Атырау, 5 мамыр 02:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Ержан Қажы Малғажыұлы: «бізге таза ислам тек 90-жылдары келді» дейтіндер – дәстүрді мойындамайтындар»", "Еуропамен ағылшынша қоштасу әлемдік экономикаға елеулі әсерін тигізуде", "Матаевқа қандай жаза бұйырады?", "Ұлт мәселесi және қазақтар"

2 174 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Декларациялауды ысыра тұрудың себебі неде?" - Кіріс-шығыс декларациясын кейінге қалдыруды ұсынған депутаттар мемлекеттік органдар мен халықтың дайындығында кемшілік барын айтады. Ал сарапшылар мұның сырын басқадан іздейді.

"Түркіменстанның Ауғанстанға қатысты саяси таңдауы" - Түркіменстан сыртқы істер министрі Рашид Мередов маусым айының соңында Ауғанстанның солтүстік-батысындағы үш провинциясына барды. Бірақ мұндай сирек болатын сапар жайлы баспасөзде көп ақпарат жарияланбады.

KAZ.365INFO.KZ. Қазақ қыздары неге арзан? Кім көрінген пайдаланып жүр!» — журналист" - Қоғам қайраткері, белгілі журналист Сәуле Мешітбайқызы қазақ қыз-келіншектерінің бүгінгі ахуалына алаңдап, отандық баспасөзде үлкен мәселе көтерді. «Көкек ана» көбеймес үшін, тастанды бала өрбімес үшін, қазақ қызының құны арзандамас үшін, отбасы деген киелі дүние шайқалмас үшін ол кісі бүгінгі қоғамға қажетті үш керекті атады.

"Қазақта сәукелені ер адамдар да киген – мәдениеттанушы" - Қазақ киімдерінің ең әдемісі, көріктісі және ерекшесі де сәукеле. Қазақтардың бабалары – сақ-скифтердің бас киімінің биік болғаны көне грек тарихшыларының жазбаларынан белгілі. Сақтардың бас киімінің нақты суретін атақты Бихустан жартасында бейнелеген сақ көсемі Скунханың бас киімінің биік болғанынан көруге болады. Есік қорғанынан табылған сақ ханзадасының бас киімінінен де сәукелеге ұқсастық айқын байқалады.

QAMSHY.KZ. "Матаевқа қандай жаза бұйырады?" - Мемлекет қаражатын жымқырды, жалған кәсіпкерлікпен айналысып, салық төлеуден жалтарды деген айыптар тағылып, үй қамаққа алынған Қазақстан журналистер Одағының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының басшысы Сейітқазы Матаевқа тағылған айыптар алаяқтық және салық төлеуден жалтару баптарына ауыстырылған.

"Ержан Қажы Малғажыұлы: «бізге таза ислам тек 90-жылдары келді» дейтіндер – дәстүрді мойындамайтындар»" - Руға,жерге бөліну басты дерті болған қазақтың асқынып келе жатқан бітеу жарасы – дінге деген түрлі көзқарасында болып тұр. Діни дүниетанымы о бастан қалыптасқан ата-баба жолынан жеріп, өз Отанының «қайырымды қала тұрғыны» болудан бас тартқандардың қазақ арасында көбейе түсуі – көңілді алаңдатады. Кезінде «Қазақ» газетінде басылған «Сурат кофеханасындағы» дін таласын бастан кешіп отырған бүгінгі жұрттың әрқайсысы өзімбілемдікке салынып, дін жолын өз бетінше қабылдай бергенінің ақыры неге апарып соғатынын қолындағы қаруын өз бауырына шімірікпей кезенген лаңкестердің лаңынан байқадық. Бұл атауды иеленгендердің және өрімдей жас жігіттер екенін бағамдаған тұста тәуелсіз ел ретінде жүріп өткен жиырма бес жылда тәрбие, әсіресе, діни таным мәселесінде кей қадамымыздың бұрыс болғанын мойындамасқа амалың жоқ. Тұтас ел ретінде діни қауіпсіздігіміздің қай тұсынан жаңылыстық екен деген сұрақтың ең алдымен тіл ұшына оралуы – заңды болар.

ZHASALASH.KZ. "Путинге сүйсiнгенi несi екен?!.." - Бiз әдетте “Ақша билеген нарық заманында көр­кем сөздiң қадiрi кеттi. Жазушыға деген сый-құрмет азайды" деп сары уайымға салынып жүремiз ғой. Бiрақ, байыптап қарасақ, өйтiп жалпыға бiрдей баға беруге, қаламгер атаулыны бiр қораға қамап, бiр шыбықпен айдауға болмайды екен. Бұл күнде жiкке, топқа, сортқа бөлiнбейтiн не бар. Қалам ұстап жүрген қауым да қоғамдағы орны жағынан шұбар аттың жүнiндей ала-құла.

"Ұлт мәселесi және қазақтар" - Бұл осыдан жиырма жылдан астам бұ­рын болған әң­гiме. Орталық ме­шiт құрылысы бiт­пей, созалаңдап, соған қаржы жинауға байланысты бiр жиынға бара жатып, белгiлi өнер зерт­теу­шi-ғалым Бақтажар Мекiшев ағамызды ұшыраттым. Сол аралықта өзiмiз жақсы бiлетiн бiр ақын келе қалыпты. Ол кiсi қол берiп амандаса бастағанда, Бақтажар ағаның түрi бұзылып: “Әй, пәленше, – дедi, – сен баррикаданың қай жағындасың?" Неге олай дедi, не себептi қа­туланып, қадалып айтты, ол жағын сұрамасам да жайдан-жай емес, арғы жағында бiр кiлти­пан­ның бұғып жатқанын iшiм сездi. Ақын ағамыздың бетi қызарып, “ендi, ендi..." дедi де, қипақтап, көп кiдiрiп тұра алмай мешiт алдында өтетiн жиын­ға қарай кете барды.

"Күшi аз елге күшеншектiк жараспайды" - ...Өз сұхбатында Александр Кули Орталық Азия елдерiндегi билiктiң қалай ауысатынына, Орталық Азия мен Қазақстанның қарым-қатынасына және өңiрдегi елдердiң түрлi интеграциялық ұйымдар аясында бiрлесуiне қатысты ой-болжамдарын ортаға салыпты.

ABAI.KZ. "Өксікбаев қазақты өксітпек пе?" - Әншейінде аузын буған өгіздей тым-тырыс жататын Парламент жақтан өткенде «мәу» деген бір дыбыс шықты. Тып-тыныш ұйықтап жатқан ел елең етті. Сөйтсек көлденең көк атты емес, сонау Сенаттың төрінен Серiк Ақылбай мырза елге қарата: «Қысқа шалбар мен сақал – бұл әлi экстремизмнiң белгiсi емес» деп ышқыныпты. Арада бір апта уақыт өтті ме, өтпеді ме, Ақтөбе оқиғасы бұрқ етті. Осымен болған шығар деп едік, мәжіліс жақтан да сәләфизм ағымын қызғыштай қорыған бір үн құлаққа талып жетті. Бұл жолғы түренді Омархан Өксікбаев мырза түріпті. Ол кісінің айтқанына сенсек, сәләфизм деген ағым еліміз үшін түк те қауіпті емес көрінеді. Өксікбаевтің сөзіне «ызаланды ма» кім білсін, еліміздегі сәләфиттер тағы да бас көтермекке бейілдік танытып, Ақтөбе оқиғасын Балқаш қаласында қайталай жаздады.

"Қазақ қоғамын мәңгүрттендіру – биліктің білместігі ме, әлде бағдарлы саясат па?" - Биылғы 2016 жыл елімізді жаппай шарпыған экономикалық дағдарыстың одан әрі ушыға түсуімен және бүкіл білім беру жүйесін әбден титықтатып біткен реформалардың да одан әрі «сәтті жалғасуымен» басталғаны белгілі. Президентіміз осыдан үш-төрт жыл бұрын әлемдік экономикалық дағдарыс жөнінде алғаш рет сөз бола бастаған кезде «бізде дағдарыс жоқ» деп, «шоршып түскені» есімізде. Бірақ, өкінішке орай, дағдарыс біздің елбасынан рұқсат сұрамайтын болып шықты. Қазақ жері қойнауының ұлан-ғайыр байлығын оңды-солды сату арқылы жиналған аткөпір қаржының ауқымды бөлігін талапайлап, шетел асырып, қалған бөлігін елдегі ешкімге керегі жоқ халықаралық форумдар ұйымдастыруға уыстап шашуға ғана дағдыланған билік басындағылар минералдық шикізат бағасының, бірінші кезекте мұнай құнының күрт төмендеп кетуі нәтижесінде пайда болған қаржы тапшылығының орнын толтыру амалдарын іздеп, жанталасып-ақ жатқанға ұқсайды.

ULT.KZ. "Рембрандтты сынаған қазақ" - Голландияның атақты суретшісі, әлемге әйгілі Рембрандт Харменс ван Рейнді кім білмейді. Оның «Түнгі күзет», «Адасқан ұлдың оралуы», «Даная» және т.б. туындылары адамзаттың сәулет өнерінің үздік туындылары ретінде белгілі. Солардың арасында ұлы суретшінің 1635 жылы салынған «Ганимедтің ұрлануы» атты картинасының өзіндік орны және ерекшеліктері бар. Ганимед грек аңызын­дағы тарихи тұлға. Оны құдайлардың құдіреттісі Зевс өзінің бүркіті арқылы ұрлап кетіп, аспандағы Суқұйғыш жұлдыздары шоғырына орналастырған деген әңгіме таралған.

DALANEWS.KZ. "Еуразиялық одақ: көршімен тату тұру керек" - «Еуразия әлемі» пікір сайыс клубында «Еуразияның географиялық факторы: достық, тағдыр және даму» атты тақырыпта алқалы жиын өтті.

QAZAQUNI.KZ. "Қазақ жерінің тағдырына үн қатпаған Мағауиннің бас ауруы тек Шаханов қана ма?" - Мұхаң, Мағауин ақсақалды айтамыз, не жазса да оқылымды етіп жазатын, оқырманын еліктіріп, ертіп отырып жазатын қаламгер ғой. Оның үстіне бұл кісінің ұсақ-түйекке, күлді-бадам әңгімеге қалам ұшын былғағанын өз басым көре қойған жоқ едім. Соның үшін де Мағауиннің сойы көрсетілген газет-журналды, интернет-басылымдарды қарай жүремін.

TURKYSTAN.KZ. "Еуропамен ағылшынша қоштасу әлемдік экономикаға елеулі әсерін тигізуде" - «Елу жылда – ел жаңа» деген рас. Қырық үш жыл бұрын Еуропа одағына мүшелікке өткен кезде алақайлаған ағылшындар енді мүлде басқаша таңдау жасады. 23 маусымда өткен тарихи референдумның нәтижесі сол – алдағы екі жылда Ұлыбритания Еуропа одағынан біржола ажырап тынбақ. Британдық саясаткер Найджел Фарадж айтпақшы, бұл – «Ұлыбритания үшін тәуелсіздік алған күн».

"Кәдеге жарамайтын көп зерттеу — Қазақстан ғылымы" - "Жуырда kasparov.ru сайтынан Александр Немецтің «Ғылым және еркін ойлау» атты мақаласын көзіміз шалды. Ресей ғылымының кенже қалу себептерін жіпке тізген автор салыстыру үшін Қазақстанға қатысты деректерді де тілге тиек етіпті. Ғылыми зерттеу жұмыстарына бөлінетін қаражаттың ІЖӨ-дегі үлесі жөнінен әлем бойынша көш соңына қарай жайғасқанымызды атап өткен. Мақала Ресей жөнінде болса да, қазақстандық ғылымның әлеуеті көңіл көншітерлік емес екенін қаперімізге салды."






5 шілде 2016, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.