Атырау, 5 мамыр 12:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Қабдеш Жұмаділов: „Бірдеңежанды„ атанғанша, ұлтшыл деген атағымды сақтап қалғым келеді", "Террормен күрестің ескерілмеген сабағы", "Мәдинадағы жарылыс нені көздейді?", "Жерком үгіт бригадасына ұқсап барады", "Төлешевтің "төңкерісі". Аңыз ба, ақиқат па?",

3 213 просмотра

AZATTYQ.ORG. "AzattyqLIVE: Жер комиссиясы не тындырып жатыр?" - AzattyqLIVE хабарында үкімет жанынан құрылған жер комиссиясының жұмысы туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевпен талқылады.

"Террормен күрестің ескерілмеген сабағы" - Ресейде «№1 террроршы» атанған атышулы Шәміл Басаевтың қаза тапқанына он жыл болды. Ресей билігі оның өлімін террормен күрестегі шешуші оқиға деп атаған.

"«Қазақгейт» ақшасын қайтару тәжірибесін өзге елдерде пайдалану" - Ұлыбритания басылымдары «Қазақгейттің» тәркіленген ақшасын игерген «Бота» қорын дамушы елдердегі халықты тонаумен күрестің жеңісіне балайды.

KAZ.365INFO.KZ. "Қабдеш Жұмаділов: „Бірдеңежанды„ атанғанша, ұлтшыл деген атағымды сақтап қалғым келеді" - Ғаламдану заманында ұлттық болмысты сақтау өте күрделі. Сондықтан ұлттық намысты жанып, ұйқыдағы сананы сілкінтер ойлар ортаға ұдайы тасталып отыру керек. Бұл ретте, біз Қабдеш Жұмаділовтің ой-толғамдарынан үзінді келтіруді жөн көріп отырмыз.

"Мұхтар Тайжан: «Ресей өзінен әлсіздер мен кішілерге ғана күші жететін ел»" - Қоғам қайраткері, саясаткер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «күні кешегі НАТО саммиті несімен маңызды? Осыған көңіл бөлдік пе? Осы туралы айтайын» — деп, пікір білдіріпті.

ZHASALASH.KZ. "Он ұлдан оғлан шықпаса..." - Президент Н.Назарбаев Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасына қатысатын спортшыларды қабылдап, ақ жол тiледi. 5-тамызда салтанатты ашылу рәсiмi өтетiн Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасында елiмiздiң делегациясын таеквондошы Руслан Жаппаров бастап шығатын болды. Ту ұстаушы таеквондошы туралы сәл кейiнiрек. Алдымен жазғы Олимпиада ойындарында жағамызды ақ жайлау ететiн саңлақтардың арасында боксшылардан қандай жүлде күтетiнiмiз жөнiнде баяндайық. Президентпен алқа-қотан отырыста әлем чемпионы, жазғы Азия ойындарының екi дүркiн жеңiмпазы боксшы Данияр Елеусiнов “Олимпиаданың алтын медалiн алып келемiн" деп ердiң сөзiн айтты. Бокстан ұлттық құраманың бас бапкерi Мырзағали Айтжановтың “жүктелген мiндет 2 алтын медаль, жалпы жиыны бес медаль арқалап қайтуымыз керек" деген уәдесi де бар.

DALANEWS.KZ. "«Қазкоммерцбанктың» Таир Қалдыбаевтың қазасы жайлы мәлімдемесі" - «Қазкоммерцбанк» АҚ және оның бас акционері Кеңес Рақышев, қаржы институтының қызметкерлері, сондай-ақ қоғам өкілдері қазақстандық кәсіпкер Таир Қалдыбаевтың қайғылы қазасы туралы естіп, қатты күйзелудеміз және оның отбасына, туған-туыстары мен таныстарына шын ниеттен көңіл білдіреміз.

"Қ. Жүкешеев. Орыс әдебиетіндегі “деревенская болезнь"" - Белгілі философ Қанағат Жүкешеев “Жұлдыз" журналына қазақ тілінің мәдени кеңістіктегі орнын және қазақы дүниетанымның шығармашылық әлеуетін сараптаған “Қазақ тілінде қандай мәдениет жасалды?" деген терең талдауы жарияланыпты. Қазақ әдебиеті, бейнелеу өнері, скульптура саласындағы шығармашылық үлгілердің жалпы бағыты мен бағдарына шолу жасап, ондағы кемшіліктерді ашалап көрсете отырып, ол кемшіліктер неден шығады, мәдениет дамымаған ұлтта қандай жадағай бейнелер мен іс-әрекеттер көрініс береді, мәдениет пен билік жүйесінің арақатынасы қалай болу керек деген сұрақтарға да толымды жауап берген. Әрқашан бөлекше ойлап, өзгеше сараптайтын ойшыл ғалымның бұл кеңқұлашты мақаласы оқырмандарды бейжай қалдырмас деген ниетпен жариялап отырмыз.

ABAI.KZ. "Жерді шетелге жалға беру – мемлекеттік қылмыс" - Жерге байланысты жарияланған мораториядағы негізгі мәселе, – ол 1,7 млн га жерді шетелге (Қытайға), не шетелдік үлесі бар компанияларға 25 жылға жалға беру туралы 2015 жылы қарашада Жер Кодексіне енген өзгеріс. Жер комиссияның облыстардағы отырыстарында осыған байланысты сұрақтар мен талаптар, жалпы қаралатын мәселелердің 80 пайыздан астамын құрағанмен, ол қоғамды екіге бөліп, біржақты келісім таппай келеді. Осы мәселеге байланысты жасалған зерттеулер мен халықаралық тәжірибеге сүйенсек, төмендегідей қорытынды жасауға болады.

"Жерком үгіт бригадасына ұқсап барады" - Жер реформасы жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы Қызылорда облысының Нағи Ильясов атындағы ауылында өтті. Жасырын түрде өтті десек те болады, себебі халыққа алдын ала хабарланбады. Біз де кездейсоқ естіп қалып бардық.

"Төлешевтің "төңкерісі". Аңыз ба, ақиқат па?" - Билікті заңсыз басып алуға әрекет етті деп айыпталып отырған бұрынғы бизнесмен Тоқтар Төлешев Қазақстанның вице-президенті болуға ұмтылып, артынша мемлекетті басқарғысы келген деп хабарлайды.

QAMSHY.KZ. "Жириновский: Алматыдағы Масанчи көшесі мен №25 мектепке менің атымды берсе..." - Қазақстаннан арнайы келген РЛДП көшбасшысы Владимир Жириновский қазақстандық журналиске сұхбат беріп, сөз арасында Алматыдағы Масанчи көшесі өзінің атымен аталса еш қарсылық білдірмейтінін айтып қалды.

ULT.KZ. "Мәдинадағы жарылыс нені көздейді?" - Мәдина қаласындағы ардақты пайғамбар мешіті әлем мұсылмандары үшін Меккедегі әл-Харам мешітінен кейін екінші қасиетті орын саналады. Ал күні кеше осы ардақты пайғамбар мешітінің жанындағы жарылыс – дін исламға жасалған қастандық. Дінді шапан етіп жамылған террористтер үшін діннің де, қасиетті мешіттердің де бақырдай құны жоқ екеніне тағы куә болдық.

QAZAQUNI.KZ. "Қазақтың жерін басып жүрген барлық этнос өкілдері мемлекеттік тілді білуге міндетті!" - Мәжілістің 26 жастағы ең жас депутаты Геннадий Шиповских депутаттық сауалдарын тек қазақ тілінде жолдауға уәде берді.



11 шілде 2016, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.