Атырау, 6 мамыр 23:50
 ашықВ Атырау +19
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Қоғамдық санада төңкерiс жасағаны үшiн айыпталады", "Биліктен өлмей кетпеген басшылар", "«Исламның игі жолы» немесе Каримовтың орнына кім келуі мүмкін?", "Ислам Кәрімовтың қызы Өзбекстанда президент болмайды — Ерлан Қарин"

2 069 просмотра

365INFO.KZ. слам Кәрімовтың қызы Өзбекстанда президент болмайды — Ерлан Қарин" - Саясаттанушы Ерлан Қарин қазіргі күні Өзбекстандағы жағдайға қатысты өз көзқарасын білдіріпті. Орта Азиядағы ахуалды жақсы білетін сарапшының сөзінше, өзбек саясатының жабықтығын және жергілікті саяси элита құрылымының ерекшелігін ескере отырып, биліктің қандай сценарийлерімен ауысатынын болжау аса қиын.

AZATTYQ.ORG. "СБУ-дың құқық қорғаушы ұйымдарға жауабы" - Халықаралық адам құқығын қорғаушы екі ұйымның «тұтқындарды құпия түрмеге қамап, азаптады» деген айыптауына Украина қауіпсіздік қызметі (СБУ) әжуа сурет жариялап жауап қатты.

"Биліктен өлмей кетпеген басшылар" - Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың денсаулығына қатысты әрқилы хабарлар тарап жатқан кезде өмірінің соңғы сәтіне дейін биліктен бас тартпаған басшылар да еске түсті.

ZHASALASH.KZ. "Қоғамдық санада төңкерiс жасағаны үшiн айыпталады" - Өткен аптада, 26 тамызда атыраулық құқық қорғаушылар Макс Боқаев пен Талғат Аянның қамаудағы мерзiмi тағы бiр айға ұзартылды. Жер саудасына қарсы Атырау­да өткен ең алғашқы митингiнi ұйымдастырушылардың бiрi болған қоғам белсендiлерiне көпе-көрiнеу дәлелсiз айып таққан билiктiң оларды босата қоятынына сенбеген көпшiлiктiң күдiгi расқа шықты. Бiрақ, уақыт өткен сайын бұл азаматтардың абақтыда әдiлетсiз отырғанына наразы топтың қатары өсiп келедi.

"Адамды қинау заңды сыйлауға жатпайды" - Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов құқық қорғау органдарының қызметкерлерi қылмысты тез ашу үшiн азаптау, қинауға жүгiнетiнiн мәлiмдедi. Астанада Конституция күнiне арнал­ған жиында бас прокурор полициядағы, түрмедегi зорлық-зомбылықты азайтумен күресiп жатқандарын жеткiздi.

KORRESPONDENT.KZ. "Кәрім мен Дариға зиярат жасап келді ме?" - Өткен аптада Оңтүстік Қазақстан облысына Үкімет басшысы келіп кетті. Ресми мәліметтерде Кәрім Мәсімов іс-сапарының негізгі бағыты көлік инфрақұрылы-мындағы қауіпсіздік шараларын тексеру екені айтылған. Арасында премьер-министр бастаған ығай мен сығайлар өңірдің өндірістік және тарихи-мәдени нысандарын аралады. Артық сөз және жалғау мен шылауларды алып тастағанда, Үкімет басшысының халқы ең тығыз қоныстанған аймаққа жасаған сапарының түйіндемесі – осы.

"Мұғалімдердің көбі шынымен де сауатсыз ба?" - Үстіміздегі жыл білім саласы үшін берілген уәделерге, басталған бағдарламаларға толы болды. Әйткенмен, білікті ұстаздардың жоқтығы – бүгінгі күннің басты тақырыбы. Еліміздің түкпір-түкпірінен ашылып жатқан мектептерге сауатты мұғалімдер ауадай қажет. Иә, таяқ лақтырсаң, ұстазға тиетін заманда білімді мұғалімдердің аздығына сену қиын. Алайда ұстаз сөзіне «білімді», «білікті» сөзін тіркестірерде тіксініп қаласыз...

AIKYN.KZ. "«Исламның игі жолы» немесе Каримовтың орнына кім келуі мүмкін?" - Соңғы бір аптадан бері әсіресе, ТМД көлеміндегі БАҚ пен электронды интернет басылымдар бір-ақ нәрсені жете қозғап, терең зерттеу үстінде.

ABAI.KZ. "Амангелді қалай ажал құшты?" - 1916 жылғы дүрбелеңде Молдабек Байтөреұлы Амангелдінің әскеріне қосылып, орыс патшасына қарсы соғысқан әрі Амангелдіге туыстығы (екеуі де Бегімбет руынан) да бар. Сардар Торғайда комиссар болып тұрғанда атын баптап, көмекшісі де болған екен. Амангелдіні соңғы тірі көргендердің бірі де осы Молдабек атамыз. Молдекең өткен ғасырдың 40-шы жылдары озыпты өмірден. Кемпірі –Дәметкен әжеміз Амангелді өлгенде батырдың жұбайы Балыммен қатар отырып жоқтау айтыпты. Және ол жоқтауды өмірінің соңғы жылдарында магнитофонға жаздырған екен. Өкініштісі, ол таспа қолды болып, жоғалды.

"Ислам Кәрімовтің соңғы сөзі" - Facebook әлеуметтік желісіндегі «Кәрімовтің денсаулығы» (Здоровья Каримову) деген парақшада өзбек халқының көшбасшысының соңғы сөзі жарияланды. Біз сол посты аударып, назарларыңызға ұсынуды жөн санадық.

QAMSHY.KZ. "Гейдар Әлиев ана тілінің абыройын қалай асқақтатты?" - Әзірбайжанның бұрынғы Сыртқы істер министрі Вилаят Гулиев Гейдар Әлиев пен Иран басшысының арасындағы диалогты әңгімелеп берді.

SERKE.ORG. "Қасқасудың төріне арабтар жайғасып алыпты" - Оңтүстік Қазақстан облысындағы Төлеби ауданына қарасты Қасқасу ауылының жоғары жағында, таудың дәл етегінде «Сайрам – Өгем» ұлттық табиғи паркі орналасқан. Ол жердің табиғаты тамаша, қарасаң көз тартарлық. Сарқырап аққан бұлағы, саф ауасы, жайқалған жасыл желегін көріп, таңдай қақпайтын адам жоқ шығар, сірә! Бұл өлкені Қазақстанның Швейцариясы десе де жарасады. Міне, дәл осы ерекше қорғалатын аймақтың біраз бөлігіне, нақтырақ айтсақ, 13,5 гектар жерге осыдан бірнеше жыл бұрын Біріккен Араб Әмірліктерінің атақты шейхына ар¬нал¬ған демалыс аймағы салыныпты деген сөз тараған. Таяуда біз аталмыш өлкедегі «Сайрам – Өгем» ұлттық табиғи паркінің ішінен арабтар¬ға арнап салынған демалыс аймағы тұрған жерге барып қайттық.


2 қыркүйек 2016, 13:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.