Атырау, 5 мамыр 03:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Мырзахметовтiң жылжуы ауыс-түйiстiң басы ма?", "Ол — ресейлік өнім! Қазақ ұлтшылдары ВКонтакте желісін жабуға неге қарсы?", "«Толық орындалған 23 қадамды» түгендеу қиын болды", "Харижиттік ұстанымдағы cалафиттер"

1 712 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Қазақстандық төрт олимпиада чемпионы жарыстан шеттетілді" - Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Лондон олимпиадасы кезінде алынған сынамаларды қайта тексергенде он атлеттің допинг қолданғаны расталғанын хабарлады. Олардың арасында қазақстандық төрт спортшы бар.

"«Толық орындалған 23 қадамды» түгендеу қиын болды" - Қазақстан президенті былтыр жариялаған «100 нақты қадам» жоспарының 23 қадамы толық орындалғанын мәлімдеді. Бірақ ол 23-тің анық қандай бағдарламалар екенін анықтау оңайға соқпады.

ZHASALASH.KZ. "Мырзахметовтiң жылжуы ауыс-түйiстiң басы ма?" - Ауыл шаруашылығы министрi Асқар Мырзахметов бiр саты жоғары жылжып, Мәсiмовтiң iргесiне келiп тоқтады. Мұны осы аптаның ең үлкен жаңалығы десек те болатын шығар. Өйткенi бүкiл ел назары тегiс ауған Жер реформасы жөнiндегi комиссия жұмысына жетекшiлiк ету мiндетi де Мырзахметовке жүктелдi. Оның үстiне қолына алғанына бiр айдан ендi ғана асқан аграрлық саланың ауы мен бауы әлi уысында.

"Толғанай Үмбетәлиева, Орталық Азиялық демократияны дамыту қорының бас директоры, саясаттану ғылымдарының кандидаты: Билiкте қазiр ақша жоқ ендi үйiп-төгiп уәде берiп, халықты алдай алмайды" - Жасыратыны жоқ, соңғы кездерi халықтың көңiлi көп жағдайға алаң. Оған бiрден-бiр себеп, елiмiзде ретсiз, репетсiз жүргiзiле бастаған сан түрлi реформалар. Қоғам неге алай-түлей күй кешiп жатыр? Бұл халықтың қазiргi саяси басқару жүйесiне қарсылығы ма? Әлде саяси-әлеуметтiк сана-сезiмнiң көтерiлгенi ме? “Жас Алаш" осы және басқа сауалдарға жауап iздеу ниетiмен Орталық Азиялық демократияны дамытудың қорының бас директоры, саяси ғылымының кандидаты Толғанай Үмбетәлиеваға жолығып, әңгiмелескен едi.

KAZ.365INFO.KZ. "Ол — ресейлік өнім! Қазақ ұлтшылдары ВКонтакте желісін жабуға неге қарсы?" - «Ақтөбедегі лаңкестік шабуылдан кейін ВКонтакте желісін тежеп, немесе мүлдем тоқтату керек» — мұндай ұсынысты өткен аптада белгілі саясаттанушы, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин жасаған болатын. Саясаттанушының ұсыныс жасағаны сол еді — көпшілік қауымның пікірі екіге жарылып, қызу пікірталас басталып кетті.

"Арзан бензин АИ-80 еді, енді ол да қымбаттайтын болды. Энергетика министрлігі не бүлдірді?" - Отандық сарапшылар кешегі энергетика министрлігінің АИ-80 жанар-жағармайын реттеуді доғарып, бағаны еркіне жіберуі мүмкін екенін меңзеген мәлімдемесін ақылға қонымсыз деп санайды. Экономистер бұл арада нағыз лоббидің иісі аңқитынын да жасырмайды.

AIKYN.KZ. "Ерлан ҚАРИН, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры: Ақтөбедегі оқиға – мемлекет пен қоғамға үлкен сабақ" - Белгілі саясаттанушы, терроризм мен экстремизм мәселелерінің зерттеушісі, «Халифат әскері: аңыз бен шындық» кітабының авторы Ерлан Қарин Ақтөбедегі терактіге нағыз маман ретінде баға береді.

QAMSHY.KZ. "Президент жариялаған мораторий шілдеге дейін заңмен бекітілуі тиіс" - «Жер кодексіне» былтыр енген өзгерістердің кей нормаларын жүзеге асыруды тоқтата тұру туралы Президент Жарлығы заң күшіне енетін 1 шілдеге дейін заңмен бекітілуі тиіс екен.

ABAI.KZ. "Харижиттік ұстанымдағы cалафиттер" - Иcлaм тaрихындa және бүгінгі тaңдa хaрижиттік aғымының ізбacaрлaры ретінде тaнылғaн көптеген aғымдaр бaр. Oлaрдың әрқaйcыcы өздеріне «caлaфилік» aтaуын беріп, өздерін aлғaшқы үш ғacырдa өмір cүрген мұcылмaндaрдың ізбacaрлaры екендігін aлғa тaртaды. Oлaр тaрихтa дa, бүгінгі тaңдa дa өздерінің хaрижилеге тән мінез-құлықтaрымен, әрекеттерімен және ұcтaнымдaрымен тaнымaл. Жaлпылaй, caлaфилік ұғымындa қaтaлдық, қaтігездік cияқты хaриджилеге тән мінез-құлық, caлaфиліктің екінші кезеңін, яғни мутaaхирин кезеңінің қaлыптacтырушыcы Ибн Тaймияның ықпaлымен жүзеге acқaн деуге бoлaды.

TENGRINEWS.KZ. "Ешкімнің баға беруге құқығы жоқ - Мұхамедиұлы допинг дауы жөнінде" - Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының чемпиондарының қанынан допингтің табылуына қатысты пікір білдірді.

ULT.KZ. "Пайғамбарға теңелген Шыңғыс қаған" - Жеті санын қасиетті санаған біздің бабаларымыздың дұғаларының арқасында біздер осы күнге дейін, сонау Қияннан арғы заманнан қазақ болып келеміз. Жеті, джети, джати дегеніміздің үнді тіліндегі «отшельник» екенін алдында айтқан едім. Мен ең алғашқы мақаламда Шыңғыс қағанның тегі жөнінде айтқанда, қазақты арабтан таратқан шежіреге сүйендім. Әлкей Марғұлан атамыз 1969-ші жылы жазған «Ғылымға жүгінген жөн» атты мақаласында Қадырғожа дегеннің жариялаған шежіре кестесін қатты сынап, Шыңғыс ханды арабтың халифасының зайыбы Гүлсарадан таратып қойғанын айтып: «Бұл тізбек, шала оқыған молдаларда болмаса, тарихи деректердің бірде біреуінде кездеспейді» деген еді.



16 маусым 2016, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.