Атырау, 5 мамыр 05:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Ақтөбедегі лаңкестер ДАИШ-тың филиалы емес, ұйымның тілектесі ғана болған - Ерлан Қарин", "Ақтөбе оқиғасы: лаң салғандар мен олардың көздегенi", "Шығыс Украинадан заңсыз қару тарап жатыр", "Қуануға әлі ерте, тек мораторий заңдастырылды"

1 900 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Шығыс Украинадан заңсыз қару тарап жатыр" - Украинадан қару-жарақ әкеле жатқан француз экстремисінің ұсталуы соғыс ошағына айналған Донбастағы қару шетелдегі террористердің қолына өтіп кетпей ме деген қауіпті күшейтті.

"Тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен қалай күресу керек?" - AzattyqLIVE Қазақстандағы дағдарыс орталықтары одағының төрайымы Зүлфия Байсақовамен отбасындағы зорлық-зомбылық және оған қоғамдағы көзқарас жайын талқылады.

ZHASALASH.KZ. "Салафизмге қарсы жорық шынымен басталды ма?" - Маусымның 13-i күнгi дерек бойынша, 7 бейбiт азаматтың, сот шешiмiнсiз ресми орындар террорист деп айдар таққан 18 күдiктiнiң өлiмiмен аяқталған Ақтөбе қырғыны қазақ қоғамына жаңа дiни күрестiң жолын ашқандай. Қай ағыммен күресу керектiгiн президент Н.Назарбаевтың өзi айтып бердi. Бiрден емес, әрине. Ресми билiк терракт деп бағалаған маусымның 5-i күнгi Ақтө­бедегi шабуылдан кейiн үш күн өткiзiп барып халыққа үндеу жасаған президент «шетелден нұсқау алған жалған дiни ағым өкiлдерi» туралы айтты. Бiрақ, жалған дiни ағымның атын атап, түсiн түстемедi. Екi күннен кейiн өткен Қауiпсiздiк кеңесiнде ол “мұны дәстүрлi емес салафизм дiни ағымы жолын ұстанушылар тобының террористiк шабуылы екенiн бiз қазiр бiлiп отырмыз. Республикада дiн ұстану бостандығына кепiлдiк бере отырып, дiннiң атын жамылып елдегi жағдайды ушықтырушылардың барлығына қатаң тойтарыс беремiз" дедi.

"Ақтөбе оқиғасы: лаң салғандар мен олардың көздегенi" - 5 маусымда Ақтөбеде болған қанды оқиғадан бiрнеше күн өткен соң ғана экраннан көрiнген Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев оқиғаны террорлық шабуыл деп атап, оны шетелден нұсқау алған радикалды дiни ағым өкiлдерiнiң жасағанын мәлiмдедi. Назарбаевтың ойынша, олар мұны “түрлi-түстi төңкерiстi" бастау үшiн ұйымдастырған көрiнедi. Ресми айыптаудың қиюы келмей тұрғанына сөз шығындамай-ақ қояйық, билiк бұған дейiн де еш қысылмастан жыл басынан берi түрмеде отырған сыра королi атанған Тоқтар Төлешовтi алдымен мемлекеттiк төңкерiс жасамақ болды деп айыптап, артынша темiр тордың ар жағында отырып жер мәселесiне қатысты митингiлердi қаржыландырғанын жариялаған едi. Одан гөрi Ақтөбеде лаң салғандардың кiм екенiне көз жүгiртiп, қанды оқиғаның түп-төркiнiне қатысты болжамдарға үңiлген маңыздырақ көрiнедi.

KAZ.365INFO.KZ. "Божконың болмысы. «Орыс әлемінің» өкілі Қазақстанда қалай үлкен бастық боп кеткен?" - Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко белгілі украиндық саясаткер Ирина Фарионды «салдақыға» теңегені үшін кешірім сұрады.

"Тайжанға «шантаж» жасаған кім?" - Әлеуметтік желіде әзір үлкен дау. Белгілі қоғам қайраткері, ұлт жанашыры Мұхтар Тайжан және жазушы-журналист Геройхан Қыстаубаевтың арасынан қандай қара мысық жүгіріп өткені белгісіз.

QAMSHY.KZ. "«Жер сатуға тыйым салынды!» деп кімді алдап отырмыз?" - Соңғы уақытта «Мәжіліс жерді жекеге сатуға, шетелге арендаға беруге тыйым салатын заң жобасын қарауына алды» деген хабар ақпарат алаңын шарлап кетті. Бүгін «Мәжіліс шетелге жерді жалға беруді, жекеменшікке сатуды тоқтататын заңды мақұлдады» деп, бірнеше ақпарат құралы (қазақ, орыс тілдерінде) елден сүйінші сұрап жатыр. Жақсы хабарды қызғанғандай болды дер кей әріптестер. Алайда, ақиқаты қымбат. Ешқандай да шетелге жер беруді тоқтататын заң мақұлданбады. Бұл - 6 мамыр күні Президент жариялаған мораторийді құқықтық тұрғыда қуаттауға арналған заң жобасы.

ABAI.KZ. "Министр Сағадиев қателескенін мойындай ма?" - Жақында Оңтүстік Қазақстан облысында бір мектептің 40 түлегі Ұлттық біріңғай тестілеуді жоғарғы деңгейде тапсырып, «Алтын белгі» иегері атанды.

"Қуануға әлі ерте, тек мораторий заңдастырылды" - Бүгін таң ата сала мәжілісте жерді сату мен жалға беруді тоқтататын заң жобасы мақұлданды деп бөркімізді аспанға аттық.

TENGRINEWS.KZ. "Ақтөбедегі лаңкестер ДАИШ-тың филиалы емес, ұйымның тілектесі ғана болған - Ерлан Қарин" - Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері ақтөбелік лаңкестердің қылмыс алдында Сириядағы имамның аудиожазбасын тыңдағанына дәлелдің табылғанын хабарлады. ІІМ басшысының бұл мәлімдемесінен бұрын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі ДАИШ-тың белсенді шейхтерінің бірі шығарған пәтуа жайлы айтып өткен еді. Онда жиһад жасауға үндеу болған. Ақтөбеде шабуыл жасаған банданың сириялық баскесерлермен байланысы бар ма деген мәселеге қатысты өз пікірін саясаткер, терроризм бойынша сарапшы Ерлан Қарин айтып берді.

ULT.KZ. "Мақсат Сералы, экономист: импорт көбейген сайын, ұлттық валютамыз әлсірейді" - Бүгінде жан-жақтан саулаған шетелдік тауар мен азық-түлік отандық кәсіпкерлердің еңсесін тіктеуіне кедергі келтіріп отыр. Импорттық тауарларды алмастыру саясатындағы ең басты түйткіл – тауардың бағасы да, сапасы да емес, шетелдерден келетін тауарлар санының көптігі. Яғни, бәсекелестік өте күшті деген сөз. Бұл жөнінде кеңірек экономист-сарапшы, «Атамекен» ҰКП маркетологы Мақсат Сералы өз ойымен бөліскен еді.

"Ленинскийдің әкімі – Қазақстанның тәуелсіздігіне түкірген әкім бе?" - Сіз Павлодардың дәл іргесіндегі ауылдың аты – Ленинский екенін білесіз бе? Бұл үлкен ауыл. 10 мың халық тұрады. 90 пайызы қазақ. Бірақ, ауылдың атымен қоса, көшелерінің атауы да тегіс орысша. Анығында, ауыл тұрғындары үшін түк өзгермеген. Әлі сол «сәбеттік» кезеңде өмір кешуде.





15 маусым 2016, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.