Атырау, 5 мамыр 02:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Ақпараттық тәуелдiлiк – ұлттық қауiпсiздiкке төнген қатер", "Сотталған белсенділер «терроризмді қолдаушылар» тізімінде жүр", "ҰБТ: ЖОО түспегендер қайда барады?", "Қазақстан неге әлі күнге «советский» брендтерді сағынып жүр?"

1 963 просмотра

KAZ.365INFO.KZ. "Нанға да зар болатын түріміз бар. Билік неге бар бидайды шетелге сатып жатыр?" - Бидайды Қазақстанда ұстап отыру қиын — оны шетелге сата салу анағұрлым тиімді. Сондықтан еліміздің ұн тартушылары бидайсыз отыр — ол халықты тамақтандыруға жұмсалмай, экспортқа шығарылып жатыр. Парадокс: әлемде бидайды ең көп экспорттайтын елдердің бірінде енді шикізат тапшы. Бірақ бұл ҚР ауыл шаруашылығы министрлігін толғандыратын емес: ондағылар кезекті рет бидай экспортының өскені және оның қысқартылмайтыны туралы мәлімдеуде. Мұның түбі жақсылық әкелмейді.

"Қазақстан неге әлі күнге «советский» брендтерді сағынып жүр?" - Анығында, әзір бізге Тәуелсіздіктің әр жылы қымбат. Жылға жыл қосылған сайын біз коммунизм елесінен, «Қызыл империя қайта тірілуі мүмкін» деген үрейден алыстай түсеміз. Уақыт өткен сайын мұндай болжамдардың қиюуы қашып, қисыны кетеді деген үміт бар. Демек, бізге керегі уақыт…

"Атом электр стансасын салсақ, Ресейге тағы да тәуелді боламыз — ғалым" - Қазақстанда 1 шақырым жерге электр желісін тарту үшін қанша ақша кетеді? Біздегі жылу электр стансасынан шыққан түтін сонау Жапонияға дейін жететіні рас па? Ресей Қазақстанда Атом электр стансасын салуға неге құлшынып отыр? Осы және өзге де қызықты сауалдарға ғалым Марат Қошымбаев жауап берді.

AZATTYQ.ORG. "Әлиев режимін жарнамалайтын автобәйге" - Әзербайжанда бүгін «Формула-1» автобәйгесі басталады. Авторитарлық режим өзін насихаттау үшін өткізіп жатқан жарыстың пайдасынан гөрі зияны көп дейді билік оппоненттері. Бакудің кей тұрғындары жарысты пайдаланып ақша тапқысы келеді.

"Сотталған белсенділер «терроризмді қолдаушылар» тізімінде жүр" - «Алауыздық қоздырғаны үшін» сотталған белсенділер «терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға» қатысы бар тұлғалар тізіміне енгізілгендіктен банктер оларға қызмет көрсетуден бас тартып жатыр. Кей белсенділер ондай тізім жайлы ешкім ескертпегенін айтады.

BNEWS.KZ. "ҰБТ: ЖОО түспегендер қайда барады?" - Жыл сайын жасөсіпірімдердің сарыуайымға салдыратын ҰБТ аяқталды. ҚР білім және ғылым министрлігі оның қорытындысын шығарды. Сонымен 2016 жылы тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында 120 мың түлек алтын ұяларымен қоштасты. Бір айта кетерлігі, биылғы мектеп түлектерінің дені еліміздің орта білім ошақтарында кешенді тестілеу енгізілген 1999 жылы туылғандар. Кешенді тестілеу 2004 жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге айналды. Биылғы жеткіншектер демек, ҰБТ елімізде енгізілгенде небәрі 6 жаста еді. Арада міне, 12 жыл өтті. Демек, биылғы түлектер ҰБТ-ның осы форматында сынақ тапсыратын соңғы бітірушілер.

ZHASALASH.KZ. "Ақпараттық тәуелдiлiк – ұлттық қауiпсiздiкке төнген қатер" - Ешқандай заңмен тыйым салынбаған, халықаралық келiсiмшарттар аясынан тыс қалған, нақтырақ айтқанда, көзге көрiнбейтiн, бiрақ ең қауiптi әрекет – ақпараттық шабуыл. Ол қай кезде де тоқтаусыз жүрiп отырады, тек жұрт оны байқай бермейдi. Ақпараттық шабуылдың көмегiмен кез келген елдiң iшкi жүйесiне килiгiп, қанды қырғынсыз-ақ жаулап алуға болады.

"Ілеспе аударма неге ілгерілемей тұр?" - «Тіл – сенің есігіңді күзеткен арыстаның, қарасаң – сені бағады, қарамасаң – өзіңе шабады» Жүсіп Баласағұн.

QAMSHY.KZ. "Ауыратлеттер пайдаланды делінген препараттардың күші қандай?" - Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Лондон олимпиадасының сынамаларын қайта тексеріп, нәтижесінде 4 қазақстандық чемпионның: Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза және Светлана Подобедованың қанынан рұқсат етілмеген препараттардың табылғанын жариялады. Олар допинг қолданды деген айыппен тергеу аяқталғанша жарыстардан шеттетілген еді.

"Pадикалды діни ағымдарды ұстанушылар ақпарат құралдарына қызметке жіберілмеуі керек" - Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында біздің еліміз дүние жүзі мемлекеттеріне көптеген этнос өкілдерінің бейбіт өмір сүру мекені ретінде танылған елдердің бірі. Алайда діни экстремизм біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Оған дәлел, биылғы қасиетті Рамазан айы басталар қарсаңында Ақтөбе қаласындағы болған оқиға және қандықол қылмыскерлердің қолынан жазықсыз жандардың қаза тапқандығы барша қазақстандықтарды дүр сілкіндірді. Бұл діни ағымның артында мол қаржы мен сұрқия саясат тұрғаны ақиқат. Елімізде дәстүрлі емес «саясиланған ислам» ықпалына ерушілердің діни ұстанымдары біздің ұлтымыздың мың жылдан астам уақыттан бері ұстанып келе жатқан дәстүрлі дінімізге мүлдем қайшы және көп жағдайларда агрессиялық сипатта көрінеді.

TENGRINEWS.KZ. "Бас бапкер Алексей Ни допинг дауына қатысты пікірін айтты" - Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни төрт ауыратлеттің қанынан допинг табылғаны жайлы хабарға пікір білдірді. Ол Vesti.kz сайтына берген сұхбатында команданың спортшылардың кінәсіздігін спорт арбитраж сотында дәлелдеуге ниеттеніп отырғанын мәлімдеді.

ABAI.KZ. "Сауалнама: жастардың дінге деген көзқарасы қандай?" - Ақтөбеде орын алған трагедиялық оқиға еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне жауапты органдардың олқылығын ортаға шығарды, әлсіздігін көрсетті. Қарулы «бандиттер» дін атын жамылып, теракті жасады. Жазықсыз адамдар жапа шекті. Десе де, әзіз діннің бұндай бассыз қадамдарды құптамайтын рас. Тіпті, Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасы да арнайы мәлімдеме жасап, Ақтөбедегі оқиғаны хақ исламға телу теріс екендігін айтты. Бірақ, құзырлы органдар Ақтөбедегі терактіні – «мемлекетті басып алу» әрекеті деп бағалады.

"Мәсімов ұлттық қормен не істемек?" - Қазақстанның Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ҚР Ұлттық қор қаржысын ұтымды пайдаланудың жолын кәсіпкерлерден сұрады.

ULT.KZ. "Сәләфит қыздың шындығы: матруди ақидасындағыларға қатты тиісетін едім" - Қазіргі қоғамымызда дәстүрлі исламнан бөлектенетін жандар көбейді. Аспанымыз ашық, күніміз бейбіт заманда, таяу шығыс елдеріне қарай шекара асуға не себеп болды екен?! Мына бір кейіпкеріміздің басынан өткен оқиға жоғарғы сөйлеміміздің айғағы. Маңғыстау облысының тұрғыны, 1994 жылғы азаматшаның Сирияға кетпекші болған әрекетің өз оқиғасымен ұсынуды жөн көрдім.










17 маусым 2016, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.