Атырау, 5 мамыр 11:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"«Азат» қозғалысының орындалмаған мұраты", "Қазақтың тiлi мен тарихы – ұлттың алтын қазығы", "Дос Көшім. Жер дауы", "Саяси маусымның қорытындысы", ""Үштілділік" мутациясынан бас тартуды талап етеміз"

2 425 просмотра

AZATTYQ.ORG. "«Азат» қозғалысының орындалмаған мұраты" - «Азат» азаматтық қозғалысының құрылғанына 26 жыл толды. Тәуелсіз демократиялық мемлекет құруды көздеген қозғалысты құруға септескен билік авторитарлық жүйе орныққан соң оны жоюға бар күшін салды дейді «Азаттың» бұрынғы жетекшісі Жасарал Қуанышәлин.

"Саяси маусымның қорытындысы" - Парламент каникулына орай AzattyqLIVE қазақ билігінің биылғы жеңістері мен жеңілістерін талқылады. Хабар қонағы Досым Сәтбаев болды.

"Астаховтың кекесіні халықты ашуландырды" - Change.org сайтында жарияланған, Ресейдегі балалар құқықтары омбудсмені Павел Астаховты отставкаға кетіру жөніндегі петицияны 150 мыңнан астам адам қолдаған.

KAZ.365INFO.KZ. "Түркиядағы терактіні Шешенстан азаматы ұйымдастырған ба?" - Нақтылай кетсек, әуежай терминалдарына үш жанкешті шабуыл жасаған. Таксиден түсе сала олар адамдарды тексеруден өткізетін пунктілерге оқ жаудырған. Күзетшіні атып өлтіргеннен кейін, жанкештілер әуежайға басып кірген. Бұлардың екеуі осы арада өз-өздерін жарып жібереді де, біреуін полиция атып өлтіреді. Соңғысы өлерінің алдында беліндегі жарылғыш затты іске қосқан.

"Қытайлар шынымен нәресте балалардың етін жей ме?" - Соңғы жылдары ғаламторда қытайлардың жейтін тамағы, оны дайындау әдістері туралы неше-түрлі жиіркенішті де қорқынышты видеоларды көріп жүрміз. «Қытайлар азғындаған» дейміз. Ия, «Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды». Қытайдың байлары баяғыдан-ақ нәресте баланың етін жеңсік асқа айналдырған дегенге біреу сенсе, біреу сенбес.

QAMSHY.KZ. "Алматылық жүргізушілер заңсыз жолмен қытай тасып жүр" - Елімізге Қытайдан келетін автобустар шетінен ұсталып жатыр. Үрімжі-Алматы бағытында жолаушы тасымалдайтын көліктерге бірнеше күннен бері рейд жүргізілуде. Өйткені олардың құжаттарында тек Қытаймен шекаралас Шонжы ауылына дейін ғана келуге рұқсат бар. Алайда автобус жүргізушілері заңды белшеден басып, Алматыға дейін адам әкеліп жүр.

ZHASALASH.KZ. "Қазақтың тiлi мен тарихы – ұлттың алтын қазығы" - Алтын өзек – ана тiлiмiз, темiрқазық – төл тарихымыз. Мұның қаншалықты маңызды екенiн көзiқарақты қауым терең сезiнедi. Орта бiлiм жүйесiне күшпен таңылғалы жатқан үштiлдiлiкке жан-жүрегiмен шырқырап тұрып қарсы шығып жатқан да – қарапайым халық.

"Түрiк гамбитi немесе Ердоған неге кешiрiм сұрады?" - Түркия президентi Режеп Тайып Ердоған Түркия мен Ресей арасындағы дәстүрлi достық қарым-қатынасты қалпына келтiру үшiн барлық мүмкiндiктердi қарастыруға дайын екенiн мәлiмдедi. Кремль жария еткен Ердоғанның В.Путинге жолдаған хатына жүгiнсек, Анкара басшысы Ресеймен қарым-қатынасты ушықтырып алғанына шын өкiнетiн секiлдi.

ABAI.KZ. "Дос Көшім. Жер дауы" - 2015 жылғы қараша айында «Жер туралы Кодекске» енген баптарға байланысты 1,7 млн. гектар жер сатуға шығарылатын болды деген хабар таралғаны сол екен, ұйқылы-ояу жатқан қазақ қауымы дүр сілкінді. Қазақ елінің көптеген қалаларында митингілер өтіп, әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде жер мәселесі басты тақырыпқа айналды. Қысылтаяң кезеңде жол табатын Президентіміз, бір жағынан. биліктің қателігін мойындаған болып, жаңа жылға дейін жаңа заң баптарына маротория жариялап, «жер реформасын дұрыстап түсіндермеген» министрліктерге шүйліксе, екінші жағынан бүкілхалықтық митингтің алдын алу және қоғамдық талқылау жүргізу мақсатында жер мәселесін жөнінде арнайы Қоғамдық комиссия құрды. Мойындауымыз керек, Қоғамдық комиссияға кіретін адамдарды да биліктің өзі таңдап алды...Бірақ Комиссияның жұмысының жариялылығына бүгінге дейін ешқандай сенімсіздік жоқ екенін де айта кету керек.

""Үштілділік" мутациясынан бас тартуды талап етеміз" - 2012 жылдан бастап үш тұғырлы тіл Қазақстанның білім мен тәрбие жүйесіне енгізілуде. Ол бойынша бала-бақшаның есігін ашқан үш жасар бүлдіршінге бірден үш тілді үйрену міндеті қойылған. Осы уақытқа дейінгі әлемде баланы он жасқа дейін ана тілінде тәрбиелеп, дүниетанымы қалыптасқаннан кейін, оның ой-өрісін дамыту үшін алдымен қосымша бір тілді, қажет болса 2-3 жылдан кейін екінші шет тілін үйрете бастайды. Бұл әлемдегі қалыптасқан үрдіс. Мысалы, Францияда бала 1-сыныптан бастап мемлекеттік тілден емтихан тапсырады. Оларда ағылшын тілі 10-жастан бастап пән ретінде ғана өтіледі. Жапонияда балаға 12-жасқа дейін басқа тілді оқытпайды. Ал, Қытайда ғылым, техника, тіптен интернет желілері де қытай тілінде сайрап тұр.

BAQ.KZ. "Қазақ мерекеге қаралы үй тігуді қашан қояды?" - Жылда осы. Тіпті мерекесіз-ақ, ойын-сауық орыны ретінде тіккен киізүйлерінің де сиқы осындай. Оны айтасыз, соңғы кезде түсіріліп жатқан деректі, көркем фильмдер мен қазақы дәстүрге жақын бейнебаяндардағы ақ ордалардың да көрген күні осындай.

ULT.KZ. "Баланың аты барда «бала» деген" - «Балалы үй базар» деген қазақ. Керемет теңеу, керемет айтылған сөз. Ал «баласыз үй мазар» дейді. Ауыр. Естуге де құлақ түршігеді.


1 шілде 2016, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.