Атырау, 5 мамыр 11:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Мұхтар Мағауин. «Туылған» мен «өлінген»". "Ермегияев ісі және «соңғы сөз»". "«Қазақстанды азат ету армиясы» деген ұйым жоқ — ҚР ҰҚК". "Ел елбасын күтіп отыр...". "«Қазақстанды азат ету армиясы» деген не, оны ойлап тапқан кім?".

3 868 просмотра

ULT.KZ. "Мұхтар Мағауин. «Туылған» мен «өлінген»" - Туылған!.. Қазақ тілінің табиғатына жат, түйеден түскен емес, жер астынан жарып шыққандай, сұмпайы, сөлекет сөз. Заманымыздың заңғар тұлғасы, әлемге әйгілі ұлы ақынымыз Мүнхаузен пәленбайыншы жылы туылған. Ол туылған, мен туылғам, сен туылғансың!.. Сұмдық қой. Тіл бұзу ғана емес, түйте-долаң сауат­сыз­дық көрінісі. Арыдағы мың жыл­дық эпостарымызды айтпайық, қазақ әдеби нұсқалары таңбаға түскен соң­ғы екі ғасыр бойы… Абай… Шәкерім… Мұхтар Әуезов…

"«Қазақстанды азат ету армиясы» деген ұйым жоқ — ҚР ҰҚК" - Комитеттің сайтында 6 маусым күні электронды ақпараттық ресурстарда Ақтөбедегі терактіні «Қазақстанды азат ету армиясы» деген ұйымның мойнына алғаны туралы хабардың тарағаны айтылады. «Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпараттың жалған екенін ресми түрде мәлімдейді. «Қазақстанды азат ету армиясы» деген ұйым жоқ. Осыған байланысты ҰҚК-нің баспасөз қызметі отандық БАҚ-тан осындай материалды жариялаған кезде ҰҚК-нің ресми пікіріне сүйенуді сұрайды. Еске сала кетейік, ҚР Қылмыстық Кодексінің 242-бабы 3-тармағы бойынша, жалған ақпарат тарату жағдайында бес мың АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы кесіледі», — делінген ҚР ҰҚК хабарламасында. йта кетейік, бұған дейін саясаттанушылар да Ақтөбедегі терактіні «Қазақстанды азат ету армиясы» деген ұйымның мойнына алғаны туралы ақпараттың жалған екенін айтқан еді.

ZHASALASH.KZ. "Ермегияев ісі және «соңғы сөз»" - «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының қаржысын талан-таражға салды деп айыпталған Талғат Ермегияев өткен аптадағы сот отырысында соңғы сөзін айтты. Өзіне тағылған айыптың бірін де мойындаған жоқ. Кезінде қоластында істеген адамдардың бірқатары оған қарсы куәлік жасаса, енді бірқатары табан тіреп, ақтап келе жатқанын жұрт білуі тиіс. Үкім санаулы күннен соң шығады. Жалпы, Т.Ермегияв ісі туралы ел аузында алып-қашпа әңгіме көп. Сондықтан болар, «соңғы сөзінде» ЭКСПО-ның экс-төрағасы біраз дүниенің бетін ашады деп күткендер аз болмаған. Иә, Ермегияевке сөз берілді. Ол өз пікірін айтты. Бірақ басылым беттерінде «соңғы сөздің» толық нұсқасы жарияланбай, үзіп-жұлып қана беріліп жүр. Бұл – оқырман көңілінде «Ермегияев не айтты?» , «Ол шынымен кінәлі ме, әлде саяси ойындардың құрбаны ма?» деген сауалды күшейткен. Себебі қаралау көп, ақтау аз. Оның үстіне жемқорлық бабымен істі болған өзге шенділерден Т.Ермегияевтің бір айырмашылығы, беттің арын белбеуге түйіп қойып, президенттен кешірім сұрап, бостандыққа шығуға талпынбады. «Мен тазамын» дегенінен танбай келеді. Осының бәрін ескере отырып, оның «соңғы сөзін» оқырманға толық жеткізуді жөн санадық.

AZATTYQ.ORG. "Назарбаев ҰҚК басшысымен Ақтөбедегі жағдай туралы сөйлесті" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) төрағасы Владимир Жұмақановпен кездесіп, Ақтөбедегі жағдайды талқылады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Ресми ақпаратқа қарағанда, Жұмақанов кездесуде Назарбаевқа Ақтөбедегі террорға қарсы операцияның аралық есебі туралы баяндаған. Жұмақанов қазірге дейін 13 күдіктінің көзі жойылып, 14-і жараланғанын, қазір алты адам іздестіріліп жатқанын айтқан. Жұмақанов сонымен қатар бүгін таңертеңгі сағат 8 шамасында пионерлер лагерінің күзетіне ақ түсті Lada көлігінен тегіс ұңғылы қарудан "оқ атқанын" хабарлаған.

"Шабуыл шошытқан қаланың кейпі" - Ақтөбедегі шабуылға байланысты айыпталып, іздеу салынған азаматтардың басым бөлігін жергілікті дін істері өкілдері «радикалдық исламды ұстанушылар» деп сипаттайды. Азаттық тілшісі оқиға куәгерлерімен әңгімелесті.

"«Мемлекеттік төңкеріске әрекеттің» астары қандай?" - AzattyqLIVE бүгінгі хабарында Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеген «мемлекеттік билікті басып алу әрекеті» туралы мәселені талқылайды. Студия қонағы - саясаткер Әміржан Қосановқа сауалдарыңызды жолдаңыздар.

DALANEWS.KZ. "Жуас қасқыр бола ма? Немесе момақан сәләфизм!" - Ақтөбеде орын алған террорлық акт кезінде содырлардың қолынан қаза болған азаматтарымыздың отбасына қайғыра көңіл айтамыз. Мәселе өте күрделі. Діни ахуал асқынып тұр. Сәләфизмді тек ағартушылық жолмен жою мүмкін емес. Мен бұл ойымды талай рет БАҚ беттерінде де, еліміздегі осы саладағы жауапты мекеме басшыларына да ашық айтқан болатынмын. Егер тек ағартушылық жолмен жою мүмкін болғанда небір аты әйгілі ғұламаларға толы Мысырда сәләфизм деген мүлдем болмас еді.

"Педиатрлар қайда жоғалды?" - Бұл мәселені қозғамай-ақ, тыныш жатсам болар еді. Менің жасыма жеткен әріптестерімнің көпшілігі «үндемесең, үйдей пәледен құтыласың» деген тәсілді жақсы пайдаланады. Бірақ қазақ медицинасындағы кемшіліктерді көргенде орнымда отыра алмаймын. Медициналық оқу орындарында педиатриялық факультеттер жабылғалы отандық медицинаның жалпы жағдайы құлдырап кетті.

QAMSHY.KZ. "Біздегі салафиттердің қаржыны қайдан алатынын мұқият тексеру қажет" - Әлемдік сарапшылар 2017 жылы Орта Азияда ДАИШ лаңкестік ұйымының ұяшықтарының жанданатынын айтқалы біраз болды. Әсіресе, оларды іштей қолдап, тілектес болып келе жатқан (алды тіпті Сирияға кетті) уаххабизм астауынан жем жейтін неосалафизм Қазақстанда гүлденіп тұр. Олардың тәкпіршілері осындай қанқұйлы әрекетін жасап жатса, матхалиттері биліктің түрлі бұтақтарында сайрап, журналист, блогер, ақын, т.б жұмыс жүргізіп кешегі қырғын жасаушыларға іштен тілеулестігін білдіріп отыр.

KORRESPONDENT.KZ. "«Бізде кедейлер аз» дегеннен кедейлер азайып қалмайды" - Әлемдегі 7 млрд адамның 900 миллионы кедейлік шегінде өмір сүреді дейді мәліметтер. Сол кедей дегеніміз кім? Бүгінде ол ең төменгі күнкөріс деңгейінен де аз табыс табатын адам. Дүниежүзілік банк адамның күнделікті қолдануы үшін қолында 1,9 доллары (640 теңге) болмаса, ол адам кедей деп есептейді.

TURKYSTAN.KZ. "Дәурені ұзаққа бармаған Давутоғлұ" - Түркиядағы саяси ахуал ушығып тұрған кезде билік басындағы Әділет және даму партиясының арасына жік түсті. 2014 жылы президент Ердоғанның қалауымен Үкімет басына келген премьер Ахмет Давутоғлұ өз еркімен отставкаға кетті. Конституцияға өзгерістер енгізуге тырысатын Ердоғанның елдегі саяси режимге қатысты өз көздегені бар.

KAZAKHSTANZAMAN.KZ. "Үш тілділік министрліктің кезекті экспериментіне айналмауы тиіс!" - Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке жолдаған депутаттық сауалында еліміздегі үш тілді білім жүйесіне көшуге байланысты өз пікірін айта келе: «Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Қазақстан бойынша 7500-дей орта мектепте оқып жатқан 2 млн. 600 мың оқушыға ұсынылған жоба, іргелі саланың болашағы жайлы әңгіме тудыруы заңдылық.
Білім саласын жетілдіру, дамыту тек бір ғана министрліктің міндеті емес, ол — мемлекет пен ұлт үшін маңызы зор өзекті мәселе. Өйткені мектеп — қоғамның да, ұлттың да тағдырында айрықша рөл ойнайтын маңызды құрылым. Сондықтан бұл мәселеге әр отбасының алаңдап, қоғамның назарын бұруы орынды», — деген болатын. Сенатордың ұлт үшін маңызы зор пайымын саралай отырып, депутаттық сауалда көтерілген мәселелер төңірегінде әңгімелесуді жөн көрдік.

"Әлемге оффшордағы 40 трлн. доллардың 1-ақ пайызы жетер еді" - Тоғыз жыл қатарынан өтіп келе жатқан Астана экономикалық форумы бұл жолы да өзінің бағытынан жаңылмай, әлем марқасқалары алдына жаһандық проблемаларды жайып салды. Әлемнің бизнес элитасының серкелері, экономиканың жілігін шағып, майын ішкен сарапшылар, талай ғаламатты ойлап тапқан ғалымдар да осында ой бөлісті. Ұзын саны 3 мыңнан астам адам қатысқан алқалы жиында мұнайға қатысты көзқарастар, шикізат тапшылығы, әлемдік дағдарыстың түп-тамыры қайда жатқаны, кедейлік шегі, өзге де көкейкесті проблемалар талқыға салынды. Жыл санап әлемдік дамудың кіндігі Еуразия құрлығына қарай жылжып келе жатқаны кең көлемде әңгімеге арқау болды. Оның ішінде Орта Азияның алар орны ерекше екені басты назарға алынды. «Қарт құрлық пен Қытай елінің арасындағы Қазақ сахарасы — мүмкіндіктер мекені» деген байлам жасалды. Талқы таразысына түскен тақырып: «Жаңа экономикалық шындық: әртараптандыру, инновациялар және білім мен экономика». Әйгілі «Алибаба групп» компаниясының жетекшісі Джек Ма, «Нью-Йорк Таймс» «әлемдегі ең салмақты экономист» деп атаған Джэффри Сакс секілді серкелер де форумның беделін көтеріп, алшаң басып жүрді.

EGEMEN.KZ. "Еріккен еуропалықтың «экотуризмі» бар болсын…" - Қарағанды облысында туризмді дамытуға мүмкіндік зор. Соған, әттең, Арқа төсінде жылы маусымның қысқа болатыны, сосын тағы ойдым-ойдым жолдар, қымбатшылық пен керекті инфрақұрылымның жетіспеушілігі ғана қолбайлау. Десек те, мұның бәрі – амалын тауып шешуге болатын мәселелер.

"«Жұлдыздар» да салықтан сытылмайды" - Қазіргі уақытта салық төлеушілер мен бизнес өкілдеріне жасалып жатқан жеңілдіктер мен кепілдіктер сан алуан. Бизнесті жүргізуге және салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін үстіміздегі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Салық кодексіне, сонымен қатар, мүлікті жариялауға байланысты заңға да өзгерістер енгізіліп, оның мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылды. Соның нәтижесінде қаншама субъектілер төленбеген салық жауапкершілігінен босатылып, жылжымайтын мүліктерін заңдастыратын құқыққа ие болды.

ABAI.KZ. "Ел елбасын күтіп отыр..." - Бірлігі жарасқан бейбіт елімізде бесіктегі сәби шошып оянатындай шетін оқиға болды. Бұрын «теракт» деген қорқынышты сөзді тек алыстан еститін едік. «Бұл сұмдықтың іргесі бізден аулақ», «бұндай пәлекет біздің елге жуымайды» деп білуші едік. Алайда, 2011-2012 жылдары Атырауда, Ақтөбеде, Таразда, Алматының Боралдай ауылында «содырлар» аталып жүрген әлдекімдер сойқан шығарып, ақыры тыным тапқандай еді. Енді міне, Ақтөбеден тағы да мылтықтың үні естілді.

AIKYN.KZ. "Құнары мол тіліміз бар..." - Ресей қанша дағдарыста отырса да орыс тілі мәселесіне келгенде жанын салады. Жыл сайын орыс тілін өркендету үшін ондаған миллиард рубльді бюд­жеттен бөліп жатады. Неге? Шынтуай­тында, орыс тілі – онсыз да әлемдегі 100 миллионнан астам адам сөйлейтін сегіз тілдің бірі. Сонда да Кремльді тіл мә­селесі толғандырады. Тілге байланысты шараларды қолға алдырады. Мәскеу тілдік саясатта әлі де ТМД аумағында орыс тілінің азулы екенін һәм оны тағдырдың талқысына тәлкек етіп тастай алмайтынын, керісінше, қорғап, көкке көтеретінін байқатуда. Ал біз ше?

NEWSKAZ.KZ. "Сарапшы: ТМД елдерінің талапкерлері "қолжетімді классиканы" таңдайды" - ТМД елдерінің талапкерлері классикалық іргелі білім беруді бағалай ма? Олардың таңдауы ЖОО-ға, факультетке немесе мамандыққа, аймақтағы экономикалық жағдайға байланысты ма? Осы және басқа да сұрақтарға Плеханов атындағы РЭУ ұйымдастыру-визалық бөлімінің басшысы Анна Крюкова жауап береді.

KAZ.365INFO.KZ. "21-мамырдағы митингтің артында АҚШ, Ақтөбедегі атыстың артында Ресей тұр ма?" - Маусымның басында Қазақстан өте күрделі және қиын жағдайға тап болды. Еліміз бұрын-соңды мұндай ауқымды шабуылды басынан өткерген емес. Ақтөбедегі лаңкестік әрекеттер төбеге жәй түскендей әсер етті. Осы кезде, «жығылғанға жұдырық болған» шымкенттік бизнесмен Тоқтар Төлешов туралы ақпарат пайда болды.

"«Қазақстанды азат ету армиясы» деген не, оны ойлап тапқан кім?" - 2016 жылғы 5 және 6-маусымда Ақтөбеде орын алған қайғылы оқиға — өзіңе тегін пиар жасаудың таптырмас амалы. Интернетке аз да болса, шындыққа жанасатын ақпарат салсаң, жетіп жатыр — аз уақытта елге танымал болып шығасың.

8 маусым 2016, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.