Атырау, 17 мамыр 12:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Кінәсіз жазықты болды

5 417 просмотра

Қазақстандық полицейдің болжап болмайтын әрекеттері халықты жабырқатады. Жекелеген азаматтар оның қамқорлығына шыдай алмай, Тараздағы жас жігіт секілді өздерін тірідей өртеп жібереді. Алайда жерлесіміз Нұрлан ОТАРБАЕВ үмітін үзбей, өзін кінәсіз бола тұра, кінәлі етіп шығарған жүйеге қарсы тайсалмай күресіп келеді.

ЖАЗУ АЙЫРҒЫШ ИНСПЕКТОР

2015 жылғы 5 ақпанда кешкісін Элеваторный көшесінің бойындағы айналма жолда жол-патрульдік қызмет инспекторы тоқтатқан кезде сары нөмірі бар қызметтік көлік жүргізушісінің жұмыстан келе жатқан бойы болатын.

– Құжаттарымды (куәлік пен техтөлқұжатты) алып қойып, өзінің нұсқаулығын бұзып, көлігіне шақырды да, хаттамаға әлдене толтыра бастады, - деп әңгімелейді Отарбаев. – Толтыра отырып, маған жылдамдық режимін бұздың деп түсіндірді. Мен оған шетелдік компанияға тиесілі көлігімде автоматты түрде жылдамдықты шектейтін GPS-треккер орнатылғанын түсіндірдім. Ол ойланып қалды да, хаттаманы мен тиесілі емес жерде темекі шекті деп толтыру туралы ұсыныс жасады. Бұл ұсақ заң бұзушылық әрі айыппұлы да аз екенін айтты. Өзін ақтайтын дәлел ретінде инспектор Азат МҰРАТОВ өз жұмысына әлдебір көрсеткіш қажет екендігі туралы дәлел келтіріп, енді мұны не істейміз деп, жартылай толтырылған хаттамаға сілтеді. Мұның ұзаққа созылғаны сондай, түнгі сағат 11-лер шамасы еді. Мен тіпті құжаттарға қол сілтеп, кетіп қалғым келді. Бірақ ол көлікті құжаттарсыз жүргізгенім үшін айыппұл тұрағына ресімдейтінін айтып қоқан-лоқы жасады. Мен подъезде темекі шектім деп мойындап, түсініктеме жаздыртуды өтіне бастадым. Кез келген хаттамаға қол қоюдан бірден бас тарттым. Бірақ құтылу үшін қарапайым қағазға түсініктеме жаздым. Оның үстіне мен темекі шекпеймін, ешқашан шеккен де емеспін. Сөйтіп, кетіп қалдым. Ал екі айдан кейін маған жұмыстарыммен Ресейге бару керек болды. Сөйтіп, шекарада проблема болмас үшін менде әлдебір төленбеген салықтар немесе мерзімі өткен несиелер бар-жоғын тексеруді ұйғардым. Маған тиесілі емес жерде темекі тартқаным үшін айыппұл тағайындалғанын көргенімде таң қалғанымды көрсеңіз. Анықтамақ болдым. Маған мен қол қоймаған әкімшілік құқықбұзушылық туралы толтырылған хаттаманы көрсетті. Мен арыз жазған соң ІІД Ішкі қауіпсіздік басқармасы жүргізген тергеу барысында анықталғандай, Мұратов менің қолтаңбамның үлгісін алу үшін түсініктеме жаздыртып алған екен. Сөйтіп, жалған қол қойып, менсіз әлгі хаттаманы толтырған.

«МЕНДЕ БӘРІ ЖАЗУЛЫ»

- Екі ай бойына ІІД-ге тұрақты барып тұрдым, бірақ іс еш жүрмеді, - деп жалғастырды Отарбаев. – Ішкі қауіпсіздік басқармасындағылар өздерінің уақыты жоқ екенін немесе күдіктіні таба алмай отырғандығын (ол осы уақыт бойына бұрынғыша ІІД әкімшілік полициясы басқармасында жұмыс істеген болатын – З.Б.) айтумен болды.

Мен істің әдейі созылып кеткенін түсініп, қалалық прокуратураға арыз жаздым. Осыдан кейін екеумізді бетпе-бет кездестірді. Өз басшылары Н. ӘЛЕКЕСОВТІҢ, Е. ҚАБЕСОВТІҢ және ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкері А. БИҒАМБАЕВТЫҢ қатысуымен Мұратов хаттамадағы менің қолым жалған екенін мойындады. Бетпе-бет кездескен аудиожазба менде бар.

Осыдан кейін дәлізде Әлекесов мені арызымды кері алуға көндірмек болды. Қоқан-лоқы жасап, менің атыма тіркелген көліктерді санамалап шығып, маған «жол бойымен жүруге» мүмкіндік бермейтінін айтып, сес көрсете бастады. Содан соң осы істі жүргізіп жатқан ІҚБ тергеушісі Биғамбаев жақындап келді. Әлекесов оған: «Аман, бауырым, қане, бәрін шешейік, ол бәріне келісіп отыр» деді. Биғамбаев олай болса менің жауабымды өзгертуге тиіс екенімді айтты. Мен бас тартып, адвокатпен келетінімді айттым. Мен заңсыз хаттаманы жойып, заң бұзушыға қатысты шара алу туралы бірден өз талабымды мәлім еттім. Немесе Мұратовқа осы айыппұлды өзі төлеп, дау-дамайды жабуды ұсындым. Бірақ әуел бастан-ақ бәрі мені сатып алып немесе қорқытып, арызымды қайта алуға мәжбүрлемек болды. Сол күні кеште маған Биғамбаев қоңырау шалып, кездесеуді өтінді. Бұл Рамазан айы болатын. Біз ауыз ашардан кейін, сағат 22-ге жақын кездестік. Мен әңгіменің не туралы болатынын жорамалдап, алдын ала диктофон қосып қойдым. Күткенімдей, ол маған пара ұсынды. Мен оған еш жауап айтпастан, кетіп қалдым.

Келесі күні ол маған: «Кешегі әңгіме не болды?» деп, смс жолдады. Мен бас тартып, әділдікті қалайтынымды және сотқа дейін баратынымды айттым.

Кейінірек ол өз кабинетінде отырғанда: «Артық қылам деп, тыртық қыласың-ау» деп, бұл істің түкке тұрмайтынын, істің сотқа жетпейтінін, ал Мұратовты жұмыстан шығарып жіберетінін айтты.

«СЕНІҢ КӨЗІҢШЕ САНАЙМЫН ДА, ІСТІ ТОҚТАТАМЫН»

Редакция құзырында әлдебір адамның 200 мың теңгені Мұратовтың әкелуге дайын екені, оның 30 мыңын сөйлеп отырған адам өзіне қалдырғысы келетіні («Борышын өтеу керек»), ал 170-сін Отарбаевқа арызын қайтарып алу үшін беретіні туралы айтқаны жөнінде аудиожазба бар.

- Сенің көзіңше (ақшаны) санап, (істі) тоқтатамын. Оған қатаң сөгіс беремін, ол келісіп отыр, - деп сөзін жалғастырды жазбадағы дауыс. - …жер дөңгелек. Түсініктемені сен өзің жаздың, бірақ ол хаттамаға өзінің қол қойғанын мойындады ғой. Бар болғаны жарты жылдан бері жұмыс жасап жатыр, жас қой… Біз психолог болып болдық, «Қаншаға күшің жетеді?» деп сұрадым. Ол «Әрі кеткенде 200 мың табамын деді»...

Бұл жазбаны Отарбаев ҚР агенттігінің Атырау облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жазған шағымына тіркеген. Біздің сауалымызға жолдаған департамент жауабында ол айғақ ретінде қаралмаған. Қалай болғанда да фоноскопиялық сараптама тағайындалмаған. Алайда Отарбаевтан түпнұсқасын – ұялы телефонын сұраған (алайда оның дауысының үлгісін алмаған). Қазір телефон қайтадан қожайынына берілді. Бірақ... жазба бүлінген болып шықты. Фамилия мен сомасы айтылған жерлер сызып тасталған. Алайда қожайын сақтық жасап, оны басқа тасымалдағышқа көшіріп алған екен.

Айта кетелік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасының тергеушісі Биғамбаевқа және Атырау қалалық ІІБ жол-патрульдік полиция батальонының командирі Н.Әлекесовке қатысты ҚР ҚК-нің 361-бабында («Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану») қарастырылған қылмыстық-жазалаушы заң бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізген. Ішкі қауіпсіздік басқармасының өзі ІІД-гі ведомствоішілік тәртіпті қадағалап, бүкіл бөлімшедегі қызметкерлердің моральдық келбетіне бақылау жасау үшін құрылған, тиісінше, Ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің қадір-қасиетін ІІД-ге бағынбайтын басқа құрылым тергеушілері анықтауға құқылы.

ДӨРЕКІЛІК ТАНЫТУ АКТІСІ

2015 жылғы қазанның басында сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент «тергеуші Биғамбаев пен жол-патрульдік полицияның батальон командирі Әлекесовтің әрекетінде қандай да болмасын қылмыстық құқықбұзушылық құрам жоқтығына байланысты ҚР ҚІК-нің 35-бабының 1-тармағы 2-тармақшасының («Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар») негізінде қылмыстық істі тоқтатқан. Оның іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауы себепті қылмыстық іс тоқтатылуға тиесілі».

Яғни, Отарбаевтың пара ұсынып, қысым көрсету туралы жүгінген шағымы тіптен қаралмаған. Шамасы, олар «ожарлық және әдепсіздік танытты» деп ауыстырылған болуы керек. Таң қалып отырсыз ба? Сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментіндегілер былай деп жазады: «Алайда объективті бағаланып жинақталған мәліметтер мен фактілер қызметкерлер А.Биғамбаевтың, Н.Әлекесовтің, сондай-ақ, тергеу барысында анықталған соңғы А. Мұратовтың іс-әрекеттерінде жемқорлыққа жол беретін заң бұзушылық белгілері айқын екенін көрсетті: шешім дайындау және қабылдау кезінде жеке тұлғаларға заңсыз артықшылықтар көрсету секілді; заңмен белгіленген жеке тұлғалардың шағымдарын қарау тәртібін әлденеше рет бұзу; жеке тұлғаларға өз құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға айқын кедергі келтіру.

Бұдан басқа, аталмыш тұлғалар «ҚР ішкі істер органдары қызметкерлерінің ар-намыс кодексінің» талаптарын бұзған, атап айтқанда, өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, қарапайымдылық танытуға тиіс және қоғамға жат мінез-құлыққа жол бермеуге тиіс. Сонымен қатар «ҚР ІІО қызметкерлерінің мінез-құлық ережелерінің» азаматтарға сыпайылық көрсетіп, ықыластық танытуы туралы талаптары бұзылған».

Көрсетілген дөрекі мінез-құлық актілеріне байланысты «ішкі істер органдарында әрі қарай жұмыс істеу мәселесін шешумен қатар тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы» мәселені көтеру ұсынылған.

СЕРЖАНТТЫҢ БЛАНКАСЫ БОЛМАҒАН

Біздің мәліметіміз бойынша, әзірге ішкі істер органдарымен тек Мұратов қана қош айтысқан. Дегенмен, ол ІІД-дегілер айтқандай жұмыстан шығарылмаған, 22 қазанда өз еркімен жұмыстан кеткен.

Қызықты сәйкестік – біздің сауалымызға ІІД жауабы 23 қазанда келді.

ІІД-дегілер өз қызметкерлері, Атырау қалалық ІІБ ӘПБ ЖПҚ полицейі, кіші полиция сержанты А.Мұратовқа қатысты ішкі қауіпсіздік басқармасының ҚР ҚК-нің 369-бабы («Қызметтік жалғандық жасау») бойынша қылмыстық істі тергегенін растады.

ІІД мен Отарбаевтың жорамалдары тек бір жерде ғана сәйкес келеді. Оны жол полициясы батальонының қызметкері Азат Мұратов формальды түрде жылдамдықты арттырғаны үшін тоқтатқан.

Әрі қарай оқиға мүлдем басқаша өрбиді. Біздің сауалымызға берген ІІД жауабынан үзінді келтірейін: «Н.Отарбаев оны жылдамдықты арттырғаны үшін хаттама толтырмауды өтініп, бұрын сотты болғанын, жұмысынан айырылып қалуы мүмкін екендігіне сілтеген. А.М. оған жылдамдықты арттырғаны үшін рәсімдемей, тиесілі емес жерде темекі лақтырғаны үшін хаттама толтырам деп айтқан. Отарбаев темекіні лақтырып, үйіне кеткені туралы түсініктемені өз қолымен жазған. Бірнеше айдан кейін үйіне әкімшілік айыппұл төлеуі тиіс екендігі туралы және оған қатысты өзі қол қоймаған әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттаманың толтырылғаны туралы хабарлама келеді. Кейінірек, бұл хаттамаға Отарбаевтың орнына полиция кіші сержанты А.М. өзі қол қойғаны анықталды. Өйткені, Отарбаевты тоқтатқан жерде оның қолында әкімшілік хаттама (шамасы бланка шығар – З.Б.) болмай қалған. Кейінірек Н.Отарбаевтың полиция қызметкері А.М.-ға қатысты жауабын өзгерткені үшін және талабы жоқтығы туралы қарсы арыз бергені үшін соңғысынан 700 000 теңге сомасында ақшалай қаржыны қорқытып ала бастағаны анықталды. Бірақ А.М. әрекетінде ҚР ҚК-нің 369-бабында («Қызметтік жалғандық жасау») қарастырылған қылмыс құрамы жоқ болғандықтан оған қатысты қылмыстық істің тоқтатылатындығы туралы шешім қабылданды. Ал жол-патруль қызметкерлерінің қызметін реттейтін бұйрықты өрескел бұзғаны үшін А.М. жұмыстан шығарылды».

Жалпы біздің редакцияның саясаты журналист тарапынан баға берілуін құптамайды. Алайда бұл жағдайда редакция сауалына берілген бүкіл жауап ақиқат пен көркем қиялдың арасында сабақтасып тұрғаны сондай, түсінік айтпай кету қиын. Мәселен, ІІД басшылығы үшін құқықбұзушының полицейден заң бұзушылықтың басқа түріне ауыстыруды «өтінуі» және әлгі полицейдің «жеңілдік тарифін» ұсынуы қалыпты жағдай болғандығы қызық-ақ. Сонымен қатар, өз құқықбұзушылығың туралы хаттамаға қол қоймай-ақ, өзіне айыппұл салынғаны туралы хабарламаны ала алатындығың қызықты. Полицей өзімен бірге бланкасы болмағандықтан хаттаманы бұрмалай алатындығы, ал басшылығы оған көз жұма қарайтындығы қайран қалдырады. ІІД басшылығы ішкі істер қызметкерінен «қорқытып» пара алған бетпақтың жауапкершіліктен құтылуына қалай мүмкіндік бергені түсініксіз? Әлде бұлай болмады ма? Қылмыстық істің қысқартылатындығы туралы қауырт түйіндемеге келер болсақ, бұл қарама-қайшылыққа толы мәселе: қызметтік жалғандық жасау бар, ал қылмыс құрамы жоқ.

«МЕН ҚОРЫҚПАЙМЫН!»

Нұрлан Отарбаев жақын арада темекі тартқаны үшін төленбеген айыппұл салдарынан мүлкіне тыйым салу туралы сот шешімін алды. Иә, бұл таң қаларлық, бірақ осы айыппұлды ресімдеген ӘПБ инспекторы Мұратов оны төлемеген.

- Мен жасамаған нәрсем үшін ақша төлемеймін. Принципім үшін, - дейді Нұрлан Отарбаев. – Мен бір кездері заңды бұздым, мерзім алып, жазасын өтедім. Мен енді мұны қайталағым келмейді. Бұрын істі болғандығым үшін мен әуел бастан-ақ оңай нысана болдым. Инспектор Мұратов сол күні кеште жол бойында тоқтатқанда мені базадан «тауып», «Сотталғансың ба?» деп, мән бере сұрады. Бүгінде оған қатысты іс жабылды, ол соңына дейін бұрынғы орнында жұмыс істеді. Менің арызым бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Биғамбаевқа қатысты қозғалған қылмыстық ісі де, неліктен екені белгісіз, «қысқартуға» іліккен. Мен осы проблеманың кесірінен басқа жаққа шыға алмай отырмын. Ал менің қазіргі жұмысым Ресей Федерациясына үнемі барып тұрумен байланысты. Маған отбасымды – жұбайымды, екі баламды, ата-анамды асырауым керек. Екеуі де 2-топ мүгедектері. Ымыраласу немесе сатып алу әрекеттері көмектеспеген соң, мені ашықтан ашық қорқыта бастады. Мен сіздің редакцияға хабарласқаннан кейін қоқан-лоқы күшейді. Бірақ егер мен қазір қорықсам, әділдік ешқашан орнамайды. Мен ҚР ІІМ мен ҚР президенті аппаратына әкімшілік жауапқа заңсыз тарту фактісі бойынша облыстық ІІД ЖПБ қызметкері А.Мұратовқа қатысты шаралар алу туралы арыз жаздым. Енді күтемін.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА



5 қараша 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.