Атырау, 5 мамыр 07:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Кадрлік ауыс-түйіс: «орговиктің» оралуы", "Дулат Исабеков: «президент жерге қатысты мәңгілік мораторий жариялауы керек»", "Қазақстанға салафизм қайдан, қашан келді?", "Халқына оқ атқан Бакиев өмiрбақи түрмеде отырады"

2 134 просмотра

KAZ.365INFO.KZ. "Кәрім Мәсімовтің халық алдында «авторитеті» жоқ па? Оның орнын кім басуы мүмкін?" - Соңғы кездері «Кәрім Мәсімов отставкаға кетіп, оның орнына Бақытжан Сағынтаев келеді екен» деген әңгіме шыға бастады. Бақытжан Сағынтаевтан бөлек Үкімет тізгінін Асқар Мырзахметов ұстауы мүмкін деген жорамал да айтылып жатыр. Себебі Асқар Исабекұлы жуырда ғана вице-премьер әрі үкімет жанынан құрылған Жер комиссиясының төрағасы болып тағайындалған болатын.

ZHASALASH.KZ. "Халқына оқ атқан Бакиев өмiрбақи түрмеде отырады" - Өткен аптада Қырғызстанның Әскери соты елдiң бұрынғы прези­дентi Құрманбек Ба­киевтiң қорғаушыларының рақымшылық жасау туралы шағымын қабылдамай тастады. Сөйтiп, Қырғызстанның экс-президентiн өмiр бойына бас бостандығынан айыру туралы шешiм қабылдаған бiрiншi сатыдағы соттың үкiмiн қолдады.

"Қартайдық, қайғы ойладық" - Жас жеттi. Қартайдық, қайғы ойладық. Арманды ұлғайттық. Күш сынас­қан күндестiктен әбден запыланып бiттiк. Күндiз күлкiңдi, түнде ұйқыңды бұзар, бiрде тыртың еткiш, бiрде бұлтың еткiш тұстастар көбейдi. Өзiнде жоқты өзгелерден де жоқ қылуға барын да, жанын да салып тырбанып бағатындар бүгiнде аяқ аттатпауға айналды. Құдай құлқын алған сол шiркiндерден “Жұртым! Ұлтым!" деген тiлек түгiл, әлгi сөздердi есту мүмкiн емес. Бiрлiктен ажырап, берекеден айырылғанша, әрекет жасап өзiнде жоқты өзгелермен иықтасып, қолдасып жүрiп табуға ынталанса қайтер едi. Кесiрi қасiретке айналарын, қасiретi қасиетiн өлтiрерiн қашан сезер екен деп бiз әуре. Сездiрем деп тыраштанып, әлгiлердiң сөзiн де, таяғын да талай жедiк. Қыр асқызбас қарттық желкеге мiнгенде арманның ұлғайған әр түрiн емес, бiрiн де орындай алмасың – уайымыңның соры һәм шыңы.

AZATTYQ.ORG. "Кадрлік ауыс-түйіс: «орговиктің» оралуы" - Қазақстанда президент әкімшілігінің жетекшісі мен Астана қаласының әкімі ауысты. Кейбір сарапшылар мұның себебін әлеуметтік наразылықтың артуынан көреді.

"Ресейде интернетте пікір жазудың өзі қауіпті бола бастады" - Ресейде үкіметті интернетте сынағаны (пост жазғаны) үшін жұртты соққыға жығып, қорқыту оқиғалары көбейді. Кремль бұл елдегі интернет бостандығын шектеп отыр.

ABAI.KZ. "Парламентке ұсынылған жайылымдар туралы заң жобасы. бірге талқылайық!" - Парламентке Жер мәселесіне тікелей қатысы бар Жайылымдар туралы Заң жобасы ұсынылып жатқан көрінеді. Бұл Заңның қандай артықшылығы, қандай кемшілігі бар? Оны халық болып талқылайық деген ниетпен аталмыш Заң жобасын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Сәлімжанұлы Дүйсенбиновтен өтініш жасап сұрап алып отырмыз. Кезінде "Жер кодексі" қабылданып кеткеннен кейін сан соғып қалғанымыз рас. Сондай олқылықты болдырмау үшін оқырмандарымыз Заңмен толық танысып шығып, өз ойлары мен ұсыныстарын осы материалдың астына пікір ретінде жазып қалдыруына болады.

"Дулат Исабеков: «президент жерге қатысты мәңгілік мораторий жариялауы керек»" - Бұл жайтқа қоғамның барлық саласында әділеттіліктің жоқтығы, халық арман-тілектерін, өтініштерін айтып билік орындарына барса, ауданның әкімінен бастап облыстық әкіміне дейін жүре тыңдайтындығы себеп болды деп ойлаймын. Кейбір ауылдарда әлі күні жарық жоқ. Көшелерде батпақ кешіп жүрген адамдарды телеарнадан күнде көреміз. Балалар мектепке бара алмай жүр. Үйлері құлағалы тұр. Мал ұстап мал бағайын десе, жерлері жоқ. Бүкіл жерасты байлығымызды шетелдерге беріп қойдық. Ең қымбат уран, вольфрам, мұнай, кальций мыс, алтын, жез қайда кетіп жатыр? Міне бұлардың бәрі – жұмбақ. Тек қана билік басындағы екі үш адам ғана біледі, болды.

QAMSHY.KZ. "Асқар Мырзахметов: агроөнеркәсіптік кешеннің ендігі мақсаты - экономикалық өсімнің қозғаушы күші болу" - Бүгін Алматы облысында республиканың аудандық және облыстық әкімдіктерін бейне конференция байланысы режиміне қоса отырып, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовтің қоғам өкілдерімен есептік кездесуі өтті.

SZH.KZ. "Қазақстанға салафизм қайдан, қашан келді?" - Жақынғы кездері қоғамда, бұқаралық ақпарат құралдарында діни экстремизм мәселесі басты тақырыптардың біріне айналды. Әсіресе, сарапшылар мен бақылаушылар діни сенім бостандығы туралы заңнаманы қатайту, мәдениетіміз бен тарихымызға жат, тіпті, тәуелсіздігімізге қатері бар деструктивті діни секталар мен ағымдарға заң тұрғысынан шектеу қоюды ұсынуда. Соған байланысты бірнеше дінтанушы, саясаттанушы азаматтардың пікірін жариялауды жөн көрдік.

TURKYSTAN.KZ. "Елді шошытатын «эмошылар»" - Жастары жүректі де жігерлі, білімді де саналы, мәдениетті де тәрбиелі елдің болашағы қашан да жарқын. Қазақ халқының жастардың тәлім-тәрбиесіне баса мән беретіні сондықтан. Бүгінде жастардың батыс мәдениетіне деген қызығушылығының артуы қоғамды алаңдатып отырған жайт екені жасырын емес.

QAZAQUNI.KZ. "Үкімет зейнетақы қорына тағы да ауыз салмақшы" - Халықтың жинақтағы зейнетақы ақшалары ақыры ұсталатын болып шешілген. Бүгін зейнетақы активтерінің 2016 жылы төрт бағытқа жұмсалғандығы туралы хабарланды.




22 маусым 2016, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.