Атырау, 5 мамыр 06:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Ұлт қалай мәңгүрттенеді?". "«Военная тайна» есiнен танды". "Сенімге сабыр, ақыл серік болсын". "Атамбаев: Діни догмаға көзсіз еру - ИМ-ге апарады". "Cәнге айналған сленгтер — интернеттегі сауатсыздық".

2 438 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Жер митингісіне белсене қатысқан Оқиза апа» - 75 жастағы Оқиза Махамбетова Атырауда өткен үкіметтің жер реформасына қарсы жаппай наразылықта көзге түсті. Зейнеткер, бұрынғы геолог биліктің «өзін ұстауға батпағанын» айтады.

«Атамбаев: Діни догмаға көзсіз еру - ИМ-ге апарады» - Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев түрлі діни догмалар мен өкімдерге "ойланбай" еретін адамдарды сынады. Атамбаев бұл туралы Жогорку Кенеш депутаты Жанар Акаевамен, дін өкілдері және сарапшылармен кездесуінде айтты деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы.

ZHASALASH.KZ. Военная тайна» есiнен танды" - Күнi кеше ғана ресейлiк Рен ТВ арнасының “Военная тайна" бағдарламасы қазақ патриоттарына күйе жаққан хабар таратты. Ондағы айтылған пiкiрлерге жүгiнсек, Қазақстанда бүгiнде Ресейге қарсы саясат өрiс алып тұр екен-мыс. Ал жер мәселесiне байланысты осыдан бiр ай бұрынғы жиындардың астарында – Украинадағы сияқты “Майдан" ашу ниетi бар және оның артында батыстық күштер тұрған көрiнедi.

«Хунбейбiндердi көзге елестетедi» - 1966 жылы Қытайда “Мәдениет төңкерiсi" етек алды. Осы төңкерiстi iске асырушыларды халық “хун­бей­бiндер"(қызыл белсен­дiлер) деп атады. Хун­бейбiндер аз ғана жылдың iшiнде алып мемле­кеттiң астын үстiне шығарды.

ABAI.KZ. «Ұлт қалай мәңгүрттенеді?» - Қазақстанның бүгінгі билік басында отырғандар елімізде 25 жыл бойы жасап келе жатқан өрескелдіктерді, оған қазақтан өзге ұлттың шыдай қоюы екіталай екенін айтсаң ел ішінде алауыздық туғызу, ұлттар араздығын қоздырып тыныштықтың шырқын бұзу деп басыңды бәлеге қалдырады.

QAMSHY.KZ. «Амангелді Айталы: Ақтөбеде қаза болған лаңкестердің отбасыларына да көңіл айту керек» - Философия ғылымдарының докторы, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры Амангелді Айталы Ақтөбеде болған лаңкестік оқиғаға қатысты өз ой-пікірін білдірген. Профессор осы күнге дейін елімізде терроризмді ғылыми тұрғыда зерттеу, оған қарсы тұру шараларының жүйесіз болғандығын, адасушылық тек теріс ағым өкілдері аған емес, олармен күресушілер тарапынан да орын алғанын айтып отыр

Еуразия» ісі» бойынша сотта телеарна өкілі процесс барысы туралы хабарлар елдің өздеріне деген өшпенділігін туғызатынын айтты" - Қарағандылық заңгер Нұрмахан Жұмабековтың шағымы бойынша «Еуразия» телеарнасына қатысты сот барысында телеарна өкілі Дмитрий Братусь судьядан журналистердің фото, видеоға түсіруіне тыйым салуды сұрады.

AIKYN.KZ. "Иммунитетті қалай тексеруге болады?" -Ағзаның қорғанысы уақытша әлсіреу кезеңдері кез-келген адамның өмірінде болады. Ал жас өткен сайын барлығында иммундық тапшылық және денсаулықтың нашарлап, аллергиялық, суық және басқа да көптеген ауруларға бейімділігі басталады.

EGEMEN.KZ. "Жауапкершілік… тағы да жауапкершілік" - Ұлттық бірыңғай тест осыны талап етеді. Елімізде ҰБТ жыл са­йын жоғары талаппен, айқын мақсатпен ұйым­дас­тырылғанымен, бір жылдың емтиханы екінші жылғыға ұқсамайтыны анық. Қанша дегенмен, әр жылғы тесттің өз ерекшелігі, өз жаңалығы болады.

"Мүлгіме, мультфильм" - Өткен жыл қазақ киносы үшін өте жауапты жыл болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі тікелей киногерлерге Қазақ хандығының 550 жылдығына орай көп сериалы, балаларға арналған тарихи анимациялық фильм түсіруді тапсырды. Соған байланысты мамандар жұрттың көңілінен шығатын жобаларын ойластырды. Биыл сол тапсырмалардың алғашқы нәтижелері төбе көрсете бастады, соның бірі – «Қазақ елі» тарихи толықметражды анимациялық фильмі көрерменге жол тартты.

"Сенімге сабыр, ақыл серік болсын" Немесе терроризм табиғаты және дін - Біз мұсылманбыз, адамның қасақана өлтірілуіне бейжай қарай алмаймыз. Әрине, әрбір өлім мен өмірдің ар жағында тағдыр, киелілікпен байланысқан бір спиритуалды жіп бар екенін жоққа шы­ғар­маймыз. Әйтсе де кез келген өлікті жоқтаймыз. Құнын да сұраймыз. Қазақ құқық тарихында оның іздері мен санасы сайрап жатыр.

SERKE.ORG. "Төлешовтің митингілерге қатысы болды ма?" - Жыл басынан бері қамауда жатқан шымкенттік «пиво королі» атанған ірі кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің Жер кодексіне қарсы наразылық митингілерін ұйымдастыруға қатысы жөніндегі Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің мәлімдемесі жұртты әрі-сәрі күйге түсірді. Мұның себебінде тергеу құпиясын сақтау үшін Төлешовтің митингілерді ұйымдастыруы және оны қаржыландыруына қатысты нақты дәлелдердің айтылмауында жатыр.

TURKYSTAN.KZ. "Cәнге айналған сленгтер — интернеттегі сауатсыздық" - Бүгінде ғаламторды, оның ішінде әлеуметтік желілерді пайдаланбайтын жан тым сирек. Әрине, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын ғаламтордың игілігі жетерлік. Бірақ оның қоғамға тигізер кері әсерлері де жоқ емес. Әсіресе, қазақ тілінің тілдік нормаларын бұзып бара жатқаны жанға батады. Әлеуметтік желілердегі қате сөздер мен орашолақ сөйлемдердің тасқынын ауыздықтау қолдан келмей отырған тәрізді.

10 маусым 2016, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.