Атырау, 7 мамыр 01:22
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

"Теңгенің бір жылда «жеткен жері»", "«Үштілдік» деп ұстаздарды адастырып жүрген кім: министрлік пе...", "Назарбаевтың тарихи бітімгерлік бастамаларының беймәлім тұстары", "Қасым Аманжолұлы: Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған ел болғанымыз рас па?"

2 078 просмотра

365INFO.KZ. "«Үштілдік» деп ұстаздарды адастырып жүрген кім: министрлік пе, әлде сауатсыздық па?" - Биыл 1-сыныптан бастап Қазақстан мектептері үш тілде білім беруге көшеді деген — бос сөз екен. Мұндай жаңсақ ақпараттың тарауына министрлік даярлаған реформаның мәнін дұрыс түсінбеген кейбір ұстаздардың өзі себеп көрінеді.

AZATTYQ.ORG. "Теңгенің бір жылда «жеткен жері»" - Экономист Меруерт Махмутова теңге бағамын «еркіне» жіберу туралы бір жыл бұрын қабылданған шешімді «кешікті» деп санайды. Сарапшы биліктің дер кезінде әрекет етпеуі кесірінен Қазақстан экономикасында «қайта қалпына келмейтін өзгерістер» болды деп санайды.

"Түркиядағы жазалау науқаны шектен шықты" - Тамыздың 17-сі күні Түркия премьері бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан 38 мың адамды түрмеден босату туралы жарлық шығарды. Құжат бойынша кісі өлтірген, әйел зорлағаннан өзге жеңіл қылмыс жасағандар бостандыққа шығады. Қаржылық қылмыс жасағандар да босатылмақ.

QAMSHY.KZ. "Кеңестік қоғамның 10 артықшылығы мен 5 кемшілігі" - Тарих қойнауында қалған Кеңес Үкіметі тұсында қызмет етпесек те, мектеп табалдырығын аттап, жүйенің оң және сол тұстарын көрген ұрпақпыз. Комсомол боп, пионер атанбасақ та, октябренок болып үлгердік. Алғашқы алған марапаттың символы ретінде кеудеге таққан октябренок қызыл жұлдызы әлі сақтаулы. Кеңес Үкіметін аңсап отыр дейсіз бе? Кім қалай десе де көзбен көргенді жоққа шығара алмайсың. Енді келмеске кеткен сол жүйенің біраз ерекшеліктерін, яғни жақсылы-жаманды тұстарын саралап көрейік.

"Қызылорда полициясы мен прокуратурасы қылмыс әлемін қамқорлығына алған ба?" - Осыдан үш жыл бұрын қызылордалық қарақолдардан қорлық көрген Нұрлан Тұрманов полицияға жасаған сансыз шағымынан нәтиже шықпай қынжылуда. Өзін күш қолдану арқылы қала сыртына алып кетіп, ұрып-соғып, 20 мың доллар ақша бопсаламақ болғандар әлі бостандықта жүргенін айтады ол.

ABAI.KZ. Біз арақ ішетін «ағымнан» боламыз...»" - Қазір екі адамның басы қосыла қалса дін туралы, ағымдар жайлы әңгіме-дүкен құратын болды. Жақсы ойлай білгенге бір жағынан қуанатын жағдай... Дін жамандық атаулыға жақындамауға, ағымның құрбаны болмауға үндейді.

"Зейнетақы қаржысына «мега» салынатынын Жәмішев те растады" - «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражат қайда жұмсалатынын айтып берді.

ULT.KZ. "Назарбаевтың тарихи бітімгерлік бастамаларының беймәлім тұстары" - Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынас үшін жаңа кезең басталды. Әрине, екі елдің ара қатынасының бүгінгідей маңызды бетбұрыс жасауы тарих кітаптарында орын алып үлгерген шебер дипломатия мен стратегиялық жетістіктің арқасы екені рас. Бұл жеңіс пен жетістіктің бас кейіпкері – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

ZHASALASH.KZ. "Күштiлердiң ойыны Шам елiнiң сорына айналды" - Осы аптаның басында Ресейдiң Ту-22М3 және Су-34 бомбалаушы ұшақтары Сирия аумағын тұңғыш рет Иранның Хамадан әскери әуежайы­нан ұшып шығып бомбалады. Ресейдiң қорғаныс министрлiгi Иран Ислам республикасындағы Хамадан әскери әуежайында барынша бомба толтырылған ауыр ұшақтарының Сирияның Алеппо, Дейр-эз-Зор және Идлиб провинцияларындағы “Ислам мемлекетi" мен “Джебхат ан-Нусра" террорлық ұйымдарының шептерiн шабуылдағанын мәлiмдедi.

"Ер деп сенгенiң ез болса" - Бекзада спорт түрi саналған боксқа шлем кигiзiп бүркемелеп, онысын 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында шешкiзiп тастаған АИБА-ның да абыройы айрандай төгiлдi. Әсiресе, Бразилияда өтiп жат­қан ХХХI жазғы Олимпиада ойындарында. Бiздiң Василий Левит пен ресейлiк Евгений Тищенко арасындағы Олимпиада чемпионы атағы тартысқа түс­кен айқасқа төрелiк еткен ал­жир­­лiк Хейра Сиди Якуб, колумбиялық Армандо Карбонелл Альварадо, ирландиялық Майкл Галлахер және рингтегi рефери аргентиналық Херардо Погх қызметiнен кетуi керек.

DALANEWS.KZ. "Қасым Аманжолұлы: Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған ел болғанымыз шын ба?" - «Тарихымыз ғажап, рухани кемел ұлт едік» деген, жиі естіліп қалатын сөзге бірер ауыз пікір.



19 тамыз 2016, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.