Атырау, 5 мамыр 10:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Жасөспірімдерді ұрлық жасауға итермелеген

2 880 просмотра

Жасөспірімдерден құралған қылмыстық топтың ұйымдастырушысы екі жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ал, оның тапсырмасын орындаған кәмелеттік жасқа толмаған екі жасөспірім қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

2015 жылдың қазанында К. есімді азамат кәмелеттік жасқа толмаған баланы ұрлық жасауға көндіреді. Олар екеуі бірге Тасқала-2 ауылында тұрған «Daewoo Matiz» көлігін ұрлап айдап кетеді. Ал, қарашада сол жасөспірім бір өзі есігі ашық күйде қалдырылған «ВАЗ 2104» көлігін айдап кеткен. Алайда ол алысқа ұзап кете алмады, себебі жолда көлік қозғалтқышы өшіп қалып, ол оны жолда тастап кетуге мәжбүр болады.

Сәл кейін К. енді үш жасөспірімнен құралған топ құрады. Олар түнде Жерұйық, Самал ықшам аудандары, Ракуша ауылдарындағы қараусыз қалған үйлерге терезеден кіріп, ақша, ұялы телефондар және басқа да бағалы заттарды ұрлаған.

Осылайша жәбірленушілерге 2 млн теңгеден астам қаржы материалдық залал келтірілген.

«Сотта жәбірленушілер медиация тәртібімен бітімге келуіне байланысты кәмелеттік жасқа толмағандарды қылмыстық жауапкершіліктен босатып, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады», – деп хабарлайды Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі. Бұл соттың қаулысымен кәмелетке толмаған үш жасөспірім қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Ал, қылмыстық топтың ұйымдастырушысына №2 Атырау қалалық соты екі жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

14 шілде 2016, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.