Атырау, 23 сәуір 15:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

​Бір жарым келі есірткі үшін үш жарым жыл берді

2 549 просмотра

Махамбет аудандық соты есірткі сақтаған жергілікті тұрғынды 3,6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Облыстық ІІД қызметкерлері оны мамырдың 8-і күні Алмалы ауылында көшеде кетіп бара жатқан жерінде ұстаған. Тексеру кезінде оның қолындағы екі пакеттен жалпы салмағы 875 грамм болатын кептірілген мариухана табылған. Ал кейін өзі жұмыс жасайтын шаруа қожалығы қорасының ішінен салмағы 580 грамм болатын марихуана тәркіленеді.

ҚР ҚК-ның 296-бабы 4-тармағымен («Аса ірі мөлшердегі есiрткi заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау») қылмыстық іс көтеріліп, тергеу жүргізілді, кейін іс сотқа жолданды.

Сот оған 3,6 жылға колонияның жалпы режимінде жазасын өтуге үкім шығарды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

25 шілде 2016, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.