Атырау, 29 наурыз 06:08
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Атырауда перзентханада жаңа туған сәбиді сату әрекеті құрықталды

2 908 просмотра

Атырау облыстық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері облыстық перзентханада жаңа туған сәбиді сатпақ болған әрекеттің жолын кесті. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА хабарлады.

Бірнеше ай бойына жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер перзентхана қызметкерінің «лайықты» сәбиді тауып, перзентханадан шығару құжаттарын дайындау үшін 2 мың 500 доллар мөлшерінде кепілақы алғанын анықтады. 19 маусымда жаңа туған сәбиді есептен шығарып, сатып алушыға беріп, 2 мың 500 доллар мөлшерінде сома қалдығын алу кезінде перзентхана қызметкері қылмыс үстінде ұсталды.

Қазіргі уақытта оның босанушы әйелдердің бірін, Орта Азия республикаларының бірінің азаматшасын өз сәбиін сатуға көндіргендігі анықталды.

Ұсталушы уақытша ұстау изоляторына орналастырылды, ҚР ҚК-нің 135-бабы («Кәмелетке толмағандар саудасы») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеумен ІІД тергеу басқармасы айналысуда.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
20 маусым 2016, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.