Атырау, 6 мамыр 19:16
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Өзбекстанның келесі президенті кім болуы мүмкін?", "Кәрімов туралы хабар біздегі ақпарат кеңістігін Ресей билеп-төстеп отырғанын көрсетті", "Елді ұйыстырар идеологиямыз қайсы?", "Қазақстандағы билік транзиті: кімнің президент болу"

2 174 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Өзбекстанның келесі президенті кім болуы мүмкін?" - Өзбекстан үлкен саяси өзгерістің алдында тұр. Тамыздың 29-ы күні Өзбекстан президентінің кенже қызы Лола Каримова Instagram-дағы парақшасында 78 жастағы әкесі Ислам Каримов миына қан кетіп, ауруханаға түскенін хабарлады.

"«Өзін билікпіз дейтіндерге менен төнер еш қауіп жоқ»" - Сот шешімімен жабылған оппозициялық «Алға» партиясының бұрынғы жетекшісі, жуықта түрмеден шыққан Владимир Козлов Азаттыққа сұхбат берді.

365INFO.KZ. "Қашқындағы өзбек оппозиционері: «Айтқаным айдай келді. Кәрімов тағында өлді»" - Қашқында жүрген өзбек оппозиционері кезінде «Ислам Кәрімов тағында өледі» деген екен. Ия, Өзбекстанда оппозиция бар. Бірақ «бар» дейтіндердің бәрі қашқында, қуғында жүр. Шетелде тұрады. Ал елдегілер қазіргі Кәрімовтың жүйесіне іштей қарсы. Бірақ қашып кете алмағасын, ойларын да ашық айта алмайды. Біз Өзбекстандағы бірқатар ықпалды саясаттанушыларды сөзге тартуға тырысқанымызбен мәселе Кәрімовке тірелгенде, ат-тондарын ала қашты. Ақыры Швейцарияның Лозанна қаласында тұратын, өзбек оппозиционері, жазушы, 4 жыл Таштүрмеде отырып шыққан Сафар Бекжонмен байланысқа шықтық.

"Кәрімов туралы хабар біздегі ақпарат кеңістігін Ресей билеп-төстеп отырғанын көрсетті" - Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовке қатысты жайсыз хабар еліміздегі азаматтардың құқығы шектеліп отырғанын ашып көрсетті: біз өзімізбен іргелес жатқан елде не болып жатқанын біле алмаймыз және Қазақстандағы хабар тарату арнасын Ресей билеп-төстеп отыр.

ZHASALASH.KZ. "“Беделдi ақсақалдардың" берекесiз тiрлiгi" - 18 тамыз күнi Қарасай аудандық сотында Айман Сағидуллаеваның талап арызы бойынша басталған сот отырысы 26 тамызда одан әрi жалғасты. Газетiмiздiң №67 санында (23 тамыз, 2016 ж.) Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты “Жаңатұрмыс" орта мектебiнiң мұғалiмi, әдiлетсiздiкке қарсы күрескенi үшiн жан-жақтан қудалауға түскен Айман Сағидуллаева мектеп директоры Бекжан Нүсiпбекованың ескерту берген бұйрығын заңсыз деп танып, оның күшiн жоюды сұрап, аудандық сотқа арыз бергенi туралы жазғанбыз.

"Кешiрiңдер, қарақтарым!.." - Сонымен, өзге елдерге өңешiн созғаннан басқа дым бiтiрмеген Д.Ливановтың орнына кiм тағайындалды? Ольга Васильева. Бұ кiм? Тарихшы-ғалым. Тарих ғылымдарының докторы. Мәскеу пединститутының тарих факуль­тетiн бiтiрген. Докторлығын “Орыс шiркеуiнiң тарихы" деген тақырыпта қорғаған. “Патриотизм және православие" деген ең­бегi бар. Айтпақшы, қазiргi күнi орыс зиялыларының ортасында жиi айтылатын “Патрио­тизмдi қаржыландырмайды, патриотизмдi қалыптастырады" деген қанатты сөздiң авторы да – осы Ольга Васильева. Бiр сөзбен айтқанда, жаңа министр – орыстың тарихын да, дiнiн де, дiлiн де өте терең бiлетiн тұлға. Содан да болар, ол министр қызметiне кiрiскеннен кейiнгi алғашқы сұхбатында-ақ былай дедi: “Орыс мектебiнiң өзiндiк тарихы, өзiндiк дәстүрi бар. Бiз ендi ХIХ ғасырдағы, ХХ ғасырдың басындағы орыс мектебiнiң дәстүрiн қазiргi күнге орайластырып, жалғастырсақ, жаңғыртсақ деген ойдамыз".

KORRESPONDENT.KZ. "Бағаны «құрықтағыш» билік ай қарап отыр ма?" - Қазақстанда жүргізілген әлеуметтік зерттеулер «халықты алаңдататын ең маңызды мәселенің бірі – инфляция мен қымбатшылық» дейді. Әсіресе, азық-түліктің маусым сайын, кейде тіпті ай сайын еселеп қымбаттауы елдің шымбайына батпай қойсын ба?! Осы жаздың өзінде еліміздің әртүрлі өңірлерінде бірнеше рет қымбатшылық белең алып үлгерді.

"Елді ұйыстырар идеологиямыз қайсы?" - Халықты билеу үшін алдымен оның санасын билеу керек. Бұл қағиданы билікті уысында ұстағанның барлығы біледі. Тек, қарашаның санасына қалай жол табу керектігін барлығы бірдей біле бермейді. Соның кесірінен кейбірін халық тағынан тайдырса, өзгесі Сарай маңындағылардың қитұрқы ойынының құрбаны болды. Тарих ондайларды жиі еске ала бермейді. Айтқан күнде де жиіркеніш сезіммен сөз етеді. Адамзат пайда болғалы билікке ұмтылушылар болды. Кедейдің бай болғысы, байдың Құдай болғысы келетіні адам қанындағы өзі жатып, өзгеге әмірін жүргізгісі келетін табиғи құбылыс. Бірақ, халықты бір жерге үйіріп, бір ойдың төңірегіне топтастырудың әмбебап тәсілі әлі күнге табылған жоқ.

ABAI.KZ. "443-тің ашық хатына орай..." - 2016 жылғы 18 тамызда sayasat.kz сайты «Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы жақын арада ауысуы мүмкін» деген хабар таратты, жаңадан басшы болуы ықтимал кандидаттарды атады. Мұны өзге де электронды БАҚ хабарлап жатты. Олардың айтуынша, «одақты үзіліссіз 19 жыл басқарған Нұрлан Оразалин жақын арада өз орнын босатып, ҚР Парламенті Сенатының депутаты ретіндегі міндеттерімен дұрыстап шұғылданбақ», сөйтіп барлық асыл уақытын осы жұмысқа арнауды жоспарлап отырған көрінеді.

QAMSHY.KZ. "Өзбекстандағы жағдайдан қандай сабақ алуымыз керек?" - Кешелі бері ақпарат құралдары жарыса жазып жатқан Өзбекстандағы жағдайдың бір ұшығын Қазақстанмен байланыстыру – өте орынды. Оны тәптіштеп дәлелдеп жату қажет емес болар. Тек бір КСРО-ның шекпенінен шыққанымызды, екі елдің де басшылары билік басында 25 жылдан артық отырғанын және жастары да біразға жетіп қалғанын айтсақ жеткілікті.

"Қазақстандағы билік транзиті: кімнің президент болу" - Кешелі бері ел аузында жүрген Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің денсаулық жағдайы туралы хабарлар ширек ғасыр бойы бір ғана адам басқарып келе жатқан Қазақстанның да саяси болашағына қатысты болжамдар жасауға итермелейді. Посткеңестік кеңістікте билік басында ұзақ отырған санаулы басшылардың бірі – біздің президент. Өзбекстанмен тағдыр-талайы ұқсас болғанымен Қазақстанның бауырлас елден бірқатар саяси ерекшеліктері, өзіне ғана тән ішкі интригалары да жоқ емес.

TURKYSTAN.KZ. "«Тажал қаруын» қысқарту – адамзаттың міндеті" - Апта басында Астанада Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы­на 25 жыл толуына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру» атты халықаралық конференция өтті. Оған Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, форумда сөз сөйледі. Форум БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес, жыл сайын атап өтілетін Ядролық сынақтарға қарсы шаралардың халықаралық күніне орай ұйымдастырылды.








31 тамыз 2016, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.