Атырау, 5 мамыр 01:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Жер комиссиясы отырысы театрланған қойылымға айналып бара жатқан жоқ па?", "Шен-шекпен, ақша-пұл, той-томалақ! Біз осы феодалды мемлекетпіз бе?", "Қазақстан шетел қаржысына тәуелді болып қалған наркоман сияқты"

2 100 просмотра

KAZ.365INFO.KZ. "Шен-шекпен, ақша-пұл, той-томалақ! Біз осы феодалды мемлекетпіз бе?" - Белгілі журналист Қуандық Шамахайұлы қазіргі күнгі жер дауына, жалпы Қазақстанның беталысына қатысты өз пікірін білдіріпті. Оның пікірінше, Қазақстан кері шегіне-шегіне — феодализмге келіп тіреліпті. Неге дейсіз бе? Өйткені феодалдық экономикада ешбір реформа, даму атаулы болмайды, тек әркім өз шаруашылығы мен жұмысын күнкөрістің қамымен ілдебайлап жүргізеді.

"Қазақша сөйлейтін орыс көрсек, неге таңғаламыз?" - Шынымен, орыс қазақша сөйлесе неге таңғаламыз? Қазақша білмейтін қазақ қашан нонсенске айналады? «АҚШ – жау, «Батыс – дұшпан» деген ресейлік ақпарат құралдарының көзқарасын қабылдауға тиістіміз бе? Саясаттанушы Серік Белгібай осы сауалдарға жауап берді.

ZHASALASH.KZ. Терроризмге» – 196 миллиард, «денсаулықизмге» – 162 миллиард" - Ақтөбедегi қанды оқи­ғалардан соң Қазақстан билiгi терроризм және экс­тремизмге қарсы жаңа науқан бастары сөзсiз. Және бұл үшiн қазынадан тағы қыруар қаржы бөлiнетiнiне де шүбә келтiрмеймiз. Тек, лаңкес­тiкпен күресу жолдары туралы билiк өкiлдерi айта бастаған ұсыныстары мен бұған дейiнгi терроризмнiң алдын алу шараларының “жетiстiк­терi" оның нәтижелi болатынына күмән тудырады.

AZATTYQ.ORG. "ОА Ауғанстанның солтүстігіндегі тұрақсыздықтан тіксінеді" - Ресей мен АҚШ-тың жоғары лауазымды әскери шенеуніктері жақында бірінен соң бірі Орталық Азия елдеріне барды. Ресей қорғаныс министрі - Түркіменстанда, АҚШ қолбасшыларының бірі Өзбекстан мен Тәжікстанда болды.

"Өмірдегі «жиһадпен» сахнада күресетін болды" - Қырғызстанда да Қазақстандағыдай экстремизммен күрес тақырыбында спектакль қойыла бастады. Мұндай туындылар ресми мекемелердің тапсырысымен әзірленеді. Оның әсері туралы мамандар әртүрлі пікірде.

QAMSHY.KZ. "Қытай елшісі өз елінің Қазақстанда ешқандай арам ойы жоғын айтып ақталды" - Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты өткізетін Орталық Азиядағы қауіпсіздік жөніндегі дәстүрлі конференцияға қатысқан Қытай халық республикасының Қазақстандағы елшісі Ханьхуэй Чжан Қытайдың Орталық Азиядағы мүдделері ешқандай да пайдакүнемдікке негізделмегенін, ортақ мақсаттарға бірлесіп жетуді ғана көздейтінін айтқан.

"Диханның темірқазығы" - Осы мақаланың аты жөнінде көп ойланып, ақыры өзім сөз арнап отырған азаматтың шығармасынан алғанды жөн көрдім. Қазақтың батыр ақыны Махамбет Өтемісұлының «Ерлердің ісі бітер ме!» деген өлеңінде «Темірқазық жастанбай, Қу толағай бастанбай» деген жолдар бар. Қазақ мифологиясында Темірқазық тәңірінің құдіретімен аспанға қағылған ат байлайтын алтын қазық, дүниенің кіндігі саналады. Дихан Қамзабекұлының «ХХІ ғасырдағы Алаштың ақ жолы» деген жинақта жарияланған мақаласының атын «Алаш – темірқазық» деп қоюы да бекер емес. Темірқазық әдетте бағытты ажырататын, жол белгісі ретінде қарастырылатыны белгілі. Автор да осы мақаласында «Алаш – өркениет бағытындағы Қазақ елінің, зиялылардың айнымас темірқазығы», – деген қорытындыға келеді.

BNEWS.KZ. "Өнім шығармайтын кәсіпкерлерге субсидия неге беріледі?" - Екі жылдан бері «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында субсидия алып келген кәсіпкерлік нысандардың дені өнім шығармаған. Олардың көпшілігі көтерме-бөлшек сауда кәсіпкерлігімен, қонақ үй бизнесі, демалыс және ойын-сауықпен айналысатын, сонымен қатар проблемалық несиелері бар, бюджетке салық төлемейтін, жұмыс орындарын ашпайтын, арасында қызметкерлері де жоқ кәсіпкерлік субъектілер, деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Сабильянов Bnews.kz. сайтына берген сұхбатында.

ABAI.KZ. "Жер комиссиясы отырысы театрланған қойылымға айналып бара жатқан жоқ па?" - Жер комиссиясының кезекті отырысы Алматы облысының Талғар ауданына қарасты «Байсерке агро» агрокешенінде өтті. Өткен жолғы басқосу белгісіз себептермен болмай қалған еді. Бұл жолы, Құдая тәубе, жер комиссиясының жиыны ойдағыдай ұйымдастырылды. Бірақ, жиналыс соңына қарай «Алматы облысының атқамінерлері «жерді шетелдіктерге жалға беру керек» деген позициядағы адамдарды арнайы дайындап, театрландырылған қойылым қоймақ болды» деген сын айтылды. Бұл қаншалықты рас сөз? Біз осы мәселенің мән-жайын білмек болып комиссия мүшелеріне сауал қойған едік.

"Қазақстан шетел қаржысына тәуелді болып қалған наркоман сияқты" - Өткен сенбіде Алматының іргесіндегі «Байрсерке агро» аргохолдингінде Жер реформасы туралы комиссияның көшпелі отырысы өтті. Сарапшылардың пікірінше, Астанадан келген алқа-қотан отырсытың бұл реттегі жиыны – дәстүрлі сценарий бойынша өткен-міс.

ULT.KZ. "Қазақ халқы неге имам Әбу Ханифа мазхабын ұстанады?" - Ақтөбеде орын алған қайғылы жағдай біздің қоғамда сенім мәселесі аса ушығып тұрғанын көрсетті. Былай қарағанда, имамдар мен дінтанушылар, тарихшылар мен басқа да идеология саласының қызметкерлері жұмыс жүргізіп жатыр. Дін мен дәстүр мәселесіне қатысты түрлі жиындар, кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізіліп жатыр. Бірақ жүргізілген жұмыстардың нәтижесі ойдағыдай емес.

DALANEWS.KZ. "Мұрат Қалматаев: “Мәскеуге қарсы келгенім үшін елу жасымда Ауғанстанға айдап жіберді"" - Көпшілігіміз генерал-майор, марқұм Мұрат Қалматаевтың Ауған соғысына қатысқанынан хабардармыз. Алайда Желтоқсан көтерілісіне қандай қатысы барын білмейміз. Журналист Серікбол Хасан Мұрат ағаның “Ақ желкен" журналына берген сұхбатынан үзінді ұсыныпты. Қалматаевтың Желтоқсанына көтерілісіне қаншалықты қатысы барын және Кеңесінің өкіметінің оны неге Ауған жеріне жөнелтіп жібергенін осы бір сұхбаттан оқып білуге болады.

QAZAQUNI.KZ. "Михаил Веллер: Қазақтардың ата-бабалары Ресейге мемлекеттік әперді" - Орыс жазушысы Михаил Веллер қазақтардың ата-бабалары Ресейге мемлекеттік әперді деген пікір қалдырған.









20 маусым 2016, 13:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.