Атырау, 5 мамыр 11:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Ендігі жиһад Қазақстаннан шығайын деп тұр ма?", "Балқаштық лаңкестер: оразада жасалған терактіні әлем экстремистері жоғары бағалайды", "Патшаға қарсы шықты батыр халық", "«Британияның Иракқа шабуылына заңды себеп болмаған»"

2 135 просмотра

AZATTYQ.ORG. "«Британияның Иракқа шабуылына заңды себеп болмаған»" - Жеті жыл жүргізілген тергеуден кейін қоғамдық комиссия осындай шешім шығарды.

"Тарифтен шыққан бүлік" - Теміртау тұрғындары үкіметтен «президенттің қаласында» тарифтерді қымбаттатуға жол бермеуді сұрайды. Олар мұны ашық тыңдауда мәлімдеді. Шенеуніктер шығынның көбейіп кеткенін айтып, тұрғындардан «байқап сөйлеуді» сұрады.

"Диктатордан құтылған Туниске енді кедейлік пен ИМ тиді" - Тунис – «Араб көктемі» нәтижесінде қалыптасқан жалғыз демократиялық мемлекет. Оған қоса бұл – Ирак пен Сирияның бірқатар жерін соғыс алаңына айналдырған «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымын шетелдік содырлармен ең көп қамтамасыз етуші ел.

KAZ.365INFO.KZ. "Ендігі жиһад Қазақстаннан шығайын деп тұр ма?" - Терроризммен ондаған жылдар бойы соғысқан Ресей енді тағы да терроризмге тап болуда. Ақтөбедегі лаңкестік актілері кенеттен террористердің Ресейдің күтпеген жағындағы шекара маңында тұрғанын көрсетті.

"Мұнай Қазақстан үшін әлі маңызды. Қазақстан әлі Катардан озуы мүмкін" - Мұнай Қазақстан үшін әлі маңызды. Мұнай бағалары енді көтерілмейді дегенге қарамастан, мұнай экспорты ел экономикасында елеулі орынға ие. Сондықтан Chevron-ның мұнай өндіруді кеңейту жөніндегі жоспарлары — шын мәніндегі жағымды жаңалық.

ZHASALASH.KZ. "Қыдыр атаның «тұяғы» және 1 млн астаналықтан 100 млн қазаққа дейiнгi тұспал" - Кiм не десе, о де­сiн, Әсет Исекешев Астанаға қыдыр боп дарыды. Әйтпесе кiм келiп, кiм кетпеген Астана бұл?! Сол әкiмдердiң қайсысы халық санын еселеп арттыруға үлес қоса алып едi? Ешбiрi де! Ал Исекешев қала тiзгiнiн қолына алғанына екi апта толмай жатып, астаналықтарды 1 миллионға жеткiздi. Ендi осы көбейгенiмiз көбейген. Құдай қаласа, шiлде туған сайын Астана жұрты миллиондап арта бередi. Нұрекең тоқсанға толғанда тiптi қазақтың саны 100 миллионға жетуi де мүмкiн.

"Қоқыс жәшiгiндегi ұлттық сана" - Алматы қаласының әкiмдiгi қала тұрғындарын тұрмыстық деңгейден бастап ұлттық рухта тәрбие­леудi қолға алмақ. Қала билiгi мұндай жоғарғы материялы мақсат­қа жетуге 170 миллион теңгеден астам қаржы жұмсамақ.

"Патшаға қарсы шықты батыр халық" - 1854 жылды Верный бекiнiсiнiң iргесi қаланған жыл десек, Ұлы жүз қазақтарының басым көпшi­лiгiнiң Ресей бодандығына кiрген жылы да болып табылады. Айналасы отыз жылдың әр-жақ бержағында Қытай шекарасына де­йiнгi жерлерге орыс, украин қоныстанушылары орналасып, Нарынқол ауданында бiрқатар елдiмекендер пайда болды. Олар: Таврическ (Сарыжаз), Шулак (Жылыбұлақ), Мещанск (Ор­та Қақпақ), Красноярск (Текес), Охотничий (Нарынқол). Бұрыннан берi осы жерлердi мекен еткен Албандар келiмсектермен араласып, тiршiлiк етуге мәжбүр болды. Орыс қара шекпендiлерi­нiң жер өңдеу, үй салу, егiн егу, сауда жасау секiлдi тәжiрибе­лерiн үйрене бастады.

ABAI.KZ. "1916 жылғы көтерілістің мемлекеттік думада қаралуы" - 1916 жылғы қазақ ұлт-азаттық көтерілісі жеңіске жеткен жоқ, бұл рас. Бірақ ол барша Түркістан өлкесіндегі көтерілістермен бірге Ресей империализмінің мызғымас қамалын бұзған, монархияның құлауына жол салған, патшалыққа қарсы жұмсалған аса зор, күшті де қуатты соққылардың бірі болды. Сондықтан да Он алтыншы жыл көтерілісін зерттеу, оны күллі сол шаққы ауқымында, барша түркі халықтары ішінде орын алған үдерістер ауқымында, Ресейдегі революциялық-демократиялық қозғалыс ауқымында қарастыру ешқашан маңызын жоймайды. Мәселені мұндай кешенді түрде қарау арқылы біз кешегі «ұлттар теңдігін қамтамасыз етіп, ұлт мәселесін шешті» делінетін бірліктен, озбыр күш пен идеология біріктірген Кеңестер Одағынан шығуға тырысуымыздың сырын ұға түсеміз.

QAMSHY.KZ. ""Евразия" арнасының мазағына қашанғы төзе береміз?" - «Евразия» арнасының көрерменді ғана емес, Қазақстанды мазақ еткен кезекті қойылымы тағы да арна эфирінде жалғасты.

"Балқаштық лаңкестер: оразада жасалған терактіні әлем экстремистері жоғары бағалайды" - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі 26 маусымда Қарағанды облысының Балқаш қаласында және Гүлшат елді мекенінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны қолдану арқылы террорлық актіні жоспарлаған радикалды топтың іс-қимылының жолы кесілгенін хабарлады. Террорлық актіні дайындады деген күдікпен аталған топтың 5 мүшесі қамауға алынды. Гүлшат кентінде қылмыскерлерді ұстау барысында терроршылардың біреуі өз-өзін жарып жіберіп, алған жарақаттардан көз жұмды. Абырой болғанда басқа құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

ULT.KZ. "Дулат Исабеков. Сөз бар, құлақ жоқ, құлақ болса, құлық жоқ" - Жасымыз біразға келген соң қоғамдағы құбылыстарды бұрынғы кезеңмен салыстырып қараймыз. Ал отыздың ар жақ бер жағындағы жастар бұрынғы уақытта сөздің әсерінің қандай болғанын көрмеген соң салыс­тыра алмайды. Коммунистік партияның бәрімізді бұйдалап ұстап тұрған тұсында да кез келген саладағы кемшілікті айтуға, жазуға болатын, директордың, орынбасардың өзге де лауазымды қызметкерлердің жұмысы сыналатын, бірақ партияға тіл тигізбейтін.

"Ауылды сақтау — қазақты сақтау" - Тіршілікті ілгері сүйреуші, қайнары, әркімнің алдына қойған мақсаты, үміті оның жетекшісі емес пе. Мақсатың түзу болса, өмір соқпағың да жөн. Қисық соқпақты салып алатын да тағы пенденің өзі. Сол қисық жолға түсірмейтін де ата-бабаның салт-дәстүр, тәлім-тәрбиесі. Ата-бабасын ұлық тұтпайтын қазақтың баласы кемде-кем. Мақтана білудің де жөні бар шығар, шегі болар. Өз әкем керемет екен деп, халық мойындаған басқаның елге пана болған азаматының жолын кесу, қасақана жарамсыз пікір тарату үлгіге жата қояр ма екен.

DALANEWS.KZ. "М. Мағауин. Кітап және қаламгер" - Жазудан үміті бар талапкер оқуға да ынталы екен дейік. Бірақ кітап көп, қайсы бірін оқып тауысарсың. Және соның бәрін оқу қажет те емес. Кейбір шалағай-шалыс кітапты оқығанның өзі зиянға шығуы мүмкін. Сондықтан іріктеу керек, талғам, талап керек.

TURKYSTAN.KZ. "Қайталама тұрғын үй нарығында қалыпты жағдай" - Елімізде баға саясатының өзгеріске ұшырауына қарамастан, жылжымайтын тұрғын үй құнының арзандауы жыл соңына дейін жалғаса бермек. Мұндай болжамды Homsters.kz компаниясының сарапшылары ұсынып отыр.





7 шілде 2016, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.