Атырау, 26 қараша 05:36
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Метадон тиімді ме?

3 692 просмотра

Атырау облысында апиынды алмастыру терапиясын енгізу жұмыстары басталды. Тамырға жіберу арқылы есірткі пайдаланатын нашақорларға есірткіні метадонмен алмастыруды ұсынады.

«ТІПТІ РӨЛГЕ ДЕ ОТЫРУҒА БОЛАДЫ»

Бұл мәселе облыстық денсаулық сақтау басқармасы, құқыққорғау органдары, наркодиспансер және ВИЧ/ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығының өкілдерімен кездесу кезінде талқыланды.

Бүгінде апиынды алмастыру терапиясын жүргізудің пилотты жобасына еліміздің 10 қаласы қатысады. Басты мақсат – ВИЧ және басқа жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу, есірткіге тәуелділердің ауыр психобелсенді заттарға құмарлығын төмендету, олардың физикалық және психикалық жағдайын жақсарту. Біз оларға қоғам мен отбасына қайта оралуына көмектескіміз келеді, қылмыстық құбылыстардың алдын алғымыз келеді, - дейді денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Түркіменбай НҰРЖІГІТОВ.

Облыстық наркологиялық диспансер есебіне 815 есірткіге тәуелділер тіркелген. Бұл тегіс қамтылған цифр емес. Апиын тобындағы есірткілер ді негізінен 35-тен 50 жасқа дейінгі ересектер тұтынады. Ал анағұрлым жастары каннабиоидтар қатарындағы заттарды пайдаланады. Қазақстанда соңғы жылдары есірткіні инъекциялық тұтыну күрт көбейген, соның салдарынан ВИЧ инфекциясының кең таралғаны байқалады.

Қазіргі кезде көп елдерде дәрі-дәрмекпен емдеуден бастап, кешенді оңалту тәжірибесіне дейінгі наркологиялық көмек жүйесі өзгеруде. Қазір қолданылып жүрген оңалту бағдарламалары жеткілікті тиімді емес: жыл ішінде ремиссия (ауру бетінің қайтуы) 8-10% жағдайда орын алады. 90% жағдайда туындайтын рецидив (аурудың қайталануы) тұрғысында дәріні артық мөлшерде беру ықтималдығы артады. Метадонды дұрыс мөлшерде қолданса қауіпсіз болады. Оны тіпті жүкті әйелдерге де тағайындауға болады, ол масайрау сезімін тудырмайды. Метадон қолданушылар тіпті көлік жүргізе алады, - дейді облыстық наркологиялық диспансердің нарколог дәрігері Аманжол ҚАБИЕВ.

Алмастыру терапиясы әлемде 1960 жылдан бастап қолданылып келеді және апиынға тәуелділікті емдеудің тиімді әдісі болып табылады. Оның өз критерийлері бар: метадон терапиясы үш жылдай уақыт героинді тамыр арқылы тұтынған, стационарда бірнеше рет емделуге әрекет еткен тұлғаларды емдеуге ғана арналған. Соңғы критерий ВИЧ/ЖИТС-қа шалдыққан жандарға міндетті емес. Бұдан басқа, бағдарламаға қатысушылар оған ерікті түрде келеді және құпия негізбен емес. Алмастыру терапиясын жақтаушылар мынадай цифрларды атап отыр: метадонның тәуліктік мөлшерінің құны – 122 теңге, есірткіге тәуелділерге ол тегін беріледі. Ал есірткіге тәуелді адамның стационарда болу және емделу құны - 8-10 мың теңге.

Бүгінде Қазақстанда алмастыру терапиясы бағдарламасына 309 адам қатысады. Оның 72-сі ВИЧ-ке шалдыққан. Пациенттердің 79,5%-ында есірткіні инъекциялық тұтыну өтілі 10 жылдан асады. Бағдарлама барысында 31 пациент жұмысқа орналасты, 8-і отбасын құрды.

Бағдарламаға қатысушылар метадон беру қосындарына келеді, бұл жерде оларға күніне бір рет дәрі береді (ол сұйық түрінде болады, ауыз арқылы қабылданады, сондықтан ешқандай шприц қажет емес).

«БҰЛ БӘРІБІР ЕСІРТКІ»

Ал бағдарламаға қарсы болғандар да бар. Соның ішінде, наркодиспансердің жергілікті мамандары бар. Рас, олар өз пікірлерін кездесуден тысқары кезде білдірді.

Метадон бұл бәрібір синтетикалық есірткі. Сондықтан нашақорды бір есірткіден екіншісіне көшірген болып шығамыз, - деп есептейді опоненттер. – Оны қабылдаған кезде азғана масайрау сезімі болады. Әрине, героин қолданғандай күшті емес. Ал героин нашақорларына қарағанда метадон тұтынушыларда «сыну» ұзағырақ болады. Бұдан басқа, күніне героиннің 4 мөлшері қажет болатын тәжірибелі нашақорға тәулігіне метадонның бір мөлшерінің жеткілікті болатындығына сенім жоқ. Бұл препарат оған тіршіліктен қол үзбеуге мүмкіндік береді. Ал препаратты алғысы келетіндер бар және бола береді де, әдетте, бұлар героин алуға қаржы табуға мүмкіндігі қалмаған тәжірибелі нашақорлар.

Өз кезегінде, облыстық ВИЧ/ЖИТС-тің алдын алу орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Гүлнар ОМАРОВА алмастыру терапиясы ВИЧ таралуға қатысты ахуалға бақылау жасауға мүмкіндік береді деп есептейді. Облыс аумағында алғаш ауру жұқтырған пациент 1993 жылы тіркелді. Ал бүгінде ресми тіркелген жағдай - 220 болды. Ауру жұқтырғандардың 60%-ы – Атырау облысының тұрғындары, 13,6% - Қазақстанның басқа өңірлерінен келгендер, қалғандары – шетелдік азаматтар. Соңғы жылдары ауру көбінесе жыныстық қатынас арқылы жұқтырылса да, ауру жұқтырған адамдардың серіктері инъекциялық нашақорлар екендігі анықталып жүр. Біздің облысымызға бағдарламаны енгізу мерзімі әлі анықталмаған. Егер бүкіл қаржылық мәселелер шешілетін болса, онда жыл аяғына дейін, әрі кеткенде – келер жылдың бірінші тоқсанында енгізілетін болар. Метадонды беру қосыны наркологиялық диспансер ғимаратында орналасатын болады. Бағдарламаға қатысқысы келетіндер табылып тұр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ. Метадон – апиындар тобына жататын, анальгетик ретінде, сонымен қатар есірткіге тәуелділікті емдеуде қолданылатын синтетикалық дәрілік препарат. Бірқатар елдерде алмастыру терапиясында «ауыр» есірткі героинді алмастырушы ретінде қолданылады. 2005 жылы қолданылған демеушілік бағдарлама шеңберінде ғана пайдаланылуы тиіс деген ескертпемен ДДСҰ тізімінің «Психотропты заттарға тәуелділікті емдеу бағдарламасында қоданылатын дәрі-дәрмектер» бөліміне енгізілген.
28 шілде 2016, 22:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.