Атырау, 7 мамыр 03:56
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

"Бiр күндiк қонақ емес", "Жаңалық көп, ал «жаңашылдар» кiмдер?..", "Қуаныш Cұлтанов. "Mемлекет болмағанбыз"", "Сағынтаев Мәсімовтің орнын басып, сенатқа Дариға Назарбаева баруы мүмкін", "Шетелдегі қандастар құрбан айтты қалай қарсы алады?"

2 216 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Бiр күндiк қонақ емес" - Қытайда өткен G-20 саммитiне Си Цзиньпиннiң шақыртуымен барған қазақ президент Н.Назарбаев сапарын билiкке кiндiктерi байлаулы ақпарат құралдары мен сарапшылар көкке көтерiп мақтап тауыса алмай жатыр. Сөздерiне илана тыңдасаң, саммитке келген көп басшы бiздiң президентпен амандасып, ақыл, кеңес сұрағандарына мәз секiлдi. Әсiресе, Қытай жетек­шiсi Си Цзиньпиннiң қуанышында шек жоқтай. Көршiмiздiң бар шаруасын президентiмiз оңай шешiп тастағандай.

"Жаңалық көп, ал «жаңашылдар» кiмдер?.." - 12 жылдық бiлiм жүйесiне көшу мақсатындағы жаңа стандарттарды елiмiздегi барлық мектептерге 1-сыныптан енгiзу шаралары жаппай басталып кеттi. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған шәкiрттер ендi бiрыңғай базалық оқулықтар бойынша бiлiм алады.

"Өмiр мен өлiм" - Өткен сенбiде елдi 27 жыл бойы билеген Ислам Каримов туған қаласы Самарқандағы Шахи-Зинда кесенесiне жерлендi. Саналы ғұмырының бiр бөлiгiн коммунистiк билiк басында өткiзген тұлға өзiн Мұхаммед пайғамбардың исламды Орталық Азияға таратқан жақын туысымен байланыстырылатын тарихи мавзолейге жерлеудi тапсырыпты. Өзбек тарихындағы ең айтулы тұлғалардың сүйегi жатқан жерден Ислам Каримовтың анасы мен бауырлары да мәңгiлiк қоныс тапқан.

AZATTYQ.ORG. "«Каримовтың Өзбекстаны» туралы естеліктер" - Өзбекстанның марқұм болған президенті Ислам Каримов туралы өткен аптада көп нәрсе айтылды, әлі де айтыла бермек. Өзбекстандағы мемлекеттік БАҚ Каримовтың ұзақ жылдар бойы қол жеткізген жетістіктерін тізбелейді, соңғы уақытта мұндай хикаялар тіпті көп хабарланып жатыр.

"Пәтерінен шығарылуы тиіс ерлі-зайыпты өздеріне қол салмақ болды" - Мүгедек қызын емдету үшін банктен несие алып, оны өтей алмаған шымкенттік ерлі-зайыпты тамыздың соңында өздеріне қол салуға әрекеттенді. Ал сот орындаушылары баспанадан шығару жұмысын заң шеңберінде жүргізіп жатқандарын айтады.

365INFO.KZ. "«Қытайдан емес, қазақтың жемқорларынан қорқу керек» — кәсіпкер" - Кәсіпкер Қуаныш Егімбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Қытай мен оған қатысты фобиялар турасында өз ой-пікірімен бөлісіпті. Автордың пікірінше, халыққа Қытайдан емес, Қазақстанның жемқорланған шенеуніктерінен қорқу керек.

KORRESPONDENT.KZ. "Жатжұртта жүрген қандастардың тағдыры алаңдата бастады" - Бір кездері тағдырдың жазуымен төрткүл дүниенің түкпір-түкпіріне тарыдай шашылған қандастарымыздың біраз бөлігі тәуелсіздік алғаннан кейін елге оралды. Шынын айту керек, сыртта жүрген қандастардың саны туралы нақты мәлімет жоқ. Кейбір дерек көздері шетте жүрген қазақтардың санын 3,5 миллион деп көрсетсе, тағы бірінде 5 миллионнан астам делінеді.

ABAI.KZ. "Қуаныш Cұлтанов. "Mемлекет болмағанбыз"" - «Біз осы тәуелсіздік алғаннан кейін, 92 жылдың 3 қаңтарында екі ел арасында депиломатиялық қарым қатынас туралы келіссөзге қол жеткізілді. Сол күннен бастап, жаңа тарих, жаңа кезең басталды. Бұрын-соңды болмаған терезесі тең дәрежедегі біз депиломатиялық қарым-қатынас жүргіздік қытаймен. Әрине, Қытай өзі дәстүрлі халық, дәстүріне көп сүйенеді, тарихына көп сүйенеді. Бұрын-соңды ешқашан олар Қазақстанды мемлекет деп мойындаған емес. Кезіндегі шегара бөлістердің барлығы – 1880 жылғы, 1860 жылғы шегара бөлістері Қытай мен Ресейдің арасында болған. Біздің қазақтың жерін бөлгенде қазақ қатынаспаған. Неге қатынаспаған? Мемлекет болмағанбыз. Біз Ресейдің құрамында болғанбыз. Осыны біз қадірлей білуіміз керек! Осыны біз бағалай білуіміз керек!! Міне, біз тәуелсіздікке қол жеткеннен кейінгі бұл жаңа көрсеткіш...»

"Бақтықожаның келіні қайыр сұрап жүр" - ҚР Парламенті Мәжілісінің егде тартқан депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетовтың бұрынғы келіні көшеде қайыр сұрап жүр. Өзінің осындай халін әлеуметтік желіде жария еткен ол депутаттың баласы алимент төлемей, қашып жүргенін жазады.

TURKYSTAN.KZ. "Еліміздегі 4 балалар колониясына қылмыскерлер сыймай барады" - Калифорниялық мұғалімдер жаңа оқу жылын жаңа ережемен қарсы алды. Бұдан былай АҚШ-тың Калифорния штатындағы мектеп қызметкерлері өздерімен қару алып жүруге құқылы. Бұл қауіпті жағдай кезінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің амалы дейді ереже авторлары. Суық қарудың қолжетімділігі қауіпсіздікке кепіл бола ала ма?

QAMSHY.KZ. "Сағынтаев Мәсімовтің орнын басып, сенатқа Дариға Назарбаева баруы мүмкін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 9 қыркүйек күні Үкіметтің кеңейтілген жиынын өткізетінін мәлімдеді. Парламент сессиясының 1 қыркүйектегі ашылуында президент халық табысын арттыру жөніндегі ұсыныстарымен сол үкімет жиынында бөлісетінін айтқан еді.

AIKYN.KZ. "Жаһандық орталық әлемді құтқара ма?" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен G20 саммитіне арнайы қонақ ретінде барып, алпауыт елдер басшылары жиналған алқалы жиында әлемдік экономиканы тұрақтандыру үшін қандай іс-шара қолдану керектігін айтты.

BAQ.KZ. "Шетелдегі қандастар құрбан айтты қалай қарсы алады?" - Күллі мұсылман қауымы үшін аса қастерлі саналатын мерекелердің бірі – Құрбан айт екені баршаға аян. Бұйырса алдымызда айтулы мереке. Осыған орай, Қытай мен Моңғолияда тұратын қазақтардың Құрбан айт мерекесін қалай өткізетіні жайлы білген едік.



6 қыркүйек 2016, 13:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.