Атырау, 5 мамыр 07:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"ІІМ Ақтөбедегі шабуылды "Сириядағы имаммен" байланыстырды", "Интернет-конфренция: Амангелді Айталы, Досай Кенжетай (толық жауап)", "Дарын Мұбаров: “Бекболат Тілеуханның ұстазы емеспін"", "«Қазақстандық ұлт» идеясы қайта бас көтерді"

2 094 просмотра

AZATTYQ.ORG. "ІІМ Ақтөбедегі шабуылды "Сириядағы имаммен" байланыстырды" - Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов 5 маусымда Ақтөбеде жасалған шабуылды 45 адам жоспарлағанын мәлімдеді. Оның сөзінше, күдіктілердің "бәрі ұсталып, жойылған".

"Ресей Түркіменстанда күшін байқата бастады" - Соңғы кездегі ахуалдарды бағамдап қарасақ, Түркіменстан мен Ресейдің қарым-қатынасы жақсара бастаған тәрізді. Ақырғы күндері екі мемлекеттің жоғары лауазымды шенеуніктері бетпе-бет кездесті. Мұның астарында не бар?

"Діни радикализмді сөз еткендер «молдаларды зауытқа жұмсауды да» айтты" - Кей сарапшылар «имамдардың халықпен жұмыс істемеуі кесірінен радикализм өршіп барады» дейді. Мамандар «дін күресі көшеде емес, интернетте жүріп жатқанын» айтады.

ZHASALASH.KZ. "Ресей Қазақстанды қалт жiбермей қадағалап отыр" - “Новая газета" (Ресей) өзiнiң соңғы нөмiрiнде Қазақстан билiгiнiң “жер мәселесiне байланысты митингiлердi Тоқтар Төлешов қаржыландырды" дегенiмен мүлде келiспейдi. “Жасыратын ештеңе жоқ, Оңтүстiк Қазақстан мен Батыс Қазақстанның адамдарының болмыс-бiтiмдерi де, мiнездерi де, түсiнiктерi де сәйкесе бермейдi. Оның үстiне бұл өңiрлердегi кландық құрылымдар да әртүрлi, әртектi. Сондықтан да шымкенттiк Тоқтар Төлешовтiң Атырау мен Ақтөбенiң қазағына сөзiн өткiзе қоюы да екiталай" дейдi “Новая газета".

"Америка – Қазақстанның досы, жауы емес" - Бiрқатар мемлекеттiк БАҚ Қазақстан мен Америка достық қарым-қатынасына ашық ақпараттық шабуыл жасауда. Билiктiң тiкелей рұқсатымен, Алматыда банк борышкерлерi АҚШ консулдығының алдында “президенттi" қолдау акциясын өткiздi. Жердi жалға беруге қарсы өткен бейбiт жиын қатысушыларына 150 доллардан төлендi, митингiлердiң артында АҚШ Мемлекеттiк де­партаментi тұр деген жалған ақпарат та таратылды.

KAZ.365INFO.KZ. "Бала орысша оқымаса, адам болмай ма?" - Есіңізде ме, президент Назарбаев бір сөзінде 2020 жылға дейін қазақша білетіндердің саны кем дегенде 95 пайызға жететінін айтқан. «2017 жылы мемлекеттік тілді меңгергендердің саны 80 пайызға жетуі тиіс», – деген бұған қоса Назарбаев.

"Константин көки бастады. Орыс неге Қазақстан билігіне «ұлтшыл» адамның келуінен қатты қорқады?" - Ресей тарапынан біршама тыйылып қалған Қазақстанға қатысты сандырақ әңгіменің құлағы қайтадан қылтиды. Жириновский, Лимонов, Сакуров, Штыгашевтердің ізімен жақында Ресей азаматы Константин Душенов деген дінге жақын бір пақыр сайрап қоя беріпті. Баяғы бір сарынды әуен: «Қазақстан деген мемлекет болған емес, тағысын тағы дегендей»…

QAMSHY.KZ. "«Қазақстандық ұлт» идеясы қайта бас көтерді" - Ел халқының 70 пайызы өзін «қазақстандық» деп санайды. Мұны Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының профессоры, саяси ғылымдар докторы Жаңылжан Жүнісова жеткізді.

ABAI.KZ. "Зікірия Жандарбек. "мүфтият салафилік ағыммен күресіп жатқан жоқ"" - Ақтөбеде болған соңғы қанды оқиғалар біздің қоғамның осы күнге дейін уаххабилік-салафилік ағым ықпалы алдындағы шарасыздығын көрсетіп берді. Не ҚМДБ имамдары уағыздарының, не Дін істері комитеті мен облыстық, аудандық, қалалық өкілдіктері тарапынан жүргізілген уаххабилерге қарсы күресінің уаххабилік-салафилік идеологияға тұрар қауқары болмай шықты. Мемлекеттің бұл бағытқа арнайы, елміздің діни-рухани тұтастығын қамтамасыз етуге бөлген қаншама қаржысы желге ұшты? Неге?

"Интернет-конфренция: Амангелді Айталы, Досай Кенжетай (толық жауап)" - Бұл жолғы интернет-конфренциямыздың қонағы екі адам: мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Мәжілісінің 1999-2004 жылдардағы депутаты, философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы мен Л.Н. Гумилев атындағы Ұлттық Университеті дінтану кафедрасының профессоры, философия және теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетай.

"«Ағаң болмасын!» немесе тобырлық мүдде" - Соңғы екі-үш жылда алдымнан көп шыққан, барлық тоғышарлықтар сияқты жолымды кескен, жүрегімді қарайтқан бір іс болды. Мен қазір оны рушылдық деймін бе, жершілдік деймін бе, білмеймін. Әйтеуір, білетінім — оның бір бөлім адамдардың арасында шынымен өмір сүріп жатқаны. Кейбір қандастарымызға жәй тірліктің, қалалардан үй сатып алудың өзі мұң болған мынадай кезеңде, оған бас ауыртып жүрген қазекемнің қажырына таң қалмауға да болмайды. Бір шал: «Не шықса да, оқығандардан шығады» депті. Онысы рас, бірақ сәл түзетіп алу керек: шын ілім оқығандардан емес, біреулер жағынан, тобырлық сана қалыптастырған ортада оқылғандардан шығады.

DALANEWS.KZ. "Дарын Мұбаров: “Бекболат Тілеуханның ұстазы емеспін"" - Тоқсаныншы жылдарың тоңы жібімей тұрған кезде еліміздің рухани ахуалы да қатты жүдеп кеткен еді. Сол кезеңдердегі қытайдың ала дорбасы сияқты, пейілі ала-құла діни ағымдар да Қазақстан дейтін «тыңды игеруге» білек сыбанып кіріскенін жақсы білесіздер. Әлбетте, Құдайдың дініне тіл тигізгіміз келмейді — арасында мұсылманшылықты шынайы ұлықтаған азаматтар да баршылық болды. Бірақ жаманды-жақсылы насихат айтқан біраз жігіттің баспасөз бомбежкасының астында қалғаны рас. Солардың бірі – Дарын Мұбаров. Дарын мырза жайлы жұрттың пікірі қақ айрылады. Бізге қызығы — бұ кісінің қоғамдық көзқарастары, өмірлік ұстанымдары, адамдық позициясы. Тынбай насихат айта беретін уағызшы-робот емес шығар? Сонымен, сіз кімсіз, мистер Мұбаров?


14 маусым 2016, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.