Атырау, 5 мамыр 07:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Сегіз жылды арқалады

2 080 просмотра

Мақат аудандық соты адам өлтірді деп айыпталған 45 жастағы Доссор поселкесінің тұрғынына үкім шығарды.

Оқиға осы жылдың сәуірінде Доссорда болған. Жергілікті үш тұрғын кездесіп қалып, бірінің үйінде ішпек болады. Кейін екі ер адамның арасында келіспеушілік орын алып, үйдің иесі олардан сыртқа шығуларын өтінеді. Екеуі сыртқа шығып бара жатқанда біреуі қолына асүйдегі пышақты іле кетеді. Сол пышақты қарсыласының кеуде тұсына салады. Жәбірленуші алған дене жарақатынан ауруханада көз жұмды.

Мақат ауданы прокурорының орынбасары Мақсат ШАРИПОВТЫҢ хабарлағанындай, сотталушы ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-тармағы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

6 шілде 2016, 20:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.