Атырау, 6 мамыр 20:53
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Қорғаныс министрлігіндегі «коррупция» ісі", "Сарапшы: Қазақстандағы салафиттердің дені – бұрынғы қылмыскерлер", "Мемлекет қаржысына «Мега» салу әдетке айналды", "Рио 2016: НЕ көрдік? Не болды?", "Бокста көшбасшы өзгерді ме?"

1 945 просмотра

365INFO.KZ. "Гептил зардабының ең жеңілі — аллергия, ал ауыр түрі — «ұйқыдағы» Калачи" - Қазақстандағы жаппай аллергияға тікелей гептилдің қатысы бар. Ұлтына, нәсіліне қарамастан енді әрбір қазақстандық өзінің балалары, немерелері, шөберелері арқылы Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы „өзара байланыстың„ нәтижесін нақты сезіне алатын болады…

ZHASALASH.KZ. "Озбырлық немесе өктемсiген казактарды намысқой қазақтар қалай тықсырды?" - Қазақ халқы бөтен жұрт­тың жер-суына, жеке мен­шiгiне көз алартып, басқыншылық жасады дегендi ешкiм естiген де, оқыған да емес. Өзiн болмаса да, өз­ге халықтың бәрiн құрметтеген, жау­лыққа бармаған. Бiрақ, киелi атамекенге шабуыл жасаған дұшпандарға аяусыз соққы берiп, қасық қаны қалғанша қорғаған, қорғай бiлген.

AZATTYQ.ORG. "Қорғаныс министрлігіндегі «коррупция» ісі" - Қорғаныс министрлігіндегі коррупциялық жаңа іс бойынша 10 айыпталушы қамауға алынды. Қорғаныс министрлігін Иманғали Тасмағамбетов басқарған 2014 жылдың күзінен бері ведомствода мұндай жанжал болған емес.

"Мәскеу әуежайындағы «Калашников» дүкені" - Мәскеуге жолы түскендерге енді ол жақтан кәдесыйға арақ пен матрешка ғана емес, әуежайдағы дүкеннен Калашников автоматының көшірмесін де сатып алуына болады.

EGEMEN.KZ. "Алғашқыдан соңғы демге дейін" - Әлеуметтік саланы неліктен әйел адам басқаруы тиіс, Қазақстанға көптілділік не үшін керек және қазіргі жағдайларда білім беру мен денсаулық сақтаудың кеңестік жүйесі қаншалықты қажет – осы мәселелердің барлығы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Дариға НАЗАРБАЕВАНЫҢ эксклюзивті сұхбатында қамтылады.

ABAI.KZ. "Рио 2016: НЕ көрдік? Не болды?" - Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындары мәреге жетті. 206 мемлекеттен ұзын ырғасы 10 мыңнан астам спортшы қатысқан бәсекеде Қазақстан жалпы командалық есепте 22-ші орынды иеленді. Лондондағыдай аспаннан алтын жаудырмасақ та, жалпы жүлде жөнінен ел рекордтын жаңаладық. Бұған дейін Атлантада 11, Сиднейде 7, Афиныда 8, Пекинде 13, Лондонда 13 медаль еншілеген болатынбыз. Бұл жолы қоржынға 17 жүлде түсті: үш алтын, бес күміс, тоғыз қола медаль.

"Қазаққа аман қалудың жолы бар ма?" - Қазір жер-жерде, мектептер мен ЖОО-да Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап мақалалар, баяндамалар, ғылыми еңбектер жазылуда...

QAMSHY.KZ. "Сарапшы: Қазақстандағы салафиттердің дені – бұрынғы қылмыскерлер" - Әлеуметтанушы Серік Бейсембаев Қазақстандағы радикалдық ұяшықтар көсемдері бұрынғы көше қылмыскерлері екенін айтты.

ҚАЗТАГ. "Ұлттық банк нені айтпай қалып отыр?" - Жақында ғана Ұлттық банктің инфляциялық таргеттеу саясатына өтіп, валюталық дәлізден бас тартқанына бір жыл толады. Еліміздің басты банкінің жылдық қорытындысы мен жаңа бағытын іске асыруына және келешекке үңілетін сәт туындағандай.

BAQ.KZ. "Бала асырап алу үшін нені білген дұрыс?" - Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған ұлт. Сәби ата-ананың қамқорлығынсыз қалса да, ағайынның көз қиығыннан тыс қалған емес. Алайда, бұл, басы бүтін басқаға бала болып кетті деген сөз емес. Тегін танып, жөнін біліп өсетін болған.

DALANEWS.KZ. "Бокста көшбасшы өзгерді ме?" - Рио олимпиадасында өзбек боксшылары «айды аспанға шығарды»: 3 алтын, 2 күміс, 2 қола, жиыны 7 медаль жинап, бейресми есепте көш бастады. Бұл – Өзбекстан құрамасының тарихында болмаған табыс. Олардың ең үлкен жетістігі Сидней олимпиадасында тіркелді: 1 алтын, 2 қола иеленіп, үздік төрттікке енді. Сиднейден бергі додаларда өзбектер алтын алмаған еді. Бұл бір сәттік серпіліс бола ма, әлде кезіндегі АҚШ пен Куба сияқты ұзаққа сілтей ме — бәріне уақыт төреші.

"Мемлекет қаржысына «Мега» салу әдетке айналды" - «Forbes» журналы жыл сайын еліміздегі ең бай адамның жиған-тергенін есептеп, жұртшылық назарына ұсынып келеді. Бизнестен түлеп ұшқан біраз кәсіпкерлердің алды билікке ұмтылып, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне араласып үлгерді. Олардың атын атап, түсін түстеп жатқымыз жоқ. Бізге бизнестің айдынына еркін жүзіп, биліктің айлағына ара-тұра зәкірін тастап тұратын Нұрлан Смағұловтың әрекеттері қызықты болып тұр.



22 тамыз 2016, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.