Атырау, 29 наурыз 03:44
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атырау мұнай және газ институты университет мәртебесін алды

10 957 просмотра

Бұл туралы жоғарғы оқу орнында өткен баспасөз конференциясында АтМжГИ ректоры Әли ӘБІШЕВ мәлімдеді.

2013 жылы Атырауда өткен шетелдік инвесторлар кеңесінде мемлекет басшысы мұнайгаз саласының мамандарын даярлау сапасын арттыруға, оны халықаралық деңгейге көтеруге тапсырма берді. Университет мәртебесі оқытушылар үшін де, студенттер үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады. Егер институт бір профильдің студенттерін даярласа, университет түрлі бағыттағы мамандарды оқытады. Бұдан басқа, енді біздің студенттеріміз магистратурада және докторантурада оқуларын жалғастыра алады. Қажетінше өз біліктіліктерін арттырып, стажировкадан өте алады, - деп атап өтті Ә.Әбішев.

Қазіргі уақытта АтМжГИ 65 шетелдік серіктестерімен ынтымақтаса жұмыс жасауда. Олардың қатарында Ресейдің, Әзірбайжанның, АҚШ-тың, Италияның және т.б. мұнай саласының жоғарғы оқу орындары бар. Өткен оқу жылында бұл жерде 25 шетел мамандары дәріс берді. 70 оқытушы серіктес жоғарғы оқу орындарына стажировкаға барып, біліктіліктерін арттырды. Енді ұжым білім беру бағдарламалары мен зерттеу жобаларын кеңейтуді қолға алмақ.

Мен тарихы оқу-консультация беру пунктінен басталған бұл жоғарғы оқу орнында 28 жыл еңбек етіп келемін. Осы уақыт ішінде білім ордасы институт мәртебесінен асып кетті.

Қазіргі кезде институт деп университет факультеттерін атайды, - деді жаңа университеттің проректоры Дина ДИАРОВА. – Ал енді бізде дамудың жаңа жолы пайда болды. Біздің магистратура, өз колледждерімізді, бизнес-мектептер, жаңа факультеттер ашуға құқығымыз бар. Алдымызда қазақстандық Губкин атану міндеті тұр. Губкин атындағы Мемлекеттік мұнай және газ университеті Ресейдегі мұнайгаз білімінің флагманы болып табылады. Біз Қазақстандағы осындай флагман болғымыз келеді.

Оқу қызметінен басқа студенттердің әлеуметтік және мәдени өміріне көп көңіл бөлінетін болады.

Студенттік емхана, этно-мәдени орталық, виртуалды кеніш зертханасын ашу жоспарланған. Технологиялық музей технологиялық паркке айналатын болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА
31 шілде 2016, 14:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.