Атырау, 5 мамыр 03:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Допинг дауы Қазақстан спортына қалай әсер етеді?", "Қиялдағы әйел президент. Ол кiм?", "«Аңыс байқалды»: халық – қарсы, ал билiк...", "Биліктегі ауыс-түйіс парламенттік басқару жүйесіне жасалған қадам болуы мүмкін"

2 428 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Допинг дауы Қазақстан спортына қалай әсер етеді?" - Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Илья Ильинің Пекиндегі сынамасынан да допинг табылғанын хабарлады. Бұған дейін оның Лондондағы сынамасы да оң нәтиже берген. Сарапшылар Қазақстан спортына үлкен қауіп төнгенін айтады.

"Діни радикализмнің бетін қалай қайтаруға болады?" - AzattyqLIVE «Қазақстандағы діни радикализмнің бетін қалай қайтаруға болады?» деген сауалды теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетаймен талқылады.

KAZ.365INFO.KZ. "Ресей Американы әлі де бомбасымен «қорқытып» отыр – АҚШ сарапшылары" - АҚШ пен Батыс әлемінің Ресейге қатысты көзқарасы қандай екенін көзі қарақты қауым жақсы білуі тиіс. Алайда көп жағдайда Ресейге қатысты сауатты, салмақты сараптамалар бізге жетпейді. Осы ретте «The National Interest» журналында жарияланған мақаланы қазақшаға аударып бергенді жөн көрдік. Мақала авторлары қазіргі Кремльдің шын болмысын әшкере қылыпты. Ендеше бастайық.

"Есімов неге сүйкімсіз, немесе «Болашақ» түлектері билікте не тындырды?" - «Болашақ» түлектерінің Қазақстанды басқаруына кім және не кедергі келтіруде? Батыста білім алған жас ұрпақ билікке қалай қол жеткізбек және бұл елімізді құрдымға кетірмей ме? «Стратегия» қоғамдық қорының президенті, әлеуметтанушы Гүлмира Ілеуова осы мәселелер төңірегінде ойын ортаға салды.

ZHASALASH.KZ. "Қиялдағы әйел президент. Ол кiм?" - Жұртшылық құлағдар болуы тиiс, өткен аптада қазақ басшысы Санкт-Петербург қаласында өткен XX Халық­аралық экономикалық форумға қатысты. Осы шара барысында ұйымдастырылған кездесудiң тiзгiнiн CNN жүргi­зушiсi Фарид Закария ұстаған екен. Ол Н.Назарбаевқа мынадай сұрақ қойды: Америка АҚШ-ты әйел президент басқаратын жағдайға дайын ба? Мен сiздiң премьер-министрдiң орынбасары қызметiне әйел адамды қойғаныңызға назар аударып отырмын. Қазақстанды әйел президент басқаруы мүмкiн деп ойлайсыз ба?".

"«Аңыс байқалды»: халық – қарсы, ал билiк..." - Жер реформасы жөнiндегi комиссияның көшпелi отырысы сенбi күнi Алматы облысында өттi. Бес сағатқа созылған жиында 73 адам сөз сөйледi. Мұның сыртында облыстағы барлық аудандар селекторлық байланысқа шығып, жердi сату және жалға беру мәселесiне қатысты өз пiкiрлерiн бiлдiрдi.

"Үкiмет белшеден қарыз" - Қазақстанның сыртқы қарызы 155 млрд АҚШ долларына жеттi. Кейiнгi жылдары бұл мәселенi БАҚ шырылдап тұрып жазды. Бiрақ оған назар аударған адам болмады. Ендi мiне, “бара жер, басар тау" қалмаған тұста депутаттардың даусы жапа-тармағай шыға бастады.

ABAI.KZ. "Биліктегі ауыс-түйіс парламенттік басқару жүйесіне жасалған қадам болуы мүмкін" - Бүгін ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин қызметінен босатылды. Әзірге Нұрлан Зайроллаұлының орынтағына кімнің тағайындалатыны белгісіз. Дегенмен бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы Нұрлан Нығматулинді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді.

"Мұхтар Тайжан: жер мәселесіне қатысты менің ұстанымым" - Ең алдымен 1,5 ай бойы жер тағдырына алаңдап, маған уатсап, ФБ арқылы төте байланысқа шығып, кездесіп, ақыл-кеңестерін берген, тәжірибелерімен бөліскен барлық адамдарға – шаруаларға, ғалымдарға, заңгерлерге, кәсіпкерлерге, ауылшаруашылық мамандарына, қарапайым азаматтарға алғыс білдіремін. Маған, қала тұрғынына, бұл өте маңызды және құнды көмек болды. Сондықтан, төменде айтылғандар - ұжымдық ой мен ұжымдық тәжірибенің нәтижесі. Менің әрбір адамның сұрағына жеке жауап беруге, әрбір нақты жағдайға қатысты анықтау жүргізуге физикалық тұрғыдан шамам келмеуі мүмкін, бірақ мен барлық мәселелерді жүйелеп, бүгінде біздің Комиссия аясындағы әрі қарайғы әрекетіміз қандай болуы керектігі туралы қорытындыға келдім.

QAMSHY.KZ. "Мәсімов Мәскеуге кетіп, Марат Тәжин мемхатшылыққа қайта орала ма?" - Сейсенбі елдегі саяси ауыс-түйістермен басталды. Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматуллин лауазымынан босап, Мәжіліске барды. ПӘ-ге Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков барады деген сыбыс бар. Бұған дейін Жақсыбеков премьерлікке дайындалып жатыр деген де әңгіме шыққан.

TURKYSTAN.KZ. "Оралмандарға қиындық келтірген №49-бап" - Өткен аптада бүгінде саябыр тапқан қазақ көші-қонына қатысты үш түрлі ақпарат тарады. Оның бірі – биылғы наурыздағы есеп бойынша Қазақстан халқының жалпы санының 17 миллион 733 мың адамға жетуі, екіншісі – Қытайдағы қазақтар арасында жүргізілген сауалнама бойынша, тоқсан пайызының атажұртқа оралуға ниетті екендігі, үшінші – 2015 жылдың қараша айында қабылданған «Халықтың көші-қоны туралы» заңдағы Қытайдан келетін көшке кедергі болып отырған бапқа орай белсенді Ауыт Мұқибекұлының соңғы кездердегі мәлімдемесі.

"Обаманың орнын Хиллари баса ма?" - Барша әлем АҚШ президенттік сайлауының барысын жіті қадағалап отыр десек, артық айтқандық болмас. Ал науқанның қазір ең қызған шағы. Британдық «The Independent» газеті жазғандай, «Ақыры, АҚШ президенті адамзат тарихына тікелей ықпал етеді екен, онда оны тек америкалықтар сайламасын, бәріміз атсалысайық» деген әзілдің жаны бар, шынында. Қарашаның 8-де Ақ үйдің алдағы төрт жылдық қожайыны кім болатыны анықталады, яғни, келесі төрт не сегіз жылда халықаралық саясаттың желі қай жақтан соғары соған байланысты. Қарадан озып, хан болған Барак Обаманың дәурені аяқталуға жақын. Иранмен ядролық келісім жасап, оған салынған санкцияларды алып тастаған, Кубамен дипломатиялық қарым-қатынасты жаңғыртқан, америкалық әскерді аймақтық қақтығыстардан аулақ ұстап, Ирак пен Ауғанстаннан АҚШ әскерін шығаруға барын салған Барак Обама тарихта өзіне лайықты орын дайындады. Енді ол өзінен кейін Ақ үйдегі ең маңызды лауазымға ақ нәсілді әйел президентті отырғызып, Айды аспанға бір-ақ шығармақ.


21 маусым 2016, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.