Атырау, 27 қараша 20:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Құлыптаулы саябақ

2 329 просмотра

Өткен жылы тамызда Индербор поселкесінде саябақ пайдаланылуға берілген болатын, алайда, ол үнемі ашық тұрмайды.

- Балалар мұнда күндіз келіп ойнағысы келеді, бірақ саябақ күндіз жабық тұрады (суретте), кешке белгілі бір сағат ашық тұрады, одан соң қайтадан жабылады. Мұндай саябақтың қажеті қанша? – дейді поселке тұрғындары.

Күзетшінің айтуынша, саябақ күнделікті сағат 17-ден 22-ге дейін ашық тұрады.

- Саябақты ашық қалдыру қауіпсіз емес, оның ішін бүлдіретіндер қашан да табылады, - дейді күзетші. - Біз бұған қатысты бірнеше рет полиция шақыртқанбыз.

Саябақта өткен жылы 130, биыл 80 қарағаш талы отырғызылған. Алайда саябақтың күтімсіз қалғаны көрініп тұр - арам шөп басып кеткен.

- Саябақты Алау-Жайық» ЖШС 65 млн теңгеге салған болатын. Біз таяу уақытта сенімгерлік басқаруға беру үшін конкурс жариялауды жоспарлап отырмыз. Жеңімпаз анықталғанға дейін саябақ есігі әлі бір ай құлыптаулы болады. Себебі, саябақты барынша күтуіміз керек. Ал, кейбір бүлінген жерлерін мердігер қалыпқа келтіреді, екі жыл сынақ мерзімі бар ғой, - деп хабарлады Индербор поселкесінің әкімі Алмас ҚҰСАЙЫНОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА


16 маусым 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.