Атырау, 7 мамыр 05:03
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

"Жер мәселесі: 34 мың гектар жер және Шумахердің шуы", "«Қазақстанға Ресей мен оның рублінен құтылу керек!» — экономист", "Тұрсынғали Еділов: Рингте жанын салған өзбек боксшыларынан әлі талай ұтыламыз", "«Таңбалы тас» жекеге өттi"

2 189 просмотра

KAZ.365INFO.KZ. Қазақстанға Ресей мен оның рублінен құтылу керек!» — экономист" - Мынадай масқара фактіні білесіз бе? Қазақстанның Ресейден тасымалдап жатқан басты тауары — инфляция.

"Осы күзде Мәсімовтің үкіметінен құтыламыз ба?" - Саясаттанушы Данияр Әшімбаев үкіметтің отставкаға кету мүмкіндігі мен мәжілістегі наразылық деңгейін бағалады.

AZATTYQ.ORG. "Түркия қарулы күштерінде не болып жатыр?" - 2011 жылы төрт жұлдызды генерал Билгин Баланлы Түркия армиясы бас штабы басшысы болып тағайындалады деген болжам болған. Алайда сол жылы Баланлының басынан бағы тайып, жүздеген генерал, адмирал және жоғары шенді офицер қатарында ол да тұтқындалған еді.

"Жалғызілікті көпбалалы ананың мектеп алды жанталасы" - Шымкенттік жалғызбасты көпбалалы ана биыл мемлекеттен мектеп алды дайындық үшін берілетін көмектен қағылғанын айтады. Білім мекемелері көмек кезекпен берілетінін алға тартады.

ABAI.KZ. "Назарбаевтың тарихи бітімгерлік бастамаларының беймәлім тұстары" - Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынас үшін жаңа кезең басталды. Әрине, екі елдің ара қатынасының бүгінгідей маңызды бетбұрыс жасауы тарих кітаптарында орын алып үлгерген шебер дипломатия мен стратегиялық жетістіктің арқасы екені рас. Бұл жеңіс пен жетістіктің бас кейіпкері – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

"Жер мәселесі: 34 мың гектар жер және Шумахердің шуы" - Астананың іргесінен 27 мың гектар жерді иемденіп, қожалық етіп отырған Германия азаматы Роберт Шумахер туралы бұған дейін де жазған едік. Алайда, саудагер Шумахердің төңірегіндегі шу толастар емес. Күні кеше Шумахердің өкілдері Алматы келіп, журналисттермен жүздесіп, Ақмола облысының аумағынан 34 мың гектар жерді қалай басып алғаны және «ҚазГерСтрой» құрылыс холдингі төңірегіндегі дауға қатысты өз уәждерін айтты.

ZHASALASH.KZ. "Мәстек пен хэштег" - Кейiнгi кезде Кәрiм Мәсi­мов өзiн-өзi қиын қамшылап жүр. Әлденеден дәмесi бар ма, әлде тоңқалаң асып, тө­мен сырғымаудың қамын күйттеген түрi ме, әйтеуiр апта сайын бiр өнер шығарады. Сосын “мұным қалай болды?" дегендей бұқара iшiн­дегi бүлк-бүлк әңгiменi мұр­тымен бағып, тың тыңдап қалатыны бар. Әзiрге оның жанкештi әрекетi бiрде олай, бiрде бұлай шығып жатыр. Бiр бастамасы келемежге айналса, оны тастай салып, ке­лесiсiне жармасады. Жұрт оған қалай қарайды, онда шаруасы жоқ, әйтеуiр өзiне қызық. Қысқасы, “қызық қу­ған" кiсi қазақты күлкiден өлтiруге айналды.

"«Таңбалы тас» жекеге өттi" - Елiмiздегi бiрқатар табиғи қорықтар мен ұлттық парктердiң, көрнектi тарихи орындардың жекешелендiрiлетiнi жөнiнде жыл басында бiр хабар шыққан. Онда Көлсай өзендерi мен Шарын, Түрген, Талғар шатқалдарын, тiптi Бурабай мен Медеудi де қалаған адамның 49 жылға жалға ала алатыны айтылған.

QAMSHY.KZ. "Пан Ги Мун әлемдік қауымдастықты жастарға көңіл бөлуге шақырады" - Бүгінде жер шары тұрғындарының 1,8 миллиарды жастар. Бұл БҰҰ-ның ақпараты бойынша рекордтық көрсеткіш. Әлем дамуымен қатар жастардың басына түскен қиындықтар да азаймай отыр. Қазіргі таңда ондаған миллион бала мектеп қабырғасын көрмейді. Тіпті мектепте оқиды деген балалардың өзі жеткілікті білдім алмайтынын халықаралық сарапшылар айтып жүр. Дамушы аймақтардағы жеткіншектердің 60 пайызы оқымайды немес жұмыс істей алмайды 500 миллионнан астам жас әр күн сайын бір үзім нанға қолын әрең жеткізеді. Он жастың тоғызы дамушы елдерде тұрады. Сондай-ақ бұл елдердің кейбірінде жастар тұрғындардың басым бөлігін құрап отыр, жұмыссыздық мәселесін шешуде қиындықтар туындауда.

"Рудың мағынасы және оны не үшін білуіміз керек?" - Ақиқатында, Атам Қазақтың шежіре жасау жүйесінің мынадай сыры бар. Ежелгі Аталарымыз біздерге “Тегін білмеген тексіз, жеті атасын білмеген жетесіз", “Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер, жеті атасын білмеген құлағы мен жағын жер" мақалдар қалдырған. Бұл мақалдардың бізге айтып тұрғаны, бірінші тегіңді біл дейді. Ал, тек дегеніміз бұдан сан мыңдаған жылдар бұрын ғұмыр кешкен арғы ата-бабаларымыз. Ал, жеті атаң өзіңнен бастап санағандағы тікелей жеті атаң. Мұны әрбір қазақ баласы жатқа біліп әрқашанда дұғасын жолдап отырулары керек.

INFORM.KZ. "Ермахан Ыбырайымов: Қанша Олимпиадаға барсам да, дәл осындай сорақылықты көрген жоқпын" - Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбырайымовты жолықтырып қалдық. Осы мүмкіндікті пайдаланып Ермахан Сағиұлынан Олимпиада туралы пікір сұраған болатынбыз.

DALANEWS.KZ. "Фетхуллаһ Гүлен: «Мен жайлы айыптаулар дәлелденсе, Түркияға қайтуға дайынмын»" - Түркия 15 шілдеде болған төңкеріс жасау әрекетімен жақын тарихтағы ең үлкен сұмдықты бастан кешті, шыңырау құзға құлап кете жаздап аман қалды. Сол түні болған оқиғаны террорлық төңкеріс деуге болады. «Әскери шенділердің мемлекет ісіне араласуы тарихта қалды» деп ойлаған түрік қоғамының барлық саласы төңкеріс әрекетіне ортақтаса қарсы тұрды, әрі демократияны жақтайтындықтарын көрсетті. Мен де әлгі жағдай орын алып жатқанда ашық әрі анық түрде төңкеріске лағынет айттым.

NUR.KZ. "Тұрсынғали Еділов: Рингте жанын салған өзбек боксшыларынан әлі талай ұтыламыз" - Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Тұрсынғали Еділов Риодағы қазақ боксшыларының өнеріне баға беріп, спортшыларды да, басшыларды да қатаң сынға алды.





17 тамыз 2016, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.