Атырау, 7 мамыр 02:19
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

АМӨЗ-де дизель отыны төгілді

2 739 просмотра

Әлеуметтік желілерде «АМӨЗ» ЖШС-нің құю эстакадасында бензиннің төгілгені туралы бейнежазба жарияланды.

«Бұл АМӨЗ, – деп комментарий береді кадр сыртындағы дауыс, – Тонналаған бензин ағып жатыр, оның аға бастағанына он минуттай болды».

«АЖ» АМӨЗ-ге және облыстық экология департаментіне жазбаша сауал жолдады. Экологтар бірден осы факті бойынша тексеру жүргізіп жатқандары туралы жауап жазды.

«АМӨЗ» ЖШС-нің жұртшылықпен байланыс бөлімі редакцияға баспасөз хабарламасын жолдапты: «Атырау МӨЗ-де ашық түсті мұнай өнімдері құйылатын эстакадада 2016 жылдың 11 маусымында құю деңгейін шектеу аспабының істен шығуы салдарынан дизель отынының азғана төгіндісі (150 литр) орын алды. Алайда топырақтың ластануына жол берілмеді. Дизель отынын әрі қарай қайта өңдеу мақсатында ол эстакада табанының арнайы бетон жабыны арқылы зауыттың кәріздік жүйелерімен мұнай өнімдерін ұстап қалатын қондырғыға жіберілді. Қазіргі кезде зауытта ашық түсті мұнай өнімдерін құятын герметикалық жаңа эстакада салу жүргізілуде».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 маусым 2016, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.