Атырау, 5 мамыр 15:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +11
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Бекеттегі кездесу кезінде ұсталды

2 532 просмотра

Image 0Облыстық мемлекеттік сатып алулар басқармасының бұрынғы маманына сот 32 миллион теңге айыппұл салды.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, 2015 жылдың қыркүйегінде Жылыой аудандық ТКШ бөлімі Құлсары қаласындағы жылу жүйелерін жөндеуге тендер өткізу үшін "Атырау облыстық мемлекеттік сатып алулар басқармасы" ММ-не өтінім жолдайды.

Конкурстық комиссия мүшесі, басқарманың бас маманы М-ға Жылыой аудандық ТКШ бөлімінің басшысы туысы жұмыс жасайтын "Теплотехника" ЖШС-нің осы тендерде жеңіске жетуіне "қолдау көрсету" өтінішімен жүгінеді.

Маман 1,6 миллион теңгеге "көмектесуге" уәде береді. «Теплотехника» ЖШС расымен де жеңеді. Есептесу үшін М. мен бас аудандық коммуналшы Атырау қалалық жанар-жағармай бекеттерінің бірінде кездеседі. Сол жерде оларды бұрынғы Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері қылмыс үстінде қолға түсіреді.

Атырау қалалық №2 соты М-ға қатысты қылмыстық істі қарап шығып, оны ҚР ҚК-нің 366-бабында ("Пара алу") қарастырылған қылмысты жасауда кінәлі деп танып, өмір бойына мемлекеттік лауазымда жұмыс істеу құқығынан айырып, 32 000 000 теңге сомада айыппұл төлеуге үкім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Пара берушінің - аудандық ТКШ бөлімі басшысының әрі қарайғы тағдыры туралы хабарланбайды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

13 наурыз 2016, 12:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.