Атырау, 5 мамыр 04:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Жалған лаңкес ұсталды

2 007 просмотра

Image 0Бүгін, 5 шілдеде сағат 16.18-де «102» пультіне ер адам қоңырау шалып, масаң дауыспен «Атырауда теракт болады» деп хабарлап, тұтқаны қойып тастаған.

- Бүкіл күш құрылымдарына хабардар етіліп, жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде жұмыс жасамайтын, бұрын сотталған Атырау қаласының 1951 жылғы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол мас күйде болған, - дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА. – 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын ҚР ҚК-нің 273-бабы («Дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау») бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

5 шілде 2016, 23:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.