Атырау, 5 мамыр 10:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігі Қазақстанға не береді?", "Жерді жеке меншікке сату латифундистерге қажет болса, «үш тұғырлы тіл» - мәңгүрт басшылардың тілегі", "Рейтинг үшін дін мәселесінен «танымалдылық» іздеу кімге тиімді?"

1 950 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Сириядан оралған косоволық «жиһадшы»" - «Ислам мемлекеті» содырларының арасында болып, терроршы болуға шақ қалған 19 жастағы косоволық жігіт соғыс шебінде көргендерін әңгімелеп берді.

"Үш тілде оқытудың дауы кезінде «ұлтты жою» да сөз болды" - Мектептерге үш тілде оқыту жүйесін енгізуді талқылауға арналған жиын дауға ұласты. Қарсы тараптар ақыры мәмілеге келе алмай тарасты.

"Тунистің төңкерістен кейінгі тағдыры" - Тунисте төңкеріс болғалы бес жыл өтті. «Араб көктемі» демократияға бейімдеген жалғыз ел – Тунис. Бірақ бұл мемлекет даму үшін экономикалық тоқырау мен терроризмді жеңіп, үлкен өзгерістен үміт еткен халықтың сенімін ақтап шығуы керек.

KAZ.365INFO.KZ. "Үштілді білім алған бала қазаққа қызмет ете ме, әлде…" - Күні кеше Алматыдағы «Астана» қонақ үйінде «Қазақтың тілі мен тарихы – ұлттың алтын қазығы» деген тақырыпта қоғамдық талқылау өтті. Жиында оқушыларды үш тілде оқыту мәселесі талқыланып, шараға қатысқан елге белгілі азаматтар бұл тараптағы өз ой-пікірлерін ортаға салды. Солардың арасындағы ең өткір дегендерін жинақтап бергенді жөн көрдік.

"БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігі Қазақстанға не береді?" - Қазақстан келесі жылға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Бұл жаңалық елімізде тарихи оқиға деп бағаланып жатыр. Жалпы, оның Қазақстан үшін мүмкіндігі мен артықшылығы қандай?

"Басты әбден қатырды-ау! Бұл жүйенің мақсаты — мұғалімді жынды қылу ма?" - ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Сухбанбердиеваның «Біз министрдің атынан ешбір жұмыс беруші, білім беру мекемесінің басшысы мұғалімді курсқа жіберуге құқығы жоқ деген бұйрық бердік» деп мәлімдегені кеше ғана. Алайда бұл бұйрықты ешкім естімеген секілді. Бүгіндері Алматыдағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығына 1 айға оқуға келген ұстаздар демалысымыздың бір айы «өліп» кететін болды деп шыр-пыр етеді.

ZHASALASH.KZ. "Әр айда 100 келi алтын кiмнiң қалтасына кетедi?" - Өткендегi шулы оқиғадан кейiн редакцияның тапсырмасымен Степногорск қаласының Бестөбе кентiне арнайы бардық. Жұмысшылар: “Талай телеарна мен газеттен тiлшiлер келiп сөйлесiп, айтқан сөзiмiздiң өңiн айналдырып, бiздi кiнәлi қылып көрсетiп жатыр. Тек шындықты жазсаңыз ғана сұхбат беремiз", – деген талап қойды. Халықтың талабы – бiз үшiн заң. Сонымен Бестөбедегi шу қайдан шықты? Ертең оның қайталанбасына кепiлдiк бар ма?

"«Заңды акцияларды бүкiл ел аумағында өрiстету керек»" - “Жаңаөзен – 2011" халықаралық комитетiнiң және “Журналистер қауiп-қатерде" қоғамдық ұйымының жетекшiсi Рамазан Есiркеповтiң қара суды ғана талғажау етiп, нәр татпай жатқанына бүгiн 9 күн болды. Ол 20 маусымнан, яғни БҰҰ комитетi 117 сессиясының жұмысы басталған күннен бастап аштық жариялаған болатын.

QAMSHY.KZ. "Жерді жеке меншікке сату латифундистерге қажет болса, «үш тұғырлы тіл» - мәңгүрт басшылардың тілегі" - Алматыда «Жас Алаш» республикалық газеті мен Болатхан Тайжан қоры бірлесіп «Қазақтың тілі мен тарихы – ұлттың алтын қазығы» тақырыбында қоғамдық тыңдау өткізді. Үкімет пен Білім және ғылым министрлігі басшылары білек сыбана жүзеге асыруға кіріскен бірқатар реформаларға қатысты қоғамдық тыңдауға келіп сөйлегендердің дені ұйымдастырушылардың «Үштілділік ұшпаққа шығармайды», «Тарихын білмей келешек жоқ» деген ұстанымдарын қолдады.

ABAI.KZ. "Қазақ оянды... Сағадиев соны біле ме?" - Бүгін Алматы қаласындағы Астана қонақ үйінің «Ұлытау» жиналыс залында қазақтың бір топ зиялылары мен Білім және ғылым министрлігінен келген өкілдер бас қосып мектептерге үш тұғырлы тіл енгізу мәселесін талқылады.

"Рейтинг үшін дін мәселесінен «танымалдылық» іздеу кімге тиімді?" - «Нью Йорк Сан» газетінің шығарушысы Чарльз Андерсон Дейна: «Егер ит адамды тістеп алса – жаңалық емес, жаңалық – егер адам итті тістеп алса...» – дейді. Біздер, кейбір журналистер қоғамды осындай үрдіске үйретіп алған секілдіміз.

"Алаш, Дихан және Хирш индексі" - Саналы адам әр сөзін ойланып сөйлейді. Бірақ айтқан сөздің бәрі есте қала бермейді. Сондай мен айтқан, алайда өзімнің есімде жоқ сөзді жақында интернеттен кездейсоқ кездестіріп қалдым. «Қазақ әдебиеті» газеті 2016 жылы 11 наурыздағы №23 (3501) санында филология ғылымының докторы, профессор Бекжан Әбдуәлиұлының «Смағұлдың оралуы» атты мақаласын жарияланыпты. Осы мақалада менің Дихан туралы айтқан «Қызмет пен атақ өзгертпеген азамат» деген сөздеріме сілтеме жасалыныпты. Меніңше, осы анықтамам Дихан Қамзабекұлының азаматтық, адамдық болмысын сипаттайды.

ULT.KZ. "Қабдеш Жұмаділов: ешкімнің әкесінен қалған мемлекет жоқ" - Бүгін Алматыдағы «Астана» қонақ үйінде «Қазақтың тілі мен тарихы – ұлттың алтын қазығы» деген тақырыпта қоғамдық талқылау өтті.

DALANEWS.KZ. "Асқар Жұмаділдаев: «Қазақ тілінің бастауыш пен орта мектепке лайық мүмкіндігі бар»" - Кеше ғана ғылыми жиналыс болды. Сол жиында мен бір сағаттық баяндама жасадым. Баяндаманың тақырыбы: «Математиканы қазақ тілінде оқытуға бола ма, болмай ма?». Әрине, бұл қандай ақмағи сұрақ деп ойларсыздар. Өкінішке орай, XXI ғасырдың басында осы сұрақ ғылыми талқыға түсіп отыр.



29 маусым 2016, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.