Атырау, 5 мамыр 02:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"«Қазіргі қазақ бұрынғы қазақ емес, енді бізді ешкім басына алмайды» — Мұхтар Тайжан", "Талас Омарбеков: «Қазақстан тарихын» «сарай ғылымы» деп айтса намыстанбаймын", "Мағауин Шахановты кезекті рет шабақтады. Неге?", "Аллергияны «ғасыр ауруы» атайды"

4 167 просмотра

KAZ.365INFO.KZ. Қазіргі қазақ бұрынғы қазақ емес, енді бізді ешкім басына алмайды» — Мұхтар Тайжан" - Жер реформасы туралы ұлттық комиссия іске кіріскелі бері белсенді қатысып келе жатқан қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан басында кейбір аграрлы ғалымдар секілді жерді сату шаруаларға тиімді болады деп ойлағанын айтады. Алайда бүгін ол бұл ойынан түбегейлі бас тартқан. Оған өзі куә болған ұлттық комиссиядағы жайттар мен ауылдағы жер мәселесіне қатысты былық-шылықтар түрткі болыпты.

"Әлдекімдерге ұнамайтын тарихи айғақ: Қазақстанның Тәуелсіздігі АҚШ-тың арқасында келді ме?" - Философ Қанағат Жүкешевтың Тәуелсіздік туралы тосын пікірін ықшамдап ұсынып отырмыз.

"Стамбұлды жарған кім? Саакашвили Ресейдің тағы бір өтірігін жалпақ жұртқа жайып салды" - Бірқатар түрік басылымдары «Стамбұлдағы терактіні ұйымдастырған Шешенстан азаматы Ахмед Чатаев» деген ақпар таратқан. Аталған ақпаратты ресейлік құқық қорғау органдары бірден теріске шығарып, Чатаевты 2012 жылы грузин-ресей шекарасының маңында Грузия полициясы құрықтағанын және оның түрмеде жатқанын хабарлауға асықты.

AZATTYQ.ORG. "1916 жылғы көтеріліс: тарихи шындық және көркем әдебиеттегі сипаты" - AzattyqLIVE 1916 жылғы көтерілістің тарихи шындығы мен көркем әдебиеттегі көрінісі айырмашылықтарын талқынды. Хабар қонағы - әуезовтанушы Тұрсын Жұртбай.

"Аллергияны «ғасыр ауруы» атайды" - Қазақстанда аллергиямен ауыратындар жыл өткен сайын көбейіп отыр. Мамандар иммундық жүйенің әлсіреуінен пайда болатын ауруға экологиялық ахуал, тағам сапасы әсер ететінін айтады.

"Ірі жалақының түбіртегі отставкаға мәжбүрледі" - Иранда ірі көлемдегі жалақы түбіртегі жарияланған соң компаниялардың топ-менеджерлері қызметтен кетіп жатыр. Саясиланған мәселеде көпшілік түбіртектер іріктеп қана жарияланып отыр деп есептейді.

ZHASALASH.KZ. "... Күлiп келiп, жылап қайтады" - Жалпы, қарыз алу дегенiңiз жақсы амал емес. Бiрақ ақшадан қы­сыл­ған кезде амалсыздан борыштануға тура келедi. Ең бастысы, алған берешегiңдi дер кезiнде қайтар­ғанға не жетсiн. Кезiнде осы несие-қарыз мәселесiн журналистер бұрынғы Ұлттық банк төрағасы Г.Марченкодан сұрағанымызда ол: “өмiрiмде телевизорды да кредитке алып көргенiм жоқ" деп едi. Шынында да, қалтаңдағы ақшаң емiн-еркiн пайдалануға жетiп жатса, қарыз алып нең бар. Бiрақ басқасы басқа, мол қазынаның үстiнде отырған бiздiң Қазақстанның сыртқы қарызға белшесiнен батуы – бiр жағынан ашу-ыза шақырса, екiншi жағынан күлкiңдi келтiредi. Олай дейтiнiмiз, Өзбекстанда бiрнеше жыл тұрып, қызмет iстеп келген сарапшы Рустам Бурнашев бiрде БАҚ өкiлдерiмен кездескенде “Өзбекстанда сыртқы қарыз жоқ. Болса да өте аз көлемде. Қазақстанның қарызымен салыстырғанда, айырмашылық жер мен көктей" деген едi.

"Ынсап пен ар-ұят жоқ жерде" - Қазақстанның бюро­краттық аппаратында әлсiн-әлсiн шенеунiк­тердiң этикалық беделiн көтерумен ауыратын әдет бар. “Мәңгiлiк Ел" құрылысшыларының моральдық қасиеттерiне қатысты жанашырлықтың асқынғаны соншалық, ол созылмалы түрге ие болды.

Естерiңiзде болса, бiрнеше жыл бұрын “Нұр Отан" партиясы Қазақстандағы барлық мемлекет­тiк қызметкердiң өңiрiне “Мен жем­қорлыққа қарсымын" дейтiн төс­белгiнi қадап, жұмысқа осындай мәртебелi белгiмен баруға мәж­бүрлемек болған. Президент­тiң партиясы шенеунiк көрсе әмиянына қолы жүгiретiн пара бергiштердi осындай шарамен үркiтпек едi. Бас­тамашыл топ осы арқылы шенеунiктердi ұят пен намыстан жұрдай деп санайтын ел арасында кең тараған терiс пiкiрдi жоққа шығарғысы келген.

QAMSHY.KZ. "Мұхтар Мағауин: Шаханов шектен шықты" - "Қазақ әдебиеті" газетінің сайтында 1 шілде күні "Жоқ-Өгізбен шайқас" деген мақала жарық көрді. Мақалада ақын, есімі Түркі халықтарына түгел қадірлі ақын Мұхтар Шахановтың батыр Бауыржан Момышұлы мен ақын Қадыр Мырза-Әліге қарата айтылған айыптаулары сынға алынған. Жазушы ақынның кей батыр мәлімдемелері мен бірқатар шығармаларына қатысты "Ақыры, бар ісі, бар сөзі өкімет тарабынан астыртын қолдау тауып, оған жалғас, нұсқаулы, нұсқаусыз жағдайда бұқаралық ақпарат атаулы дабылдата жаңғыртып, соған орай, былайғы барша жұрт қалтқысыз мақұлдап, әулие тұтып, көкке көтере мадақтап жатқан соң, Шахаң шектен шыға бастады" деп отыр. Араларындағы алауыздық көпке аян болып қалған қос тұлға бұған дейін де басылым беттерінде бірнеше мәрте түрлі тақырыптарда ашық айқас жасағанын білеміз.

ABAI.KZ. "Мағауин Шахановты кезекті рет шабақтады. Неге?" - «Қазақ әдебиеті» газетінде қазақ әдебиетінің классигі, бұл күндері мұхиттың арғы жағында тұрып жатқан жазушы Мұхтар Мағауиннің «Жоқ-өгізбен шайқас немесе Б. Момышұлының "Орысшыл иттігі" және Қ. Мырза-Әлінің "опасыз сатқындығы" туралы ертегі» деген мақаласы жарық көріпті. Мағауин ақсақалдың мақаласын Abai.kz сайты сілтеме жасай отырып жариялаған екен, біз ойымызды осында, қай тараптың пікіріне болса да құлақ асып, кең қарайтын осы интернет-басылымға бергенді жөн көрдік.

"Белорусия ұлттық валютасынан орыс тілін алып тастады. Теңге ше?" - 2000-шы жылдары қолданысқа енгізілген Беларусияның ескі ақшасы енді айналымнан шығады. Оның орнына 4 нөлдік көрсеткіші қысқарған немесе сомасы іріленген жаңа беларусь ақшасы қолданысқа енгізіледі,-деп хабарлайды «dw.com» порталы. Сондай-ақ, енді Белорусия Ұлттық банкі қағаз ақшамен қатар, тиын ақшаларды да пайдаланатынын мәлімдеді.

BNEWS.KZ. "Астана туралы жеті пайым немесе елорда тұрғынының көзімен" - Осы уақытқа дейін алаштың үш астанасының тұрғыны болдым десем шындықтан қағыс кетпеймін. Бұл бір жағынан ба­қыт­ та шығар. Туып-өскен жерім – Қарахан мемлекетінің астанасы болған Тараз қаласы. Алматыдағы Қа­зақ ұлттық университетінде білім алып, қызмет жолын бастап, тұлға есебінде қалыптастым. Ал, қазіргі бас шаһарымыз – Ас­танаға «орда бұзар отызымызда» қоныс аудардық. Қош. Осында тұрған төрт жыл ішінде қала тұрғыны ретінде менің елорда туралы білген- түйген өзіндік көзқарасым, яки өз пайымым қалыптасты. Астана күні қарсаңында солармен бөлісуді жөн санадым.

BAQ.KZ. "Бейбіт ЫСТЫБАЕВ: Әлі біраз күресуге шамам бар" - Қазақ күресінен тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ҚР тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесіне арналған республикалық «Қазақстан Барысы» турнирі алтыншы рет мәресіне жетті.

ULT.KZ. "Талас Омарбеков: «Қазақстан тарихын» «сарай ғылымы» деп айтса намыстанбаймын" - Қазір «Қазақстан тарихы» пәні барлық университеттерден алынып тасталды. Оның орнына «Қазіргі заман тарихы» деген пән енгізілді. Үкіметтің шешім шығып қойды. Ол алдағы 1 қыркүйектен басталады. Біз типтік оқу бағдарламасын жасап, оны Қазақстандағы барлық университеттерге тараттық. Ал енді Қазақстанның қазіргі заман тарихы қай кезеңнен басталды? Ырду-дырду айтыстың нәтижесінде министрлік «ХХ ғасырдан бастаңдар» деді. Тарихшылар бір шешімге келе алмады. Келе алмайды да. Өйткені бұрын біз ежелгі дәуір­ден бері қарай бүгінгі күнге дейін оқытатынбыз.

DALANEWS.KZ. "Қазақстанға келген әр ханцзу – Қытай мемлекетінің қауіпсіздігі органының жауынгері" - Философ Қанағат Жүкешев өзгеше пікірдің иесі. Сонысымен де құнды. Бұл ретте біз ғалымның қазіргі Ресей мен Қытайға қатысты көзқарасын білдірген мақаласын ықшамдап ұсынып отырмыз. Оқыған адам өкінбеуі керек. Сонымен…



4 шілде 2016, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.