқ жейді", "Дидар Амантай. "Мұқтар Мағауин – ұлы жазушы" немесе Рақымжан Отарбаевтың бес қателікке ұрынған ызаға толы пафосы", "Дос Көшім: ұлттық мемлекет ретінде дамуымызға екі үлкен топ кедергі келтіріп отыр"

2 593 просмотра

AZATTYQ.ORG. "«Тегін» палау немесе Каримовті жоқтаудың ауыртпалығы" - Ислам Каримовтің қазасынан кейін өзбектер көзі тірісінде елді темірдей уысында ұстаған президенттерін еске алып, құран оқыды. Бірақ «құдайы тамақ» аталатын бұл шараны өткізудің салмағы орта тап өкілдері мен кәсіпорындарға түскен.

ZHASALASH.KZ. "«ҚДТ-ның пайда болуы қорқынышты құбылыс емес»" - Алтынбек Сәрсенбайұлының 2001 жылы “Таң" телеарнасына берген сұхбаты.

"НАЗ-51" - Одақ құлағанша ес бiлiп, етек жауып үлгергендер ГАЗ-51 деген жүк көлiгiн жақсы бiлуi тиiс. Жарықтық, пыртылдап тоқтамайтын едi ғой. Одан кейiн шыққан ГАЗ-53 пен ЗИЛ өкiре ышқынып, батпаққа батып жатқанда ГАЗ-51 тасбақа аяңмен қасынан өте шығатын. Осы қасиетiнен шығар, ғұмыры да ұзақ болды. Қазақстанға Қытайдан 51 компания көшiрi­ледi екен деген ақпарды естiгенде, ойымызға осы автокөлiктiң сап ете қалғаны. Бiрақ оған неге “НАЗ" деген сөздi тiркегенiмiздi әзiрге құпия ұстай тұрамыз. Сiз оны мақаланың бiр жерiнен (әлде екi-үш жерiнен) тауып қалуыңыз әбден мүмкiн.

"«Мажор» әуенiндегi «mood»" - 1-сыныптың жаңартылған мазмұндағы оқулықтарын көру мақсатымен кеше таңертең Алматыдағы бiлiм ұяларының бiрiне бас сұқтық. Үлкен сыныптардың сабағы әлдеқашан басталып кеткен. Аулада мектеп табалдырығын биыл аттаған бүлдiршiндер мен олардың ата-аналары ғана тұр. Қанша бала болса, сонша ересек адам. Бәрiнiң қолында – тыңқиған бiр-бiр сөмке. Зiлдей бәленi бiр жапырақ балаға көтертуге обалсынып, ешқайсысы кетер емес. Таңертеңгi жаттығудан кейiн, сынып жетекшiлерi “ал, ендi iшке кiремiз" деп, балаларды сапқа тұрғыза бастағанда ғана сөмкелерiн балапандардың арқаларына асып берiп, әркiм өз жөнiне кеттi. Бiз балақайлармен бiрге iшке кiрдiк.

365INFO.KZ. "9-қыркүйекте Мәсімов Назарбаевтан таяқ жейді" - Президент үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді. Министрлер кабинетінің оңбай „таяқ жейтіні„ анық.

"Әлем чемпионатына шығара алмаса, футболшыларымыз неге айына 70 мың доллар алады?" - Қазақстандық футболшылардың алды 70 мың, аяғы 20 мың доллар айлық алады. Соған қарамастан, ұлттық құрамамыздың әлем чемпионатына жолдама алуы әлі де арман болып отыр. Ия, өте өкінішті!

ABAI.KZ. "Дидар Амантай. "Мұқтар Мағауин – ұлы жазушы" немесе Рақымжан Отарбаевтың бес қателікке ұрынған ызаға толы пафосы" - Сұқбат беруші автордың оңды-солды сілтеген ауыр шоқпарынан қазақ әдебиетінің шаңырағы шайқалып кеткендей екен.

"Өзбек мигрантының махаббаты" - Өзбекстанның президенті қайтыс болған соң, Ислам Кәрімовті ұлықтайтындар тым көбейіп кетті. Әлеуметтік желідегі отандастарымыздың өзі Ислам «әкәні» жер көкке сыйғызбай мақтап, «тірінің аманы, өлінің жаманы жоқтығын» дәлелдеп тастады. Осы бір қазаны еліміздегі өзбек мигранттары қалай қабылдады?. Алматы облысындағы Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының жерінде көкеніс егіп, күнелтіп жүрген мигранттармен тілдескен едік. Өзбектер басқаны білмесе де, саясатқа жүйрік көрінеді.

QAMSHY.KZ. "Жер дауына қалған «бәтуа» компаниясы «заң бұзбадық» деп отыр" - Естеріңізде болса, Үкімет жанындағы жер комиссиясының кезекті бір отырысында Айдын Егеубаев атты белсенді Шығыс Қазақстан облысы аумағында ауыл шаруашылығы мақсаттағы жер учаскелерінің қытайлық компанияға жалға берілгендігін айтып, мәлімдеме жасаған. А. Егеубаевтің ол мәлімдемесі кейін үлкен дауға ұласып, бұрын ШҚО-ны басқарған шенеунік Бердібек Сапарбаевтың белсендіні сотқа беруіне ұласты. Сондай-ақ, Жер комиссиясы тарапынан ШҚО-ға арнайы тексеру тобы жіберіліп, кейбір компаниялар Үкіметтен жер ғана алып қоймай, арнайы субсидиялар да иеленіп келгенін анықтаған болатын. Ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде, ел арасында кең талқыланып жатқан осы даулы мәселеге қатысты «Бәтуа» ЖШС редакциямызға жауап хат жолдапты. Төменде сол хат мәтінін толық нұсқада ұсынып отырмыз.

KORRESPONDENT.KZ. "99 мың шенеуніктен 99 қайыр болсайшы..." - Бұл күні Қазақстанда 99 мыңға жуық адам – мемлекеттің қызметінде. Соның 98 464-і әкімшілік жұмыста екен. Соның 500 жүздейі «А» корпусы деген басқарушы лауазым иесі болса, қалғаны – «Б» корпусындағы атқарушы биліктің «байталына» мінгескендер. Олай дейтініміз, қанша қамшы басса да, біздің тірлік тұлпардан еш оза алмай келеді.

ULT.KZ. "Дос Көшім: ұлттық мемлекет ретінде дамуымызға екі үлкен топ кедергі келтіріп отыр" - Жақында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты жоба аясында Қазақстан халқы Ассамблясының ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Дос Көшім Орал қаласында жұмыс сарапымен болды. Сонда орайы келгенде сұхбатқа тартып, мемлекеттік тіл ахуалы жөнінде бірнеше сауал қоюға мүмкіндік алдық.

8 қыркүйек 2016, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.