Атырау, 5 мамыр 06:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Бір қарақшы сотталды, екіншісі табылмады

2 950 просмотра

Шетел азаматына дене жарақатын салып, тонап кеткен қарақшыға жеті жарым жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

8 ақпан күні кешке Атырауда сотталушы ҚОСАҚБАЕВ және түр-тұлғасы анықталмаған ер адам екеуі беттеріне маска киіп, өзінің көлігіне мінгелі жатқан Түркияның К.Н. есімді азаматын аңдып жүрген. Олар оның артынан келіп, электрошокермен ұрып құлатып, аяғынан оқ атқан. Кейін оны өзінің көлігіне салып, қаланың шетіне шығып кетеді. Ол жерде оның ақшасы мен ұялы телефонын қолды етеді.

№2 Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыскерлер жәбірленушіден 500 мың теңгеге жуық ақшаны тартып алған және оның денесіне орташа деңгейдегі жарақат салған. Қарақшылық шабуыл жасап, адам ұрлағаны және көлікті айдап кеткені үшін сот Қосақбаевқа мүлкін тәркілеумен бірге қатаң режимдегі колонияда 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

14 шілде 2016, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.