Облыстық ТЖД хабарлағандай, 18 тамызда шамамен талтүсте Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде геофизикалық зерттеулер жүргізу кезінде «Гео Энерджи Групп» компаниясының 44 жастағы қызметкері суға батып кетті.
Ол Атырау қаласының тұрғыны. Оның денесі 20 тамызда тікұшақтың аралап ұшып шығуы кезінде табылды. Компания қызметкерлері оны катерде судан шығарып алды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ