Атырау, 5 мамыр 05:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Киік мүйізі үшін жазаланды

3 933 просмотра

Аудандағы бақташы киік мүйіздерін сақтағаны үшін кінәлі деп танылды.

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында әрі қарай өткізу мақсатында киік мүйізін заңсыз сақтады деп айыпталған Сүйіндік селосының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, пайда табу мақсатында бақташының соңғы төрт жыл бойына жайылымнан табылған өлі киіктердің мүйізін жинағандығы анықталды. Оның үйін тінту кезінде 48 мүйіз табылған.

Іс бойынша сотқа дейінгі өндіріс барысында Құрманғазы аудандық прокуроры мен сотталушы арасында кінәні мойындау туралы іс жүргізу келісімі жасалды.

Сот келісімді бекітіп, сотталушыны ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша кінәлі деп таныды. Жануарлардың жоғалып бара жатқан түрлерін қорғауға, соның ішінде сирек кездесетін және жоғалу қаупі бар жануарларды сақтауға бағытталған бұл бап қылмыстық жауапкершілік жүктейді. Далада шашылып жатқан мүйізді жинау секілді бейкүнә көрінетін «хобби»: үш мың АЕК-ке дейінгі айыппұлдан бастап 3 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі кең ауқымды жаза түрлерін қамтиды. Сот оған 1 жылға бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

10 тамыз 2016, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.