Атырау, 2 мамыр 21:34
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

​ІІД: «Отарбаев полицейден 700 мың теңге алмаған»

2 325 просмотра

2015 жылдың 5 қарашасында «Ақ жайық» газетінде тілші З.Байнекееваның азамат Нұрлан Отарбаевтың ұсынысымен «Кінәсіз жазықты болды» деген мақаласы жарық көрді. Онда Атырау қаласының ІІБ ЖПҚ қызметкері А.Мұратов оның үстінен әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жалған хаттама толтырғаны және сол хаттама негізінде ІІБ ЖПҚ инспекторына қатысты ҚР ҚК 369-бабы, 1-бөлімі (қызметтік жалғандық жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізу бойынша іс көтерілген болатын. Бірақ А.М. әрекетінде ҚР ҚК-нің 369-бабында («Қызметтік жалғандық жасау») қарастырылған қылмыс құрамы жоқ болғандықтан оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылған.

Аталмыш факт бойынша Атырау облыстық ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасы газет редакциясының жолдаған сауалына мынадай мазмұнда жауап берді: «...Кейінірек Н.Отарбаевтың полиция қызметкері А.М.-ға қатысты жауабын өзгерткені үшін және талабы жоқтығы туралы қарсы арыз бергені үшін соңғысынан 700 000 теңге сомасында ақшалай қаржыны қорқытып ала бастағаны анықталды».

Алайда, редакцияның сауалына берілген жауап дұрыс емес, Н.Отарбаевтың ІІД ЖПҚ полицейі А.Мұратовтан қорқытып ақша талап еткендігі бойынша факт ресми түрде еш жерде тіркелмеген және бұл факт бойынша қандай да бір сотқа дейінгі өндіріс жүргізілмеген. Жауап А.Мұратовтың дәлелдерін негізге алды.

Осы көрсетілгендерге байланысты Атырау облысының ІІД ресми түрде Н.Отарбаевтың қорқытып алу фактісі анықталмағандығын ресми түрде теріске шығарады.

Облыстық ІІД баспасөз хатшысы Г.Мұхтарова

16 маусым 2016, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған