Атырау, 6 мамыр 23:02
 ашықВ Атырау +19
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Козловты босатудың «саяси себебі»", "...Биыл 3 мың адам 1,5 триллион теңгесін «заңдастырып» үлгерді", "Сырғымалы саясат, құбылмалы мораторий", "Гүлен: «Мұсылман масоны» әлде түрiктiң «Соросы»?", "Ел ақшасын арқалап, шетел асқан «қайраткерлер"

1 861 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Козловты босатудың «саяси себебі»" - Оппозициялық саясаткер Владимир Козлов Алматыда түрмеден босағаннан кейінгі алғашқы баспасөз жиынын өткізді. Құқық қорғаушылар оны қылмыстық қудалау мен түрмеден босатудың саяси себебін талқылады.

"Орыс ұлтшылдары лидерінің соты" - Кезінде Александр Белов өзін қамау себебін түсіндіріп, «Навальныйдан кейін кезегімді күтіп жүргенмін. Әйтеуір Немцовтан кейінгі кезек емес қой, соған да тәуба» деген. Мәскеудің Мещан аудандық сотында орыс ұлтшылдары лидерінің сот процесі аяқталып келеді. Үкім тамыздың 24-і шығуы тиіс.

365INFO.KZ. "Бір құпия жария болды: Путиннің кеңесшісі Қырымды басып алуды телефон арқылы талқылаған" - Украинаның бас прокуратурасы Ресей президентінің кеңесшісі Сергей Глазьевтің Қырымның референдумға дайындығы туралы келіссөз жүргізіп, Новороссияны талқылаған телефондағы сөздерін Интернетке жариялады.

"Тоналған-ақ екенбіз! Биыл 3 мың адам 1,5 триллион теңгесін «заңдастырып» үлгерді" - Бұл рекордты 1,5 триллион теңгені заңдастырған Қазақстанның 3000 азаматы орнатты.

ZHASALASH.KZ. "Тарих ғылымындағы статус кво өзгеруi тиiс" - Адамға да керексiз, малға да керексiз арамшөптiң де өрттей қаулап, әуелеп, жайқалып өсетiн бiр кезi болады. Қазiргi кезең де – жасанды һәм жалған ғалымдардың арамшөптей қаулап, жауыннан кейiнгi саңырауқұлақтай көбейген үстiне көбейiп жатқан кезеңi. Өзiмен өзi боп, өз қотырын өзi қасып жүре берсе де бiрсәрi-ау, ең сорақысы, бұлар қазiр бiлiм мен ғылымды да былықтырып бiттi. 6 жастағы бүлдiршiнге 3 тiлдi қатар оқытуды енгiзген де – осылар. Жоғары оқу орындарында қазақ тарихы оқытылмасын деп шешкен де – осылар. Ұлтсыз, бiлiксiз, бiлiмсiз, ана тiлiнен мақрұм, мейлiнше орыстанған, елге де, жерге де жаны ашымайтын осындай “ғалымдарды" көргенде, кешегi Әлкей Марғұлан, Рахманқұл Бердiбай, Рымғали Нұрғалиев секiлдi шын ғалымдарды жаның шырқырап iздейдi екенсiң...

"Сырғымалы саясат, құбылмалы мораторий" - Өткен аптада Жер реформасы жөнiндегi комиссияның қызметi бойынша кеңес өткiз­ген Н.Назарбаев көптiң көңiлiн күпты қылып қойды. Жиында Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары да сөз болған. Алайда халықты ең алдымен көкпарға түскен Жерге қатысты президенттiң қандай шешiм қабылдайтыны ерекше қызықтырған едi. Рас, қазақ басшысы мораторийдi 5 жылға ұзартты. Бiрақ “Бес жыл бола ма, бiр-екi жыл бола ма, оны уақыт көрсетедi" дедi. Демек бiрер жылдан соң қазiргi шектеу күшiн жойып, баяғы әләулай қайта басталуы мүмкiн деген сөз. Ендеше, “мораторийдiң мерзiмi – 5 жыл" деп әлдеқандай қылудың не қажетi бар? Мiне, қарапайым жұрт осыны түсiне алмай әлек.

"Гүлен: «Мұсылман масоны» әлде түрiктiң «Соросы»?" - Түркияда сәтсiз аяқталған әскери төңкерiстен кейiн бұл елде мемлекеттiк аппаратты, әскердi, бiлiм және мәдениет саласын түбегейлi тазалау жүрiп жатыр. Одан бөлек ел экономикасындағы бизнес-құрылымдардың бiр бөлiгi тал­қандалуда. Iс жүзiнде мұны сәтсiз төңкерiстен кейiнгi билiк тарапынан жасалған төңкерiс деуге болады. Қудалауға, тұтқынға түскен, бизнесi мен жұмыстарынан айырылған он мыңдаған түрiк азаматы ФЕТО – “фетхуллашылардың террорлық ұйымының" мүшесi деп танылды. Осы ұйымның жетекшiсi деп саналатын Фетхуллах Гүлен Түркияның ең басты жауы ретiнде аталуда.

ABAI.KZ. "Ұзаққа созылған дағдарыс револцияға жетелейді" - Қазір іс жүзінде қазақ мектебіне орыс тілін тықпаштау белең алып тұр. Егерде олай болмаған жағдайда екі тұғырлы тіл мәселесін көтеріп, балаларымызды қазақша және ағылшынша оқытып жатқан болар едік. Бұл бізді тілдік ассмиляциядан сақтайтын жобаға айналар еді. Бірақ, біздің биліктің мақсаты басқа.

QAMSHY.KZ. "Алматыда Күлікбаев салған ойранға Күдебаевті кінәлаушылар кімдер?" - Редакция хат авторлары (автор жалғыз болуы да мүмкін) Алматыда 18 шілде күні болған қырғынға байланысты Алматы қаласы ІІД бастығы генерал-майор Серік Күдебаевті жауапсыз әрі біліксіз, Руслан Күлікбаевқа қатысты дәлелдерді бұрмалады деп айыптағанын жазады.

ҚАЗТАГ. "Ұлттық банк нені айтпай қалып отыр? (2 бөлім)" - Ұлттық банк инфляциялық таргеттеу саясатын енгізу бойынша тиімділікке тапсырған емтиханнан құлады. Бірақ биыл инфляция қарқынының бәсеңсуі реттеушінің инфляцияға қарсы шараларының табысы сияқты көрініп отыр. Ол аз десеңіз Қазақстанда баға өсуін реттеудің сапалы саясатын енгізу бұрынғысынша үлкен күмән тудырады. Өткенде біз бір жыл бұрын қабылданған ұлттық валютаны еркін айналымға жіберу туралы шешімнің салдары туралы айтқанбыз және Ұлттық банк төрағасының теңге бағамының тербелісін мұнай бағасының арзандауымен түсіндіруі әлі толық еместігін көрсетуге тырысқанбыз. Бұл жолы валюталық дәліздің орнына келген инфляциялық таргеттеудің өткен 12 айдағы нәтижесі қаншалықты табысты болғанын қарастырып көрейікші. Бұл ретте ол Қазақстан жағдайында қаншалықты табысты іске аса алатынын бағалап көрейік.

DALANEWS.KZ. "Таяу Шығыс – АҚШ пен Ресей арасындағы арпалыс" - The Washington Post газеті «Обама шегініп жүргенде, Путин Ресейдің ұлы держава мәртебесін қайтарып алды» деп жазды.

KORRESPONDENT.KZ. "Ел ақшасын арқалап, шетел асқан «қайраткерлер»" - Талапкер Иманбаев Қазақстанның тарихында міндетті медициналық сақтандыру жүйесін тас-талқан еткен адам ретінде қалып қойды. Ол 1998 жылдан бері халықаралық іздеуде жүр. Содан бері Талапкер Иманбаев АҚШ-та тұрып жатыр. Ол Америкаға ғалымдарға арналған виза бойынша қоныс аударған. 2001 жылы оны сырттай 9 жылға соттап жіберді.

"Бизнестің тамырына балта шабатын 5 себеп" - Мемлекет кәсіпкерге сенеді, ал, кәсіпкер кімге сенеді? Өйткені, дағдарыс басталғалы шағын және орта бизнестің де халі мүшкілдене түсті. Мемлекеттік БАҚ-тан үздіксіз көрсетілетін ел арасындағы мақтаулы кәсіпкерлерді көргенде «шағын және орта бизнес шынымен сұмдық дамып жатыр екен-ау» деп марқайып қаламыз. Алайда, олардың өзі бірен-саран екен және ахуалы біз ойлағандай керемет емес. Неге? Себебі шағын бизнестің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасаушы факторлар өте көп.




23 тамыз 2016, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.