Атырау, 7 мамыр 07:11
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

"Алматыдағы теракт: полиция өз ішіндегі «ашық ауызды» іздестіруде". "Марат Елеусінов: "Даниярдың жарылған қабағын екі рет тіктіруге тура келді". "Левит-Тищенко жекпе-жегіне төрелік еткен мамандар өз қызметтерінен шеттетілді".

2 065 просмотра

QAMSHY.KZ. "Алматыдағы теракт: ПОЛИЦИЯ ӨЗ ІШІНДЕГІ «АШЫҚ АУЫЗДЫ» ІЗДЕУДЕ" - Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне шабуыл жасалғалы да бір ай уақыт өтті. Қанды оқиғаға қатысты Р. Күлікбаев қолға түскенімен, аталған істің күмәнді һәм түсініксіз тұстары аз емес. Қала тұрғындары ғана емес, тұтастай республика жұртшылығы полицияның жалғыз қылмыскерге тиісті тойтарыс бере алмауын сан-саққа жүгіртіп, өзінше жоруда. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейіне де сын айтқандар болды.

"Баян Есентаева: Әркім өзіне ыңғайлы үкім шығаруда" - Белгілі продюсер Баян Есентаева өзіне қатысты ел арасындағы түрлі әңгімелерге инстаграм арқылы жауап берді, - деп хабарлайды Qamshy.kz. «Өз шындығым өзімде, адамдар әр нәрсені сөз етіп, өзіне ыңғайлы үкім шығаруда. Кез-келген қателікке жаза бар…», – деп жазды ол жариялаған кезекті суретінің астына.

365INFO.KZ. "«Қазақстанға Ресей мен оның рублінен құтылу керек!» — экономист" - Мынадай масқара фактіні білесіз бе? Қазақстанның Ресейден тасымалдап жатқан басты тауары — инфляция. 2016 жыл Қазақстан экономикасы үшін нағыз дағдарыс жылы болды. Екі жыл ішінде өнеркәсіп көлемі 11 пайызға құласа, бөлшек сауда 24 пайызға азайып, несиелендіру бағдарламалары 53 пайызға қысқарған. Қазақстандық экономист Денис Кривошеевтың пікірінше, үкімет осылай қарап отыра берсе, экономика мүлдем тоқтап, тоқырау жалғаса береді.

"Осы күзде Мәсімовтің үкіметінен құтыламыз ба?" - Саясаттанушы Данияр Әшімбаев үкіметтің отставкаға кету мүмкіндігі мен мәжілістегі наразылық деңгейін бағалады. Бірінші қыркүйек — Білім күні ғана емес, бұл күн — мемлекеттің саяси өміріндегі күрделі бір кезеңнің бастауы. Данияр Әшімбаевтың пікірінше, алдағы күзде Қазақстанда маңызды саяси оқиғалар орын алады.

"Washington Post: «Левит жеңуі керек еді. Тищенконың жеңісі ақылға сыймайды»" - Қазақстандық боксшы Василий Левиттің әділетсіз жеңілісін әлемдік баспасөз де назардан тыс қалдырмапты. Айта кетелік 91 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз ақтық сында ресейлік Евгений Тищенкомен кездесіп, жеңіліп қалды. Алайда осынау кездесуді тамашалаған жүздеген жанкүйер төрешілер шешімімен келіскен жоқ. Әділқазылардың жерлесімізді тізеден басқаны көрініп тұрды. Мұны беделді Washington Post басылымы да байқапты. Тіпті, осы туралы мақала жазған екен. Аударып қаз-қалпында беріп отырмыз. Сонымен…

ULT.KZ. "Марат Елеусінов: Даниярдың жарылған қабағын екі рет тіктіруге тура келді" - Жартылай финалда алған үлкен жарақаты қауіпті болса, Даниярды дәрігерлер финалға да жібермеуге қақылы болатын. Алайда финал біздің жігіт үшін, ең басты- нысан. Сондықтан оның қабағын екі рет тіктіруге тура келіпті.Бұл туралы ҚазАқпаратқа берген сұхбатында Даниярдың бапкері, әрі әкесі Марат Елеусінов айтты. «Бүгін Данияр халықтың үмітін ақтады. Сол үшін қатты қуанып жатырмыз. Мен ғана емес, бүкіл қазақ елі қуанып жатыр. Данияр менің ғана балам емес, ол бүкіл халықтың баласы», – деп атап өтті Марат Елеусінов. Сондай-ақ, финалдағы қарсыласы мен жекпе-жек туралы да өз ойымен бөлісті.

"ӘМІРЕ ТУРАЛЫ ФИЛЬМДІ АМЕРИКАЛЫҚ РЕЖИССЕР ТҮСІРІП ЖАТЫР..." - Әйгілі әнші Әміре Қашаубаев туралы жазушы Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» деп аталатын әңгімесі бар. Осы әңгіме Әміренің әншілігін, адами болмысын, ортасын жан-жақты жарқырата ашқан әдеби ескерткіш. Қалың жұрт Әмірені әуелі «Әншіден» танып еді. 1925 жылы Парижде өткен өнер жәрмеңкесінде қазақ әнін әлемге танытып, Еуропаның таңдайын қаққызып таңғалдырған Әміре бейнесі енді халықаралық киноэкранға шықпақ.

ABAI.KZ. "НАЗАРБАЕВТЫҢ ТАРИХИ БІТІМГЕРЛІК БАСТАМАЛАРЫНЫҢ БЕЙМӘЛІМ ТҰСТАРЫ" - Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынас үшін жаңа кезең басталды. Әрине, екі елдің ара қатынасының бүгінгідей маңызды бетбұрыс жасауы тарих кітаптарында орын алып үлгерген шебер дипломатия мен стратегиялық жетістіктің арқасы екені рас. Бұл жеңіс пен жетістіктің бас кейіпкері – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

AZATTYQ.ORG. "Тәжік үкіметі цензураны күшейте түсті" - Тәжікстан билігі үкіметтің жекеменшік теле және радио арналар мазмұнын ресми түрде бақылап отыруына мүмкіндік беретін жаңа ереже қабылдады.

"Қазақстан билігі интернет пайдаланушылардан «шағым» жинамақ" - Әлеуметтік желілердің дұрыс қолданылмай, зорлық-зомбылықты насихаттайтын сәттері де бар. Ешқандай мемлекеттің мұндай құбылысқа толық тойтарыс беретін қауқары жоқ. Қазақстан да интернеттегі зорлық-зомбылық насихатымен күресіп жатыр, атап айтқанда билік экстремистік пиғылдағы жазбалардың иелерін анықтауға тырысады. Қазақ билігі бұған дейін жүздеген сайтты құлыптады, бірақ үкіметтің ондай ақпараттармен күресуге шамасы жетпей жатқан тәрізді. Сондықтан ел үкіметі тұрғындардың бұл іске араласуын сұрайды.

ZHASALASH.KZ. "Әкiмдер де айлық алады" - Қазақстандағы шендi-шекпендiлердiң қанша жалақы алатыны туралы ақпар там-тұмдап қана айтылады. Жуырда сол “там-тұм" дүниенiң бiр ширегi “Диапазон" басылымында жарқ ете қалды. Ондағы деректерге үңiлсек, аймақ басшыларының iшiнде жарты миллионды қанағат тұтатын тiрi пенде жоқ екен. Айлықтан айлыққа “әрең жететiн" ең “кедейiнiң" өзi 600 мың теңге санап алады. Ал кәсiби деңгейi мығым, еңбек өтiлi жоғары деп саналған бесаспап әкiмдер 1 миллионға жуықтатып жалақы алатын болып шықты. Бiр қызығы, олардың еңбекақысы ТМД-дағы кейбiр президенттердiң айлығынан әлденеше есе көп.

"Назарбаев Путинге Порошенконың сәлемiн жеткiздi" - Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаевтың Сочидегi кездесуiн екi елдiң қарым-қатынасындағы және саясаттағы үлкен жаңалық дей алмаймыз. Биылдың өзiнде екi елдiң басшысы кем дегенде үш рет кездестi. Президент Назарбаев ел iшiндегi мәселенi де Путинмен телефон арқылы талқылауды әдетке айналдырғаны қашан.

"Дағдарыс кәсiпкерлiктi тежедi" - Өнеркәсiпсiз экономика – тұл. Мұны жұрттың бәрi бiледi. Мамандар соңғы екi жылда отандық өнеркәсiп көлемi 11 пайызға құлдырағанын айтуда. Бөлшек сауда 24 пайызға азайса, жалпы экономиканы кредиттеу 53 пайызға кемiген. Осы деректердiң өзi-ақ отандық экономиканың бәсекеге бейiмсiз екенiн бiлдiредi. Егер үкiмет алдын ала болжағандай, биыл iшкi жалпы өнiмде титтей (0,1 пайыз) өсiм болатын болса, оның өзi мемлекет тарапынан бөлiнiп жатқан қаржы есебiнен екенiн естен шығармайық.

SERKE.ORG. "Жер реформасы бойынша комиссияның шешімі" - Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен Жер реформасы бойынша комиссияның кезекті отырысында осы бағыттағы бұған дейін атқарылған жұмыстардың қорытындылары тұжырымдалды. Елбасы тапсырмасына сәйкес, Комиссия мүшелерінің Астанадағы 4 отырысы мен Ақмола, Алматы, Қызылорда және Атырау облыстарында жергілікті тұрғындармен өткізілген кездесулердің нәтижесі мен ұсыныстары ескеріліп, сондай-ақ, жер реформасы бойынша бастамашыл азаматтармен талқылау жүргізуде сұрақтар мен ұсыныстардың қайталануы назарға алынып, төмендегідей шешімдер қабылданды.

SN.KZ. "ҚР Бокс федерациясы олимпиада медальдарын сатып жіберген болуы мүмкін бе? (ВИДЕО)" - Кешегі Левит пен Тищенко арасындағы жекпе-жек спортта да жемқорлықтың бар екенін тағы бір көрсеткендей. Көзімізді бақырайтып, төрешілер Ресей боксшысының қолын көтергенде дереу ойымызға "Левиттің жеңілісі қанша ақшаға сатылыпты?" деген ой келді. Артынша, ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов журналистерге сұхбат беріп, төрешілердің неліктен мұндай шешім қабылдағанын ҚР Бокс федерациясының атқарушы директорынан сұрау керектігін айтты.

"Рио-2016: Мырзағали Айтжанов өзбек боксшыларына қатысты ойын білдірді" - Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Данияр Елеусіновтің жеңісінен кейін қазақ боксшыларының олимпиададағы сәтсіздіктері жайында айтып берді деп жазады Vesti.kz. "Біздің жігіттердің айқын жеңіп тұрған жекпе-жектері болды, бірақ төрешілер қарсыластың қолын көтеріп жатты. Біз бұған кінәлілерді іздейін деп отырғанымыз жоқ. Бәлкім маңдайға жазылғаны осы шығар. Жарыстағы кейбір олимпиада чемпиондары біздің боксшылардан мықты деп айта алмаймын. Бұл олимпиада, бұл жерде бәрі жеңімпаз бола бермейді. Олимпиадаға келетіндердің барлығы да өзін көрсету үшін барын салады, кұтпеген ижағдайлар орын алады", - дейді Айтжанов.

"Қазақстанда жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар саны күрт азайған" - Елімізде жыл басынан бері 4 балалар үйі жабылған деп жазады Informburo.kz. Олардың үшеуі ШҚО-дағ біреуі Қарағандыда орналасқан. Ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды асырап алушы қазақстандықтардың саны күрт артып, жетімдер саны тиісінше азайып отыр дейді ҚР Білім және ғылым министрлігіндегілер.

DALANEWS.KZ. "Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, Түркияға қайтуға дайынмын»" - Түркия 15 шілдеде болған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. «Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды» деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды, әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен де әлгі жағдай орын алып жатқанда ашық әрі анық түрде төңкеріске лағынет айттым.

TENGRINEWS.KZ. "Интернет, әлеуметтік желілер ресми билік органдарына қарағанда әлдеқайда жылдам - Дариға Назарбаева" - Үкімет Үйінде ҚР премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның төрағалығымен мемлекеттік ақпараттық саясат және ұлттық және аймақтық брендтерді қалыптастыру бойынша Ведомствоаралық комиссия отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі pm.kz сайтына сілтеме жасап.

24.KZ. "Левит-Тищенко жекпе-жегіне төрелік еткен мамандар өз қызметтерінен шеттетілді" - AIBA кінәсін мойындады. Рио Олимпиадасында бокстан өткен 239 жекпе-жекке сараптама жасаған халықаралық қауымдастық мамандары төрешілер шешімінде қателік барын анықтаған. Осылайша ағаттық жіберген қазылар Жазғы ойындардың соңына дейін өз қызметтерінен шеттетіліп отыр. Бірақ, бұған дейінгі кездесу қорытындылары сол күйі өзгеріссіз қалады. Айта кетейік, 91 келіге дейінгілер арасындағы соңғы сында қазақстандық Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенко жұдырықтасып, арты үлкен дауға ұласқан еді. Жерлесіміздің 3 раунд бойы басымдықта болғанын көре тұра рингтегі төреші ресейлік боксшының қолын көтерді. Содан бері Халықаралық бокс қауымдастығының атына және төрелік еткен қазыларға бағытталған сын толастар емес.

18 тамыз 2016, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.