Атырау, 6 мамыр 20:30
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Орта білім сапасы қандай?" , "Жазушылардың ұйымы – балықшылардың, не болмаса бал арасын өсiрушiлердiң ұйымы емес!", "Аза тұтып болды. Енді Өзбекстанды кім басқарып отыр?", "Қазақстанға Қытайдан көшірілетін 51 кәсіпорын бізге не береді?"

2 290 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Орта білім сапасы қандай?" - AzattyqLIVE хабарында орта мектептегі білім жайы талқылады. Студия сарапшысы – республикалық «Қазбілім» орталығы директоры Аятжан Ахметжан.

"«Жатақханаға алдап кіргізіп, күштеп шығарғалы жатыр»" - Сот шешімімен жатақханадан шығарылмақ тұрғындар баспасөз мәслихатын өткізіп, Астана әкімдігінен көмек сұрады. Саяжайдағы жерлері мен үйлерін мемлекет қажетіне алған әкімдік оларды құрылысы бітпеген жатақханаға орналастырған. Ал қоғам белсендісі қалалық әкімдіктің оларды «әуел баста алдап кеткенін» айтады.

"Қырым қазақстандық оқулықтарда енді «Ресей субъектісі» емес" - «Мектеп» баспасы Ресей аннексиялап алған Қырым жайлы былтырғы даулы мәліметін түзеткен. Бұған разы Украина тарабы Шевченконың да оқулыққа енгеніне қуанады.

ZHASALASH.KZ. "Қырғыз обудсменi Кубат Оторбаев: “Қордай" бекетiндегi былық-шылық" - Қырғызстанның обудсменi Кубат Оторбаев осы елдiң президентi Алмазбек Атамбаевтың атына қырғыз-қазақ шекарасындағы жан түр­шiгерлiк жағдай туралы жазып, хат жiбердi, – деп жазады. Zanoza.org.

"Жазушылардың ұйымы – балықшылардың, не болмаса бал арасын өсiрушiлердiң ұйымы емес!" - “Жазушылар ұйымы", “Жазушылар одағы" дегенiмiз қандай ұйым? Бұл кiмдердiң ұйымы? Бұл ұйымға кiмдер мүше бола алады? Бұл ұйымның өзге ұйымдардан өзiндiк ерекшелiгi неде?

365INFO.KZ. "Аза тұтып болды. Енді Өзбекстанды кім басқарып отыр?" - Өзбекстан өзінің тұңғыш президенті Ислам Кәрімовпен қоштасты. Өзбек және ислам дәстүрлеріне сай, оны өзінің отаны Самарқандқа жеткізіп, Шахи-Зинда тарихи кешеніне жерледі. Өзбекстан басшысын соңғы сапарға 17 елден келген делегация шығарып салды. Ресей делегациясын премьер-министр Дмитрий Медведев (президент Владимир Путин Владивостокта форумда болды) басқарып келді. Көршілес Тәжікстан мен Түркіменстан республикаларынан ел президенттері — тиісінше, Эмомали Рахмонов пен Гурбангулы Бердымухамедов келді. Қазақстан мен Қырғызстан атынан қоштасу рәсіміне премьер-министрлер Кәрім Мәсімов және Сооронбай Жээнбеков қатысты.

"Енді талас басталды! Өзбектің келесі патшасы кім болады?" - Ислам Кәрімов енді тарихқа айналды. Ал тірі адам тіршілігін жасамай ма? Оның орнына кім келеді екен? Еg.ru порталы «таққа төрт үміткер таласуы мүмкін» деп болжапты.

ABAI.KZ. "Қытай компаниялары жайлы деректер «мемқұпияға» айналмауы керек" - Жер дауы мораторийден кейін сәл де болса саябырсыды? Десек те, бабалардың қанымен қорғалған атамекеніміз қазір кімдердің қолында екені әлі күнге айтылған жоқ. Жер комиссиясы мүшелері бұл сұрақты билікке неше мәрте қойғанымен, шенділер меншік туралы заңға сүйеніп, жабулы қазанды жабулы күйінде қалдырып отыр. Бүкіл қазақ халқының игілігіне айналуы тиіс жерді түрлі жолмен игеріп, қожайын болған азаматтар жайлы ақпарат бүгінде мемлекеттік құпия деңгейінде сақталып, жарияланбай отыруы неліктен?

"Р. Отарбаев: "Нұржекеевтен басқа қарсыластарым халтуршиктер"" - Мен жастайымнан сый-құрметке бөленген азаматпын. Ел мені еркелетіп өсірді. «Махамбет сыйлығының лауреаты», «Халықаралық Айтматов академиясының академигі», «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері» сияқты атақтардың барлығын бір басыма теліп қойды, тіпті Атырау облысында менің атыммен аталатын «Рақымжан» деген көл бар. Енді мен алмаған сыйлықтың соңғысы осы ма деп ойлаймын.

KORRESPONDENT.KZ. "Қазақ тілін «итпен» іздеп жүрмейік" - Білім саласында асығыстықтар саны жыл өткен сайын артып келеді. Апта сайынғы ұсынылып жатқан өзгерістер, күн сайын пайда болатын бітпейтін жаңа бағдарламалар... Несін айтасыз, 2016-2017 оқу жылынан бастап елімізде бірінші сынып оқушылары үш тілде білім алуды бастайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Алматыда өткен «Ғылым және бизнес» халықаралық форумында айтқан болатын. Әзірге мектеп бағдарламасы түзіле қоймағандықтан, бұл бағдарламаның қаншалықты қолданысқа енгені беймәлім. Әйткенмен, егер жоба сәтті басталса, екінші, бесінші, жетінші сынып оқушылары жаңа бағдарламаға көшеді. Яғни пәндер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады.

"Жетімдер есейгісі келмейді" - Жыл сайын республика бойынша жүздеген жеткіншек жетімдер үйіндегі қоңырқай тіршілікті артқа тас-тап, үлкен өмірге қанат қағады. Оның ішінде ата-анасы жоқ тұл жетім балалармен қатар әлеуметтік жетімдер де бар. Жалпы, еліміздегі мемлекет қамқорлығына алынған бүкіл баланың 80-85 пайызы – осы санаттағы балдырғандар. Бұл термин таныс болмаса, анықтама бере өтейік. Әлеуметтік жетімдік – ата-анасы бола тұра түрлі әлеуметтік себептермен мемлекет қамқорлығына алынған балалардың жай-күйі. Талай-талай әңгіменің өзегіне айналып, қазіргі таңдағы аса күрделі проблема саналғанымен, әке-шешесінен тірідей ажырап қалған балалар саны жыл санап көбеймесе, азаймай отыр.

QAMSHY.KZ. "Қазақстанға Қытайдан көшірілетін 51 кәсіпорын бізге не береді?" - Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарында индустрияландыру мен инвестиция салаларындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асып жатқан қазақстандық-қытайлық жобаларға қатысты негативті жарияланымдар шыға бастады. Осыған орай Қазақстанның Инвестиция және даму министрлігі екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық аясындағы бірлескен жобалар туралы кеңейтілген мәліметтер ұсынады.

TURKYSTAN.KZ. "Шавкат Мирзияев: Ресеймен стратегиялық әріптестік нығая түседі" - Өзбекстанның премьер-министрі Шавкат Мирзияев 6 қыркүйекте Самарқанда Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу кезінде Өзбекстанның Ресеймен қарым-қатынасы дегеніміз не: «болды, бар және стратегиялық әріптес бола береді» деді.

DALANEWS.KZ. "Тәуелсіздік және отанына оралғандар" - Қазақстан Республикасы өз билігін қолына алып, Тәуелсіздік жариялағалы бері 25 жылдың ішінде елімізге алыс-жақын шетелдерден 1 миллионға жуық қандасымыз оралды. Олардың ішінде елге келген соң талантымен айрықша танылып, қазақ өнерінің көкжиегін кеңейткендер көп.


7 қыркүйек 2016, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.