Атырау, 6 мамыр 17:19
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"«Елбасының жаулары айналасында үнсіз бас изеп жүрген болуы мүмкін»", "G20: Саммитке шақырғаны бізді мойындағаны ма?", "Каримовтан кейiнгi Өзбекстан. Оны кiм қалай елестетедi?", "Ердоған Путинмен ымыраласу үшін түркі дүниесінің мүддесін сатып кетті ме?"

1 648 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Каримовтан кейiнгi Өзбекстан. Оны кiм қалай елестетедi?" - Каримовтың көзi жұмылды деген ақпарды ресми Ташкент жоққа шығарды. Қазiр оның атына тәуелсiздiк мере­кесiне орай құттықтаулар түсiп жатыр. Өзбек президен­тiнiң сайтындағы мәлiметтерге қарағанда, Каримовты айтулы мерекемен құттықтағандардың арасында Украина, Тәжiкстан, Түркiменстан, Ауғанстан президенттерiн былай қойғанда, АҚШ пен Қытай басшысы да бар. Барак Обама Өзбекстанның территориялық тұтастығын қолдай бере­тiнiн бiлдiрсе, Си Цзиньпин тiптi Каримовке денсаулық тiлеген. Алайда өзбек лидерiнiң қазiр қандай жағдайда екенi Ташкенттегi шағын топқа ғана белгiлi. Ел тә­уелсiз­дiгiнiң 25 жылдығына арналған мерекелiк шаралардың кейiнге шегерiлуiнiң өзi көп нәрсенi айғақтап тұрғандай. Бiрақ бастысы, бұл емес. Дәл қазiр прези­денттiң өлi-тiрi­сiнен гөрi әлем жұртын Каримовтан кейiнгi Өзбекстанның қандай болатыны көбiрек толғандырады.

"«Жаңашылдықтың» түп-төркiнi... қайда жатқаны белгiлi болды" - Бүгiн елiмiздiң барлық мектептерiнде алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылының басталуын әдетте мереке iспеттi қабылдайтын жұртшылықтың биыл көңiлi алаң. Себебi, жылдар бойы сүзгiден өтiп, әбден қалыптасқан дәстүрлi бiлiм жүйесi жаңаша бағытқа бұрылды. Бүкiл қоғам, зиялы қауым болып, жұрттың ұлардай шулағанына қарамастан, сала тiзгiнiн ұстаған шендiлер дегенiн iстеп тынды. Ел ұландары ендi 1-сыныптан бастап үш тiлде сауат ашуға мәжбүр.

AZATTYQ.ORG. "Ресейдің соғыс медальдерін санаудан шыққан қорытынды" - Bellingcat зерттеу тобы әлеуметтік желілерде жарияланған медальдардың фотосуреттері Украина шығысындағы соғысқа мыңдаған ресейлік солдат қатысқанын көрсететінін мәлімдеді.

"Солтүстікке көшкен тұрғын «Алматыда құрылыста жүр»" - Оңтүстіктен солтүстікте қоныс аударған отбасы тұрмыс жағдайына байланысты ол жаққа тұрақтай алмағанын айтады. Теріскей өңірдегі жергілікті билік олардың субсидия қаржысын қайтаруын талап етеді.

KORRESPONDENT.KZ. "Әкімдер рейтингінде Көшербаев қай жетістігі үшін көш бастап тұр?" - «Саясат-Monitoring» ай сайын әкімдердің рейтингін жасайды. Бұл біраздан бері келе жатқан үрдіс. Сондықтан болар, оған атқамінерлердің де үйреніп қалғаны соншама, алаңдап тұрады екен. Тіпті облыс басшылары үшін бұл допинг іспеттес. Шығыс Қазақстанда әкім боп тұрғанда «Саясат» порталына берген сұқбатында Бердібек Сапарбаев бұл рейтингтің өзін бабында ұстап тұратынын айтыпты. Өздеріне сенсек, «Саясат-Monitoring» бұл рейтингті әлдебір сарапшылардың пікірі негізінде жасайды екен. Тек сол сарапшыны көрген жан жоқ.

ABAI.KZ. "«Елбасының жаулары айналасында үнсіз бас изеп жүрген болуы мүмкін»" - Соңғы екі аптада еліміздің ішкі әм сыртқы саясатында ірілі-ұсақты оқиғалар болды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Польша мен Сербияға сапарлап қайтты. Ол жерде ЕАЭО туралы тосын пікірлер айтылды. Осы кезде Үкімет басшысы да қарамағындағы министрлерді ертіп елді аралады. Киелі Түркістан төрінде тіл мәселесі сөз болды. Ал Қырғызстан Тәуелсіздік күнін тойлады. Атамбаев ағынан жарылды. Кезінде өзін билікке әкелген уақытша Үкіметті ашық сынап, экс-президент Роза Отынбаеваны орта жолда қалдырды. Өзбекстан президентінің ауруханаға түскені де мәлім болды.

"Ресейдің айықпас дерті - шовинизм" - Дәл солай! Өйткені, бұл – Ресейдің небір көзі ашық деген адамдарының да қанына әртүрлі жолмен әбден сіңген кесел, дерт. Тіпті, жазушылар Э.Лимонов, А. Солженицын, академик Лихачевтерден бастап, кейбір жәй мемлекеттік қызметкерлер мен «Россия только для русских», «что за бредовое слово россияне есть лишь русские» деп Кремльдің қарсы алдында Қызыл алаңды шуылдатып жүрген орыс қыз-жігіттеріне шейін шовинизм дертіне шалдыққандар деуге толық негіз бар.

QAMSHY.KZ. "Ердоған Путинмен ымыраласу үшін түркі дүниесінің мүддесін сатып кетті ме?" - Түркияның жергілікті басылымы саналатын «Sozcu» газетінің журналисі Жан Атаклы Путиннің Ердоғанға қойған 7 шарты жайлы жазады.

"Білім беру саласы биылғы оқу жылын қандай өзгерістермен бастады?" - Реформадан көз ашпайтын, басы даудан арылмайтын Білім және ғылым министрлігі биылғы оқу жылына біраз өзгерістер енгізді. Министрдің айтуынша, биылғы оқу жылында білім берудің және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың алғашқы қадамдары жасалады. Ол бірінші кезекте орыс мектептеріндегі қазақ тілінің сағаттарын көбейтуден және оның сапасын арттырудан бастау алмақ. Жалпы орта мектептердегі қазақ тілін оқыту бағдарламасы бұрынғы қолданыста қала бермек. Сонымен қатар, үш тілде білім беру жүйесі қолға алынады.

BAQ.KZ. "Қытайдың білім беру саласы қандай жүйеде жұмыс жасайды?" - Қытай білім жүйесінің даму барысы ертеден-ақ түрлі зерттеулер негізінде қалыптасып, мектепке дейінгі дайындық, бастауыш мектеп, толымсыз орта білім, толымды орта білім, университет, аспирантура және докторантура болып, желілес мерзімдерді құрайды.

ULT.KZ. "G20: Саммитке шақырғаны бізді мойындағаны ма?" - Сөз жоқ, бүгінде «G20» клубының әлем экономикасындағы рөлін ешкім жоққа шығара алмайды. Себебі оған кіретін мемлекеттер жаһан халықтарының жартысынан көбін қамтып, әлемдік сауда-саттықтың 80 пайызын бақылап отыр. Ал «G20» самиттерінде қабылданатын шешімдердің осы сауда-саттыққа ғана емес, саяси қарым-қатынастарға да ықпалы зор. Қазақстан аталған ұйымға кірмесе де, соңғы жылдары жаһандық проблемаларға қатысты өз ұстанымын ашық әрі батыл түрде көрсете білді. Ашығын айту керек, шетелдің алпауыт мемлекеттері соның бәрін сөз жүзінде мойындаса, іс жүзінде іске асыруға асықпайды. Дегенмен, көрші Ресей мен Қытай сияқты ірі державалар Қазақстанды қолдап қана қоймай, «G20» клубының құрметті қонағы ретінде көруді құп көретінін тағы бір мәрте көрсетті. Осы жолы Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинь өз жерінде алғаш рет өткізгелі отырған «G-20» саммитіне ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты шақырды. Осыдан үш жыл бұрын Елбасы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің шақыруымен Санкт-Петербор саммитіне қатысып қайтқан болатын. Арман Асқаров «G20» клубының қазіргі қызметін сараптап, ондағы Қазақстанның орнын бағамдап көрді.

SERKE.ORG. "Жазушылар одағы алалаушылықты қашан доғарады?" - 2016 жылғы 18 тамызда sayasat.kz сайты Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы жақын арада ауысуы мүмкін деген хабар таратты, жаңадан басшы болуы ықтимал кандидаттарды атады. Мұны өзге де электронды БАҚ хабарлап жатты. Олардың айтуынша, «одақты үзіліссіз 19 жыл басқарған Нұрлан Оразалин жақын арада өз орнын босатып, ҚР Парламенті Сенатының депутаты ретіндегі міндеттерімен дұрыстап шұғылданбақ», сөйтіп барлық асыл уақытын осы жұмысқа арнауды жоспарлап отырған көрінеді. Алайда содан бір апта өткенде «Қазақ әдебиеті» мұны теріске шығарды. Газеттің 26 тамыздағы санында жарияланған Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Ашық хат басқа сыр айтады. Хат соңына 443 жазушының аты-жөні тіркеліпті (олардың дені мәселенің мән-жайынан хабарсыздығы, ұйымдастырушылар бұлардың баршасын тізіміне сырттай қоса салғаны шүбәсіз).

1 қыркүйек 2016, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.