Атырау, 5 мамыр 05:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Елірген жүргізушіге үкім шығарылды

2 792 просмотра

Қызылқоға аудандық соты Сағыз ауылының тұрғынын жол-патрульдік полиция инспекторларына бағынбағаны үшін екі жыл бас бостандығын шектеу жазасына кесті.

Осы жылдың 8 сәуірінде Сағыз ауылындағы Ноғайты өзенінің жанында жергілікті жол-патрульдік полициясы ИМЗ-8-103 маркалы мотоциклдің жүргізушісін тоқтатады. Жүргізушінің мотоцикл құжаттары болмаған. Инспекторлардың бірі мотоциклді айыппұл тұрағына қою үшін көлік алып келуге кеткен. Сол кезде жүргізуші екінші инспектордың бетінен ұрып, оқиға орнынан бой тасалайды.

Бұл факт бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабымен («Билік өкiлiне қатысты күш қолдану») қылмыстық іс қозғалған болатын. Қызылқоға ауданы прокурорының орынбасары Серік ЖАҢАБАЕВ хабарлағандай, сотталушы екі жыл бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Айнұр САПАРОВА

14 шілде 2016, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.