Атырау, 7 мамыр 01:15
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

"Ислам Кәрімовтің жаназасына посткеңестік елдердің президенттері неге бармады?", "Өзбекстандағы билік транзиті", "Қытай кәсіпорындары - тәуелсіздігімізге қауіп", "Сәлафтар ақшаны қайдан алады?"

2 318 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Өзбекстандағы билік транзиті" - Азаттық сайтында Өзбекстандағы билік транзиті мәселесі тікелей эфирде талқыланды. Хабар қонағы – сарапшы Дос Көшім.

"Каримов әулетінің дәурені өтті" - Ислам Каримовтың қазасы оның Өзбекстанда тұрғысы келетін жақын туыстарының жағдайын қиындататын түрі бар.

365INFO.KZ. слам Кәрімовтің жаназасына посткеңестік елдердің президенттері неге бармады?" - Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің жаназасына посткеңестік кеңістік елдерінің барлық саяси өкілі қатысты, алайда президент атаулыдан тек Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ғана төбе көрсетті. Ал басқаларына не болды әлде бұл бармаудың астарында бір гәп бар ма?

"Үкімет Қазақстанды Қытайға сауын сиыр етіп бермекші — сарапшы" - Қытайдың өнеркәсіп орындары Қазақстанға жаппай көшірілмекші. Олар ел экономикасының бүтін саласынан ойып, орын алмақ. Қазақстан экономикасы, бұдан кейін қарыштап дамуы тиіс екен. Алайда отандық ғалым оның Қазақстанға қауіп-қатері мен көлеңкелі тұстары да бар екенін айтады.

ZHASALASH.KZ. "Заңды шенеунiк бұзса, Матаевтар неге айыпты?" - 31 тамызда жалғасын тапқан Астанадағы Есiл аудандық №2 сотында куәгерлер мемлекеттiк жауапты қызмет атқарып жүрген кездерiнде Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаевтан “қорыққандарынан" заңды қалай белiнен бас­қандарын айтып салды.

KORRESPONDENT.KZ. "Сәлафтар ақшаны қайдан алады?" - Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарының аумағында радикалды үш топтың жолын кескенін хабарлады. Бұл тамыздың 12-сі мен 30-ы аралығында жүзеге асырылған. Шара нәтижесінде «чекистер» күдіктілердің тәртіп сақшыларына шабуылдау мен ел аумағында жарылыс ұйымдастыру жоспарларын іске асырмай тастады. Радикалды топ мүшелерінің үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ дәрі, қолдан жасалған жарылғыш заттар тәркіленіпті. Оған қоса экстремистік мазмұндағы аудио және баспа материалдар мен халықаралық содырлар ұйымының рәміздері, жалған ашқа және оны жасайтын қондырғылар табылған.

"Өндірістік апаттан қайтыс болған жұмысшының өзін айыпты етіп шығаруы мүмкін" - Өндірістік апаттың салдарынан көз жұмып немесе жарақат алатын жағдайлар аз кездеспейді. Ресми статистика Қазақстанда жалпы өндірістік жарақат алу соңғы 5 жылда 23,3%-ға төмендегенін айтады. Биылғы 5 айдағы мәліметтер бойынша, республикадағы кәсіпорындар мен ұйымдарда қайғылы оқиға салдарынан 792 адам зардап шеккен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6%-ға төмен (2015 жылы - 839 адам). Жалпы, өткен жылы 1 723 адам өндірістік жарақат алған.

ABAI.KZ. "Қытай кәсіпорындары - тәуелсіздігімізге қауіп" - Қытайға сапарға барған Елбасымыз тағы бір су жаңа тақырыптың шымылдығын ашты. G20 саммитінен бұрын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай ақпарат құралдарына сұхбат беріп, Қытайдан 51 кәсіпорын Қазақстанға көшірілетінін жеткізді. Бұл әрине, Елбасының бүгінгі тұралаған экономикамызды алдыға сүйреу үшін жасап жатқан қадамы екенін жақсы түсінеміз. Десек те, Елбасының бұл қадамын қазақ халқы дұрыс қабылдамауы әбден мүмкін.

"Мұндай марафон кім үшін керек?" - Біздің қазақ «біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді» дегенді қалай тауып айтқан. Жексенбі күні елорда халқы соған куә болды. Шенеуніктер марафон ұйымдастырып, қаланың жартысын қолдан «парализовать» етіп тастады.

"Сағадиевтің реформасы ҚҰТЗУ қызметкерлерін cарсаңға салуда" - ҚР Білім және ғылым министрлігі тізгінін экс-министр Бақытжан Жұмағұлов ұстап тұрған 2012 жылы еліміздегі жиырмадан астам жоғарғы оқу орынын біріктіру туралы бастама көтерілген еді. Кейін бұл бастаманы (кезекті реформаны десек те болады) Елбасының ұсынысы ретінде Елордадағы көп шенді қолдап, қазіргі министр Сағадаиевтің тұсында, яғни, 2015 жылы Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті мен Қазақ-британ техникалық университеті біріктірілді. Сол біріктірудің былық-шылығы енді әшкереленіп жатыр.

TENGRINEWS.KZ. "Қазақстанда мемлекеттік бағдарлама арқылы қалай пәтер алуға болады?" - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері пәтер мәселесін шешетін тұрғын үй құрылысының сегіз бағытын атады.

QAMSHY.KZ. "Пан Ги Муннан кейін БҰҰ-ның бас хатшысы кім болмақ?" - БҰҰ-ның Қауіпсіздік жөніндегі Кеңесінде Бас хатшыны сайлау жөніндегі дауыс беру кезеңі өткізіледі. Бұл шара Ресей Федерациясының ұйымдағы тұрақты өкілі Виталий Чуркиннің жетекшілігімен өтеді. Дауыс берудің төртінші кезеңі 9 қыркүйекке жоспарланған. Бесіншісі 26 қыркүйекте болады. Одан кейінгі дауыс беру кезеңі қазан айының алғашқы аптасына белгіленген.

"ХХ ғасыр тағылымы: ядролық қару – адамзатқа басты қатер" - Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының 25 жылы ішінде әлемдегі геосаяси үдерістердің белсенді қатысушысына айналды. Қазақстан әлем тыныштығы, адам тағдыры үшін ең өзекті, ең күрделі мәселе – антиядролық қозғалыстың алдында келеді, тіпті оның көшбасшыларының бірі. Елімізді осындай биік мәртебе бен беделге көтерген шара – әлемдегі ең ірі Семей ядролық сынақтар полигонының 1991 жылы 29 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымын жабылуы еді.

BNEWS.KZ. "G20 деген не және оған кімдер мүше?" - G20 немесе Үлкен жиырмалық – әлемдегі экономикасы мықты дамыған және қарқынды дамып келе жатқан елдер клубы. Құрылтай конференциясы 1999 жылдың желтоқсанында Берлинде өтті. Клубқа Австралия, Аргентина, АҚШ, Бразилия, Германия, Жапония, Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка Республикасы, Индонезия, Италия, Канада, Қытай, Мексика, Ресей, Сауд Арабиясы, Түркия, Франция, Ұлыбритания, Үндістан және Еуропа Одағы кіреді. G20 cаммитіне Халықаралық валюта қоры, БҰҰ, Дүниежүзілік банк сияқты халықаралық ұйымдардың да өкілдері қатысады.

TURKYSTAN.KZ. "Ағза сату шарасыз жандар жүгінер соңғы амал ма?" - Азаматтардың дағдарыс пен нарықтық заманды желеу етіп, қолындағының бәрін саудаға салатынына етіміз үйреніп кеткелі қашан. Тіпті, өзінің ағзасын жарнамалап, сатуға дейін барғандар да табылуда. Алланың аманаттап бергенін ақшаға сатудың заңға қайшы әрекет екені ескертілсе де, «ағза саудасының» тоқтайтын түрі байқалмайды. Ал ағзасын саудаға салғандардың бәрі «қаржылық қиындықтан осындай қадамға бардық» деп ақталады. Бұл қаншалықты шындық? «Ағза саудасын» тоқтату құзырлы орындардың қолынан келе ме?

5 қыркүйек 2016, 14:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.