Атырау, 5 мамыр 09:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"«Бэтмен» бейнесiндегi бастық", "«Әкемнен мұраға қалған жерім бар» дейді Ирандағы қазақ", "Ермұрат Бапи: қазіргі журналистика – "ит" секілді... Айтақтан арыға аса алмайды", "Назарбаев Қонаев жайлы: Мен оның жеке басына тиетін сөз айтпадым"

2 319 просмотра

ZHASALASH.KZ. "«Бэтмен» бейнесiндегi бастық" - Соңғы кездерi Қазақстанның премьер-министрi Кәрiм Мәсiмов тым белсендi. Теледидарда елбасының алдында мұртын сылап отыратын сырбаз премьер бiраздан берi iргедегi парламент қабырғасына келмек түгiлi, кабинетiнен қарға адым шықпай қалған. Нөмiр сайын Мәсiмовке iздеу салатын “Жас Алаш" секiлдi, өз­ге басылымдар да “Мәсiмов қайда?" деген сыңайдағы мақала басуды әдетке айналдыра бастап едi. Елдi шулатпайын дедi ме, әлде шықпасаң болмайды деген бұйрық түстi ме, кiм бiлсiн, ұйқылы-ояу жүрген, керенау мiнез жандай әсер қалдыратын адам аяқасты қайрат­керлiгi тасып, осы айда үш облыс­қа барып рекорд жасады. Алдымен премьер-министр атыс-шабысының басыл­ғанына небәрi он-ақ күн өткенiнен қорық­пас­тан Ақтөбеге барды.

"Ағылшынша қоштасудың салдары қандай болатынын алдағы уақыт көрсетедi" - 23 маусым күнгi референдумда Ұлыбританияның ЕО-тан шығуын жақтаушылардың жеңiске жетуi британ қоғамын ғана емес, әлем қауымдастығын да екiге жарды. Сөзсiз, Brexit “Еуропалық ортақ үй" ұстанымы үшiн, жалпы, аймақтық интеграциялардың даму тарихындағы үлкен бетбұрыс. Ағылшындар өздерiн Брюссельдiң басқар­ғанын қаламады, шығыстан қашқан босқындарды қабылдаудан бас тартты және экономика мен халықаралық қарым-қаты­нас­та бұрынғыдай дербес саясат жүргiз­гендi жөн көрдi. Бiрақ 40 жыл бойы құрамында бол­ған одақтан бiр күнде ың-шыңсыз, жағымсыз салдарсыз шығу мүмкiн емес.

"«Тәуелсiздiк алған күн»" - Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуын қалаған Brexit жақтау­шылары 24 маусымды тәуелсiздiк алған күн деп қабылдаса, интеграцияны қолдаушылар қайта референдум өткiзуге үндейтiн петицияға қол жинауға кiрiстi. Әзiрге оған 3 миллионнан астам адам қол қойды. Қалай болғанда да бұл референдум елдегi өзгерiстердi халық жасайтынын, ал мемлекеттi басқарушылар өз iстерi үшiн саяси жауапкершiлiк арқалайтынын көрсеттi.

AZATTYQ.ORG. "«Әкемнен мұраға қалған жерім бар» дейді Ирандағы қазақ" - Иранда тұрып жатқан этникалық қазақ азаматы ол жақтағы жерді жекеменшікке берудің жайын, бұл іске үкіметтің қалай араласатынын әңгімелеп берді.

"Cодырдың жүрегін баласының видеосы да жібіте алмады" - «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы қатарында соғысып жүрген Тәжікстан тумасы елінде қалған әрі әкесін сағынып жүрген кішкентай қызы түскен видеоны көргенімен, «жиһад жолынан» таймайтынын мәлімдеді.

KAZ.365INFO.KZ. "Біз шынымен «төртінші билікпіз» бе?" - Әлде, бұл әншейін сөз бе? Күші де, ісі де жоқ…Тек мейрам кезінде ғана еске алатын. Турасын айтқанда, біз, журналистер «төртінші билік» деген атаққа лайықпыз ба?

ABAI.KZ. "Ермұрат Бапи: қазіргі журналистика – "ит" секілді... Айтақтан арыға аса алмайды" - Міне, жылына бір рет "тойланатын" Журналистер күні де келіп жетті. Осы атаулы күннің қарсаңында біз тілшіліктің ыстығы мен суығын бір кісідей көрген белгілі журналист Ермұрат Бапимен еліміздегі БАҚ-тың бүгінгі жағдайы туралы аз-кем әңгіме-дүкен құрған едік.

"Адамды шыншылдығы үшін кінәлауға бола ма?" - Өткен 2015-жылдың сәуір айында Алматы облысы, Қарасай ауданындағы Жаңатұрмыс орта мектебінің мұғалімі Айман Сағидуллаева маған келіп, мұғалімдерді аудан билігі тарапынан «сенбілік» арқылы 15 күндей қара жұмысқа жегетінін, сайлауға, санаққа араластырып, тіптен халықтың қой-сиырына дейін санаттырып, әкімшілік қызметкерлерінің жұмыстарын түгелдей мектеп мұғалімдеріне жүктейтіні және әншілердің концерттеріне билет сатып алу мұғалімдерге міндеттелетіні жайлы шындықты жеткізген болатын.

ULT.KZ. "Бұрынғылар үшін кейінгілер жауап беруге міндетті емес…" - Бразилияның Рио де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиада ойындарының алдында қазақ спорты үлкен соққы алды. Пекин мен Лондон Олимпиадасында атой салған Илья Ильин секілді толағай батырымыз және Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова секілді үш чемпион қызымыз допинг қолданды деген айыппен тергеу аяқталғанша уақытша жарыстардан шеттетілді.

TENGRINEWS.KZ. "Назарбаев Қонаев жайлы: Мен оның жеке басына тиетін сөз айтпадым" - 3 шілдеде Қазақстанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильм көрсетіледі.

BNEWS.KZ. "Қарағанды облысындағы сібір жарасы: Дәрігерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды" - Қарағанды облысында сібір жарасы инфекциясының таралуына байланысты екі қылмыстық іс қозғалды, тағы бір іс медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін орындау фактісі бойынша қозғалып отыр. Бұл туралы ҚР ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин мәлім етті.

DALANEWS.KZ. "Әлемде жер сатқаннан пайда тапқан ел жоқ" - Біздің биліктің мақтаншақтығы, мақтаусүйерлігі айтылы-айтыла жауыр болды, оны қазбалағаннан ештеңе шықпас және нәтижесіз жұмыс жоспарларын тізгеннен де жақсы өзгеріс әп-сәтте туа қоймас. Алайда елде көңіл қынжылтатын құбылыстар көбейген сайын біздің биліктің қай тарапта болсын, әу бастағы саясатының дұрыс болмағындығы жайында айта бергің-ақ келеді. Бірақ «айтқанның аузы жаман, жылағанның көзі жаман». Сөйтсек те, ауыздан шыққан жақсы лебіз тыңдамайтын үшін жаман болса да, жан күйзелісінен көзден аққан жас түсінбейтінге сора боп көрінсе де бұзық пиғылды емес, елді бұзатын емес, көпшілікке жағар деген уәжді пікірімізді тағы айтқымыз келіп отыр.







28 маусым 2016, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.