Атырау, 7 мамыр 02:40
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

"Қартайған басшылар", "Ерлан Қарин: мықты саяси дәстүрлерге ие Өзбекстан түбегейлі өзгерістерге ұшырамайды", "«Семей полигоны жеңілдіктерін жұрт түгел алмайды»", "5 жыл мораторий – жер комиссиясының жеңісі ме, жеңілісі ме?"

2 391 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Қартайған басшылар" - Өзбекстан президентінің ауруханаға түсуі Орталық Азияға қалай әсер етеді, Қазақстанда бұл оқиға жайлы не ойлайды? AzattyqLIVE саясаттанушы Айдос Сарыммен осы тақырыпты талқылады.

"«Семей полигоны жеңілдіктерін жұрт түгел алмайды»" - Семей полигоны 25 жыл бұрын, 1991 жылы тамыздың 29-ы жабылды. Ядролық сынақтардан зардап шеккен тұрғындарды әлеуметтік қорғау туралы заң қабылданды. Бірақ полигон іргесінде тұратын Болатбек Балтабек жеңілдіктер аймақ халқын толық қамтымайтынын айтады.

"Меркель Бердімұхаммедовті адам құқықтарын сақтауға шақыра ма?" - Түркіменстан президенті тамыздың 29-ы күні Берлинге барып, Германия канцлерімен кездеспек. Құқық қорғаушылар Меркель Түркіменстан басшысы Бердімұхаммедовті еліндегі репрессияны тоқтатуға үгіттер деп үміттенеді.

365INFO.KZ. "Өзбекстанда билік ауысса, не болады?" - Ауруханаға түскен Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің жағдайы өте ауыр деген сыбыстар шығып жатыр. Ал саясаттанушылар оның орнын кім басатынын да болжап үлгерді. Сарапшыларды бұл арада бір пікір тоғыстырады. Ол — Кәрімовтің қазасы да Өзбекстанның авторитарлық режиміне өзгеріс әкеле алмайтыны.

"Оралмандарды «қашқын», «сатқын» дейтіндерге жауап: «Алдымен тарихты оқы!»" - Бұдан бұрын біздің сайтымызда «Сырттан келген қазақтар неге Қазақстанға адал емес?» деген мақала жарияланған болатын. Бірден айтайық, мақалада айтылған дүниелер редакция көзқарасымен сәйкес келе бермейтіні көзі қарақты оқырманға белгілі болар.

ZHASALASH.KZ. "Мұнай мен газ – қытайдiкi, зауыт та..." - Жердi шетелдiктерге жалға бермесе болмайтындай Қазақстанның басына не күн туды?! Мен осыған таңғаламын. Дамыған алдыңғы қатарлы елу елдiң қатарына енгенiмiз, отыз елдiң санатына қосылуға жақындап қалғанымыз қайда?

ABAI.KZ. "Қазақ ғылымы"рухани құлдыққа" қалай түсті?" - Жазу (графика) қай елдің әліпбиіне (алфавитіне) негізделсе, сол елдің ғылым сөзі (термин) азды-көпті жұғысты келетіні – шындық. Қай ұлт, мейлі, кімнің әліпбиін қабылдаса да, өзінің мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан тілдік зандылықтары бойынша төл дыбыстарын, дыбыс тіркесімдерін (сөздерін) таңбалау, жазу, оқу, айту үшін алады. Бұл – заңдылық. Осыны дер көзінде пайымдаған А. Байтұрсынұлының сөзімен айтсақ, «Дұрыс еміле (графика мағынасында – Б.Ж.И.) мен қате емілені айыруға менің ойымша былай қарау керек шығар: тіл табиғатына қарай емілені ыңғайлау ма? Жоқ еміле түріне қарай тілді ыңғайлау ма? Мен ойлаймын, еміле – жазу үшін шығарған нәрсе, жазу – тіл үшін шығарған нәрсе. Олай болса, тілді бұзып емілеге ыңғайлау емес, емілені тілге ыңғайлау керек, тілдің табиғатына қарамай зорлап, емілеге таңып байласа, қытай қатындарының аяғы болып шығады» (Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы. Ана тілі, 1992 жыл. 395-бет). Бұрын қытай әйелдерінде аяғым кішкентай болса, ақсүйектілікті білдіреді деген түсінік болған. Соған байланысты қытайдың қыздары сәби шақтан бастап тар аяқ киім киіп, өзін-өзі ұзақ жүре алмайтын кемтарлыққа ұшыратады екен. А. Байтұрсынұлы соны мегзеген.

"РФ жағдайында: империялық идея қарын тойдырмайды" - Ресей либералдық империя бола алады, бірақ либералдық империя болғысы келмейді. Ресейдің әскери - саяси империя болғысы бар. Ал, орыс халқының басым көпшілігі КСРО-ны аңсайды. Бірақ Ресейдің орысы, ашығын айтсақ, КСРО-ны емес, Ресей империясын қалайды.

""Қазақ шындығының" қара нарын қалай ұмыттық?" - Қазақ журналистикасының қара нары Алдан Айымбетовті көп қазақ ұмыта бастаған ба? Ақиқат жолында өмірінің ақырына дейін күресіп өткен қайраткер Алдан ақсақал Айымбетовтың ортамыздан кеткеніне өткен аптада он жыл толыпты... Марқұм көзі тірі болғанда биыл 85 жасқа толар еді. Ажалға араша тұрар кім бар?..

KORRESPONDENT.KZ. "Ауыл шаруашылығына Кеңес дәуіріндегідей министр қажет" - Ел халқының 47 пайызы ауылда тұрады. Атап айтқанда, 2 млн 300 мың адам ауыл шаруашылығы саласында еңбектеніп жүр. Алайда, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі өте төмен. Елбасы Н.Назарбаевтың айтуынша, отандық фермерлер бір гектар жерден орта есеппен 400 доллардың өнімін жинап алады. Ал бұл көрсеткіш АҚШ-та – 1500, Германияда – 2800, Францияда – 3200 долларды құрайды екен. Ашығын айту керек, тәуелсіздік алған 25 жылдан бері біз әлі кеңес заманындағы базаны пайдаланып келеміз. Жаңадан енгізген ештеңеміз жоқ. Ауыл шаруашылығы инвестицияға өте мұқтаж.

"5 жыл мораторий – жер комиссиясының жеңісі ме, жеңілісі ме?" - Үш ай кеңесіп, елді шарлап шыққан жер комиссиясы сол баяғы жартасқа кеп тірелді. Жер кодексіндегі жұртшылық наразылығын тудырған тұстар өзгерген жоқ. Тек оған жарияланған мораторий мерзімі бес жылға ұзартылды. Осы уақыт ішінде бұл тақырып төңірегіндегі таластың да күші саябырсыды. Халықтың да көңілі бірте-бірте бәсеңдеді. Халық атынан сөз сұраған белсенділердің де бейілі бұрынғыдай болмай қалды. Тек сол комиссия қабылдаған, әзірге заңдық күші жоқ, бірнеше тараудан тұратын шешімді ғана жанға қуат, көңілге медет тұтып, қанағаттануына тура келді.

QAMSHY.KZ. "Ерлан Қарин: мықты саяси дәстүрлерге ие Өзбекстан түбегейлі өзгерістерге ұшырамайды" - Қазақстандық танымал саясаттанушы, Президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин: «Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің денсаулық жағдайы туралы ақпараттың ашық тарауына ел ел билігі амалсыздан жол берді», - деп жазады.

"Қасымовқа да тықыр таянды ма?" - Осы аптада екі күн ішінде төрт облыстағы Ішкі істер департаментінің басшылары ауысты.

ҚАЗТАГ. "Қазақстан экономикасы: жаңа антирекордқа бағыт" - Елді дағдарыс сенімді түрде кезіп жүр. Қысқамерзімдік экономикалық индикатор мен бірге халық кірісі де минуста қалып отыр. Осы фонда жекелеген сарапшылардың оптимистік болжамдарға қарамай, Қазақстан экономикасының келешегі, бұрынғысынша, қолайсыз болып қалып отыр деуге болады.

ULT.KZ. "Каримовтың орнын Мирзияев басады немесе "брежневтік нұсқа"..." - Кеше ғана Өзбекстан үкіметі ашық түрде алғаш рет президент Ислам Каримовтың науқастанып, ауруханаға түскенін мәлімдеді. Ресми ақпаратқа сәйкес жергілікті дәрігерлер Каримовты "медициналық тексеруден өткізу мен емдеу шаралары біразға созылатынын да" айтқан.



29 тамыз 2016, 13:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.