Атырау, 5 мамыр 08:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"НАТО саммиті екінші қырғиқабақ соғыстың басы ма?", "«Ыстамбұлдағы жарылыстар Ресейдің жымысқы тірлігі» — Әзімбай Ғали", "Он пайыз жер оралманға қалсын. Саясаткерлер не дейді?", "Ермек Тұрсынов: шалдарымыз адасып жүрсе, жастарға не жорық?!"

2 099 просмотра

KAZ.365INFO.KZ. "Биыл тағы киік қырыла ма? «Гептил қорадағы малға да ауыз салуда» — эколог" - «Протон», «Союз» зымырантасығыштары Ақтөбе, Қостанай облыстарындағы таза аумақтарға құлайтын болса, нағыз «киік қырылған» нәубеті сонда болады».

"«Ыстамбұлдағы жарылыстар Ресейдің жымысқы тірлігі» — Әзімбай Ғали" - Саясаттанушы Әзімбай Ғали бүгін түнде Ыстамбұлдағы әуежайда болған лаңкестік оқиғаны тікелей Ресеймен байланыстырып отыр. Оның ойынша, Түркияның лайықты деңгейде кешірім сұрамауы Ресейдің шамына тиген.

AZATTYQ.ORG. "НАТО саммиті екінші қырғиқабақ соғыстың басы ма?" - Екі жыл бұрын Уэльсте өткен НАТО саммитінде басталған көп мәселе Варшавада жалғаспақ. НАТО елдері басшылары Уэльсте «төтенше жағдайда» бас қосқан еді. Енді бұл одақ ұзақ та шиеленіскен араздыққа әзірленіп жатыр. Кей саясаткерлер саммит шешімдерінің әсері ондаған жылдарға созылады дейді.

"«Казкоммерцбанк» талап-арызы қайғыға ұласты" - Бүгін Алматыда «Казкоммерцбанк» арызы бойынша сотталған Тайыр Қалдыбаевты жерлейді. Ол шілденің 5-і күні Алматыдағы абақтыда асылып тұрған жерінен табылған. Кәсіпкер қазасынан екі күннен кейін Казкоммерцбанк «ол материалдық шығынды толық өтеді» деп мәлімдеді, бірақ сот кезінде оны мойындамаған еді.

"Кісенделген адвокаттың оқиғасы" - Астанада адвокат Бауыржан Азанов сот ғимаратында қолына кісен салған полицейлерді жазаға тарттыруға тырысып жүр. Оның ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары тоқтатылған. Бүгін Астананың Сарыарқа аудандық соты оның шағымын қабылдамай тастады.

ZHASALASH.KZ. "Макарон жеп өскен ұрпақта күш-қуат бола ма?" - Шiлдеге ең төменгi күнкөрiс деңгейi 22 182 теңге көлемiнде белгiлендi. 182-сiн былай қойғанда, 22 мың теңгеге осы күнi адам өмiр сүре ала ма? Басқасын қозғамағанның өзiнде, Астана мен Алматы сияқты қымбат қалаларда 22 мың теңгенi “Магнумге" бiр барғанда-ақ қалдырып кетесiң. Сонда қалған күндерi қалай өмiр сүруге болады?

"Беларусьтiң рублiнен отаншылдық сезiледi" - Беларусьтiң 2000 жылдан бастап қолданысқа енген ескi ақшасы 4 нөлi қысқар­ған жаңа банкноттармен алмастырылды. Деноминацияға сәйкес, тауар құны мен қыз­меттiк тарифтер ендi 1:10 000 шамасында қайта есеп­те­ледi. Яғни бұған дейiн 100 мың рубль болған заттың бағасы бұдан былай небәрi 10 рубльдi құрайды. Бұл еңбек­ақы, зейнетақы, шәкiртақы сияқты басқа төлемдерге де қатысты.

DALANEWS.KZ. "Досай Кенжетай: Шымкент салафиттердің ордасына айналды" - Белгілі теолог, дінтанушы, философия ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай “Қала мен Дала" газетінің сайтына арнайы сұхбат берді. Ақтөбедегі лаңкестік оқиғадан кейін елімізде терроризммен күресудің тиімді жолы бар ма деген сұрақ туындағаны шын. Бұдан бұрын да талай жылдан бері айтылғанымен, билік өкілдері “ешқандай террористік қауіп жоқ, болған күннің өзінде алдын алуға даярмыз" деген еді. Бірақ соңғы уақыттары биліктің өзі бұл мәселені қоғамдық талқыға салуға мүдделілік танытып отыр.

"Матрицадан шығу" - Танымал психолог, профессор Пол Экман ұзақ жылдар бойы адамның дене бітімінің қимылын, түр-әлпетінің қозғалысын (беттiң қызаруын, тыныс алуын, көздің қозғалысын) зерттеп, зерделеп, дәлелді сараптамалар негізінде кітап жазып шыққан болатын. Осы кітап желісінде 2009-2011 жылдары режиссерлер «Мені алда» деген фильм түсірді.

INFORM.KZ. "Қанат Ислам: Биыл біздің боксшылар Риода алтын медальдар саны жағынан тарихи рекорд жасайды" - Белгілі кәсіпқой боксшы Қанат Ислам ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат беріп, Риода Қазақстан боксшылары алтын медальдар саны жағынан тарихи рекорд жасайды, деп мәлімдеді. Енді сол шағын сұхбатымызды назарларыңызға ұсынайық.

ABAI.KZ. "«Қоғамдық палата» құру –мемлекетті тиімді басқарудың қажеттілігі" - Кейінгі жылдары әлем күрт өзгерісте, кейде ертең не болатынын білу қиын. Дүниежүзінде болып жатқан дағдарыс және әлеуметтік-саяси өзгерістер, әр түрлі нәубаттар, Қазақстанды да айналып өтпейтіні анық. Осылардан бойымызды алып шығу үшін және де, ішімізде де елдің әл-ауқатын көтеру, экономикамызды үдемелі дамыту үшін, түбегейлі өзгерістер жасауымыз керек болады. Әрине мұндай жаңашыл өзгерістер біреуге жақса, екіншілерге жақпауы да мүмкін. Стратегиялық жағынан ұтымды болса да, кейде халыққа уақытша ауыр тиуі де мүмкін.

"Он пайыз жер оралманға қалсын. Саясаткерлер не дейді?" - Жерді әуелде шетелдіктерге сатпақ болып, халық наразылығы өршігеннен соң оны жалға беріп, пайдаға кенелуді ойлаған Үкіметтің бастамасына Президенттің өзі пәрмен беріп, арнайы комиссия құрылды.

ULT.KZ. "Ермек Тұрсынов: шалдарымыз адасып жүрсе, жастарға не жорық?!" - Ермек Тұрсынов – таныстыруды қажет етпейтін есім. Аты да, заты да бөлек фильмдерінің қай-қайсысы да артынан дау ілестіре жүрді. Шу-шырқан тудырды. Кинолары ғана емес, өзі де солай. Бір сұхбаты шықса, ай жарым талқыланып жүргені. Бір мақала жазса, жұрттың бәрі көшіріп басып жатқаны. Ал біз… тек кино туралы сөйлестік…

"Өрмекші торы әдісі немесе Қазақстанды теміржолмен «торлау»" - Жердің кеңдігі – үлкен байлық. Мәселе сол байлықты халықтың игілігіне жарату. Жер игілікке айналу үшін оны игеру қажет. Ал игерілген жер ғана байлық көзі болып табылады. Қазақстанды теміржолдармен, автожолдармен «торлау» — жерді игеруге зор ықпал етер жұмыс болары сөзсіз. Әзірге, аталмыш саладағы күре жолдар Қазақ жерін шеттеп айналып жүретін бұрынғы кеңестік жүйеден толық арылып кете алмай отыр. Сондай аймақтың бірі – Қостанай.

NUR.KZ. "Қазақстандықтар педофил туыстарынан қалай зорлық көргенін ашық айта бастады" - Украиналық әйелдер "#менайтуғақорықпаймын" (#яНеБоюсьСказать) атты флешмоб бастап кетті. Аталмыш флешмобқа еліміздегі педофилдердің құрбандары да қосылып, туысқандарынан қалай жәбір көргендерін баяндады.




8 шілде 2016, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.