Атырау, 23 желтоқсан 08:34
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Жолдағы тексеру

2 701 просмотра

15-19 тамыз аралығында Атырау облысы аумағында «Кедергі» операциясы жүргізілді. ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, осы уақыт ішінде ҰҚКБ қызметкерлері мұнай және мұнай өнімдерін ілеспе құжаттарсыз тасымалдауға қатысты үш фактіні анықтаған.

Атырау - Ақтау тасжолында Жылыой ауданының Жаңа Қаратон поселкесінің тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Газель» жүк көлігі тоқтатылады. Көліктің жүк салғышында ішінде дизель отыны бар біртонналық екі ыдыс болған.

Атырау - Ақтөбе трассасында полицейлер мұнай тиелген «КамАЗ» маркалы автоцистернаны тоқтатады. Ақтөбе облысының тумасы болып шыққан жүргізушіде жүкке қатысты құжаттары болмайды. Олардың айтуынша, 40 тонна «қара алтынды» Мақат ауданындағы кен орындарынан алып, Ақтөбе облысына әкетпекші болады.

Құлсары - Теңіз трассасында да ақтөбеліктің «КамАЗ» автоцестернасы тоқтатылады. Ол цистернадағы 20 тонна дизель отынын ілеспе құжаттарсыз Ақтөбе қаласында белгісіз біреулерден алып, Жаңа Өзенге жеткізбек болған.

Осы барлық фактілер бойынша ҚҰ ҚК 197-бабы, 3-бөлімі («Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу, ірі мөлшерде жасалған іс-әрекеттер») бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 тамыз 2016, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.