Атырау, 5 мамыр 04:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Қарт белсендінің ұстанымы мен «айыбы»", "Түрмедегi төңкерiсшiлдiң «сыбайластары» туралы бiз не бiлемiз?", "Ресейлік қайраткер Қазақстанды «екінші Украина» ету ниетін ашық айтты", "Қазақ тілін менсінбейтін Божко «орыс әлемін жақтаушы» ма?"

2 567 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Шабуылға қатысты негізгі болжам – теракт" - Егер гей-клубтағы оқ ату теракт деп танылса, бұл қырғын АҚШ-та 2001 жылдың 11 қыркүйегінен бергі кезеңде жасалған ең ауқымды теракт болады.

"Қарт белсендінің ұстанымы мен «айыбы»" - Атыраудағы қарсылық шеруінен соң 70 жастағы Ғатауғали Боханға «мемлекетке опасыздық» және «билікті басып алуға шақыру» сынды айыптар тағылды. Сот екі айға қамауға алған зейнеткер үйін кепілге қойып абақтыдан шыққан.

ZHASALASH.KZ. "Түрмедегi төңкерiсшiлдiң «сыбайластары» туралы бiз не бiлемiз?" - Ойды ой қозғайды. Осыдан төрт жыл бұрын Алматы облысындағы Арқанкерген шекара бекетiнде болған оқиға ерiксiз еске түседi. Аузынан әлi ана сүтi кетпеген сарбаз Владислав Челах түсiнiксiз жағдайда өзiнiң 14 қарулас серiгiн бiр түнде жер жастандырды. Бiр солдат 14 серiгiн қырып салды дегенге сенетiндерден гөрi сенбейтiндер көп. Мынау да дәл сол сияқты. Бұзықтық жасады, тентектiкке барды дегенде, ары кетсе “разборкалардың" iшi-сыртында жүруi мүмкiн шымкенттiк кәсiпкер Тоқтар Төлешов мемлекеттiк төңкерiс жасап, билiктi басып алмақ болды деп айыпталып отыр. Мұндай мәлiмдеменi ресми органдардың өздерi таратты. Билiк халықты ресми ақпараттан бас­қа ештеңеге сенбеуге шақырып отырса да, бәрiбiр арғы жағың “әй, қайдам" дейдi.

QAMSHY.KZ. "Жер комиссиясының жұмыс кестесінен мүшелері хабарсыз болып шықты" - Үкімет жанынан құрылған Жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмысы бесінші отырысқа келгенде үзілді. Төртінші мәрте Көкшетауда бас қосқан комиссияның сенбі күнгі кезекті отырысының не себепті өтпей қалғанын анықтауға тырыстық.

"Ресейлік қайраткер Қазақстанды «екінші Украина» ету ниетін ашық айтты" - Ресей тарапынан еліміздің егемендігі мен территориялық тұтастығына күмән келтіретін тағы бір мәлімдеме жасалды. Кеше «Русь православная» талдау агенттігінің директоры Константин Душеновтың мәлімдемесі ресейлік БАҚ-та таралуда.

ABAI.KZ. "Қазақ тілін менсінбейтін Божко «орыс әлемін жақтаушы» ма?" - Жақында Қазақстанның экс-төтенше жағдайлар министрі, қазіргі Мәжілістің вице-спикері Владимир Божко мырза украиналық саясаткер, қоғам қайраткері Ирина Фарион туралы бейәдеп сөздер айтып, Ирина ханымның орыс тіліне қарсы көзқарас білдіргені үшін оны «жезөкше» (шалава) деп атағаны БАҚ-та жарияланды.

KAZ.365INFO.KZ. "Павлодар неге орыстанып барады?" - Қазақтың ортасында өскен адам Павлодарға бара қалса, қатты қуыстанады. Өзін өгей елде, өгей мемлекетте жүргендей сезінеді. Шынымен де солай. Əсірелеп отырған жоқпыз. Осы 25 жылда Павлодар, ішінара болса да қазақша сөйлейтін өңірге айналуы керек еді. Бірақ айнала алмады…
Өзіміз де осы өңірдің баласымыз. Бірақ, тұра алмадық. Қазақша тәрбие алған, қазақша сөйлейтін адамға бұл жерге сыю қиын.

"Идеология мен ішкі саясат тізгінін қазақтілді қазақтардың қолына беру керек — Мұхтар Тайжан" - Елімізде бүгіндері лаңкестікке қарсы қолданылып жатқан күштік шаралар биліктің идеология жағынан жеңіліске ұшырағанын танытады. Сондықтан идеология мен ішкі саясаттың тізгінін қазақтілді қазақтардың қолына беретін уақыт жетті деп санайды қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан.

ULT.KZ. "Екі түрлі меншік және патриотизм" - Қоғамда ең кіршіксіз, мөлдір судай таза, әрі ерлік құбылысы – патриотизм. Патриот адам ойламаған жерде ғажап батырлық көрсетеді. Ол жанын пида етуге барады және сол ерен ерлігіне мақтанбайды, ақы сұрамайды, әрекетін қошеметтеуді де керек етпейді. Күнделікті өмірде кімнің бойында қандай патриоттық күш барын ешкім байқамайды. Оны өзі де білмеуі мүмкін. Тек сыңдар сәтте, ойлауға жетпейтін, қысылтаң кезде бұрқ етіп көрініс береді. Ол қасиет кез келген адамда болуы мүмкін. Әрине, көрінісі түрліше. Бірақ, ондай адам айлакер, қу, пиғылы арам, пайдақұмар, залым, басқаларды өзіне көпір етіп, мақсатына жететіндерден шықпайды.

"Досай Кенжетай, теолог: «еліміздегі террорлық, экстремистік базаны салафизм құрайды»" - Ақтөбеде орын алған соңғы лаңкестік оқиға биліктен батыл қадамдар жасауды талап ететіндей. Бес жыл бұрынғы терактілерден кейін дін саласына үлкен өзгерістер енгізе қоймаған үкімет бұл жолы нақты шараларды қолға алады ма? Салафизм идеясының қауіпті екеніне кеш болса да көз жетті. Енді оны қалай тоқтатуға болады? Бұл туралы елімізге танымал теолог-ғалым Досай Кенжетаймен болған сұхбат барысында сұрап көрдік.

KORRESPONDENT.KZ. "Облыс әкімдерінің рейтингі кімге керек?" - Өңір басшыларының рейтингін түзу «саяси сәнге» айналғалы біраз болды. Атын атап, түсін түстемей-ақ қояйық, түрлі-түрлі сараптау құрылымдары олар туралы қоғамдық пікір тудыру үшін барын салып-ақ жатады. Егер солардың бәрінің бірдей зерттеу нәтижелері объективті һәм ондыққа дөп тиеді десеңіз, қателесесіз.

TURKYSTAN.KZ. "Бұлғақ бүгілткен Бразилия — қиын таңдау алдында тұр" - Мешін жылының жазында әлемдік қауымдастықтың алаңы Латын Америкасы болғалы тұр. Оның бір себебі Бразилия президентінің басына төнген импичмент қаупі болса, екінші бір себеп – Рио-де-Жанейрода өтетін Жаздық олимпиадалық ойындар. Ғаламдық геосаясат калейдоскопындағы саусақпен санарлық әйел президенттердің бірі Дилма Русефтің тағдыры алдағы алты ай бойы қыл үстінде. Енді бір жарым айдан соң шымылдығы түрілуі тиіс Рио олимпидасының басына бұлт үйірілуге таяу. Бразилиядағы саяси-әкімшілік және экономикалық тұрақсыздықтың салдары осы. Бұл аз болса, елдегі эпидемиологиялық ахуал да мәз емес. Тұрғын халықтың саны бойынша да, жер көлемі бойынша да әлемдегі бесінші ірі ел Бразилия бүгінде жолайрықта тұр.




13 маусым 2016, 13:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.