Атырау, 5 мамыр 03:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Стамбулдағы жарылысқа ИМ-ді де, Ердоғанды да айыптайды", "Ердоғанға «кешірім сұратқаннан» кім не ұтты?", "«Сағынтаевты сүріндіру» операциясы басталып кетті ме?", "Егер менде намыс болмаса өз Ана тілімді үйренбес едiм", "Шұбаршыдағы діндар таксистер..."

2 173 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Шұбаршидегі діндар таксистер мен үгітші әкім" - Бес жыл бұрын шілденің 1-іне қараған түні Ақтөбе облысы Темір ауданындағы Шұбарши ауылында полицейлерге шабуыл жасалып, оның соңы күш құрылымдарының «терроршы топпен» 10 күндік қарулы қақтығысына ұласқан. Азаттық тілшісі ауылдың қазіргі ахуалын көріп қайтты.

"Стамбулдағы жарылысқа ИМ-ді де, Ердоғанды да айыптайды" - Маусымның 28-і күні Стамбулдағы Ататүрік әуежайында болған атыс пен жарылыстардан ондаған адам қаза тапты. Азаттық Түркиядағы кешегі жарылыстан кейінгі ахуалды сондағы қазақтардан да сұрап білді.

KAZ.365INFO.KZ. "Мынау тағы бастады ма? Жириновский «КСРО шекарасы кері қайтарылсын» дейді" - Орыс шовинизмі шектен шығып бара ма, қалай? Біраз уақыт басылған сияқты едік. Ақылына келді ме деп ойлап едік. Қателесіппіз.

"Орыстанған қазақ енді қазақтанып келеді — Әзімбай Ғали" - Саясаттанушы Әзімбай Ғали Фейсбуктегі жеке парақшасында орыстанған өзінің қазақтанып келе жатқанын, тіпті, Алматыда әңгімелесуге орыс таба алмайтынын жазып, мұны жағымды үрдіске балапты. Сөйтіп, ағамыз біраз қиялға да беріледі…

ZHASALASH.KZ. "Адамды шыншылдығы үшiн кiнәлауға бола ма?" - Өткен 2015 жылдың сәуiр айында Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Жаңатұрмыс орта мектебiнiң мұғалiмi Айман Сағидуллаева маған келiп, мұғалiм­дердi аудан билiгi тарапынан “сенбiлiк" арқылы 15 күндей қара жұмысқа жегетiнiн, сайлауға, санаққа араластырып, тiптен халықтың қой-сиырына дейiн санаттырып, әкiмшiлiк қызметкерлерiнiң жұмыстарын түгелдей мектеп мұғалiмдерiне жүктейтiнi және әншiлердiң концерттерiне билет сатып алу мұғалiм­дерге мiндет­те­летiнi жайлы шындықты жеткiзген болатын.

"Саңлағың саптан шыға ма?" - Тбилисиде өткен ауыр атлетиканың халықаралық федерациясының конгресiнде елiмiздiң ауыр атлеттерi Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасына қатысатыны нақтыланды. Яғни бiздiң атлеттерге рұқсат берiлдi. Былтыр АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен әлем чемпионатында Олимпиа­даның барлық жолдамасын (он)иеленген едiк. Ауыр атлетиканың халықаралық федерациясы екi жолдаманы шегерiп қалды. Ең өкiнiштiсi – екi дүркiн Олимпиада чемпионы Илья Ильин, Лондон Олимпиадасында алтынмен апталған Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедоваға Рио Олимпиадасында күшiн сынауға рұқсат бермедi. Рұқсат алу былай тұрсын, жаман айтпай жақсы жоқ, оларға таңылған айып дәлелденсе, Олимпиада алтынын Халықаралық Олимпиадалық ко­митетке қайтарып беруi де кәдiк.

QAMSHY.KZ. "«Сағынтаевты сүріндіру» операциясы басталып кетті ме?" - Кеше бірқатар ақпарат құралдары Үкімет отырысында орын алған бір жағдайды жарыса жазды. Премьер-министрге атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп отырған бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Тәжікстан басшылығымен трансшекаралық өзендер мәселесіне қатысты болған келіссөздің бірқатар жай-жапсарын айтып қалды.

"Ердоғанға «кешірім сұратқаннан» кім не ұтты?" - Дүйсенбі күні әлемдік жаңалықтардың алдыңғы легінде - СУ-24 ұшағын атып түсіргені үшін Түркия Ресейден кешірім сұрап, ұшақтың құнын төлемек болды деп жатты.

ABAI.KZ. "Хакім Абай мен еліне етене Елбасы ойларындағы үндестік" - Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасы жайында айту - ел бірлігі деген ұғымды одан әрі тереңдету. Бүгінгі біздің айтпағымыз: Елбасы, ел бірлігі және хакім Абай аманаты жайында.

"Бірнеше ел Ресейдің құрамынан кетеді..." - Ресей бүгін терең рецессияда, бір-екі жылда бұл елдің тұрмысы әбден құлдырайды, сонда Ресейдің кейбір өлкелері кетеді: Калиниград облысы – Германияға,Приморский және Уссурийский край – Қытайға кетеді. Ресей федерациясының бірнеше субъектілері егемендігін күшейтеді. Ресей Қырымды қайтарып, Шығыс Украинадан кетеді. Болуы ыөтимал осынау жайттарды басқа емес, осы күндері Ресейдіңзиялы қауымы да жоққа шығара алмай отыр.

TURKYSTAN.KZ. "Қазақ балаларының білімі төмен емес" - Бұған дейін де белгілі ғалым, математик Асқар Жұмаділдаев Білім және ғылым министрлігінің «жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту керек» деген ұсынысына қарсылық танытқан еді. Ол ғылымның барлығы ана тілінде оқытылуы керек дегенді кесіп айтады.

SN.KZ. "Ант-су ішкен Мәсімов уәдесінде тұрмады" - Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің 500 мың баланы 3 жылда қазақша сөйлетемін дегені қоғамда әлі қызу талқыланып жатыр. Жұрт оның үштұғырлы тіл реформасына түбегейлі қарсы. «500 мың баланы емес, алдымен Мәсімов басқаратын үкіметті қазақша сөйлетіп алсын» дейді қоғам белсенділері.

DALANEWS.KZ. "Егер менде намыс болмаса өз Ана тілімді үйренбес едiм" - Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа сапары бүтіндей түркі әлемінің, әрі күллі қазақтың тарихындағы толағай оқиға іспеттес. Ол – ең қуатты кеңестік 50 әскери ұшақтың тұсауын кескен атақты сынақшы-ұшқыш. Әскери авиациядағы айрықша жетістігі үшін Гиннестің рекордтар кітабына кірген. Дүниежүзілік авиация мұражайына еніп, әлемдік деңгейде әбден сүзгі-сұрыптаудан өткен тізімде он азаматтың арасында қазақтың батыр тұлғасы Тоқтар Оңғарбайұлы үшінші тұр. Кеңес Одағының Батыры, ҚР Халық Қаһарманы – Тоқтар Оңғарбайұлымен сұхбаттасудың сәті түскен еді.




30 маусым 2016, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.