Атырау, 26 сәуір 08:28
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Бекеттегі кездесу кезінде ұсталды-2

2 735 просмотра

Image 0Атырауда ҚР ҚК-нің 367-бабының 2-тармағы («Айтарлықтай мөлшерде пара беру») бойынша үкім шығарылды.

Құлсары қаласындағы жылу жүйелерін жөндеу тендеріне қатысушы Жылыой аудандық ТКШ бөлімінің басшысы облыстық мемлекеттік сатып алулар басқармасы бөлімінің бас маманы К.Мұхтаровқа туысы жұмыс жасайтын «Теплотехника» ЖШС-нің осы тендерде жеңіске жетуіне «қолдау көрсету» өтінішімен жүгінеді. Маман 1,6 млн теңгеге «көмектесуге» уәде береді. Екеуі қаладағы жанар-жағармай бекеттерінің бірінде пара беру кезінде қылмыс үстінде ұсталады Бекеттегі кездесу кезінде ұсталды»).

Биылғы жылдың наурызында К.Мұхтаровқа үкім шығарылған еді. Енді пара берушіге кезек келді.

«Атырау қалалық №2 соты сотталушыны ҚР ҚК-нің 367-бабының 2-бабы бойынша кінәлі деп танып, өмір бойы мемлекеттік қызмет лауазымында жұмыс істеу құқығынан айырып, 48 000 000 теңге (параның 30 есе көлемі) айыппұл жазасын тағайындады» - деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 маусым 2016, 14:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.